Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмеген
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы үкімімен: Б. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 28-бабының 5-бөлігі, 125-бабының 1-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталған. Сот үкімімен Б. адамды ұрлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Бас Прокурор наразылығында сот тергеуінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 24-бабының талаптары бұзылып өткізілгенін, сотталған Б.-ның адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдiк ниетпен жәбірленуші А.-ны ұрлауға көмектескені Т. мен Д.-ның сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген айғақтарымен және басқа дәлелдемелермен толық дәлелденетінін, сондай-ақ Б.-ның сотқа адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлауға көмектескені үшін берілгенін, сондықтан жәбірленушіні ұрлаумен ұштасқан құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық құқық бұзушылықтарын жасауға Б.-ның қатыспағаны жөніндегі сот тұжырымдарының істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, қылмыстық істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жолдауды сұраған. Алайда, Бас Прокурор наразылықта қылмыстық істі апелляциялық сатыға жаңадан сот қарауына жолдауды сұрай отырып, бірақ сотқа істі жаңадан қарау кезінде зерделенуге жататын негіздерді көрсетпеген.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмеген
Осыған байланысты сот алқасы қылмыстық істі апелляциялық сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберу қажет емес деп есептейді. Себебі оған Бас Прокурордың Б.-ға қатысты сот актілерінің оның әрекеттерін саралау бөлігімен келіспеу жөніндегі наразылықтың уәждері негізді болып табылады. Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, Б. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігімен, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдiк ниетпен жәбірленуші А.-ны ұрлауға көмектескені үшін сотқа берілген. Бірінші сатыдағы сот сотталғандар Т. мен Д.-ның айғақтарынан Б.-ның жәбірленушіні ұрлауға алдын-ала сөз байласпағаны, оған қатысты мәліметтер, нұсқаулар беру арқылы соңғыны тек ұрлауға көмектескені туралы қорытынды жасап, сотталған Б.-ның әрекеттерін ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 125-бабы 1-бөлігімен саралаған. Бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымымен апелляциялық сатыдағы сот келіскен. Алайда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың бұл тұжырымы іс материалдарына және сотта анықталған мән-жайларға сәйкес келмейді. «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысының 3-тармағына сай кінәлі адамдардың әрекеттерін «топ болып алдын ала сөз байласып» қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет. Қылмысты жасау үшін екі немесе одан да көп адамның жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсысының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда «топ болып алдын ала сөз байласып» қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылыққа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті. Аталған нормативтік қаулыға сәйкес ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты орындаушылар болған жағдайларды қоспағанда, Қылмыстық кодексінің 28-бабына сілтеме жасалып, осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаны көздейтін Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша туындайды. ҚПК-нің 125-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбiр дәлелдеме – оның қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмеген
Сотталған Б.-ның адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдiк ниетпен жәбірленуші А.-ны ұрлауға көмектескені сотталған Д.-ның сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген айғақтарымен дәлелденген. Сотталған Д. сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде куә ретінде берген айғақтарында Б. оны Т.-мен таныстырып, оның айтуымен Ақтау қаласына келіп, әуежайдан Т.-ны күтіп алған. Кездесу барысында Т. оған баласының өліміне А.-ның қатысы бар екенін айтып, онымен кездестірген жағдайда 4 000 000 теңге қаражат беретініне уәделескен. Ол Б. мен Т.-ны А.-мен кездестіру үшін Жаңаөзен қаласына баратынын, онда Т. оған 1 500 000 теңге беретінін, олардың кездесуі үй ішінде болатынын айтқан. Сол кезде Б. олардың арасына кірісіп, кездесудің үй ішінде болатынына үзілді-кесілді қарсы болған. Ақыры Т. Б.-ның қарсы пікірімен келіскен. Ол А.-ны бесінші көшенің бойына жеткізіп, келісілген 1 500 000 теңгені сұраған кезде, Т. ол ақшаны Б.-дан алатыны туралы, кейін ол Б.-дан ақшаны сұраған кезде, соңғы ақша туралы ештеңе білмейтінін, ол жөнінде кейін сөйлесетінін айтқан. Ал келесі күні оның қойылған сауалына Б. А.-ны өлтіргендері туралы айтқан. Сонымен қатар, сотталғанның кінәсі К.-нің куә ретінде берген айғақтарымен, куә Д. мен күдікті Т.-ның, куәлар Д. мен К.-нің арасындағы беттестіру, Т.-ның айғақтарды оқиға орнында тексеру және нақтылау хаттамаларымен, күдікті Х.-ның қосымша айғақтарымен, күдіктілер А. мен Д.-ның айғақтарымен толық дәлелденген. Алайда, басты сот талқылауында Д. мен Т. сотқа дейінгі тергептексеру кезінде берген айғақтарын өзгерткен. Төменгі сатыдағы соттар сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Д. мен Т.-ға полиция қызметкерлерінің қысымшылық көрсеткені туралы анықталмағанына, тергеу әрекеттерінің қорғаушының қатысуымен жүргізілуіне байланысты, олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген айғақтарын айыптау үкімінің негізіне дұрыс алған. Бұл аталған айғақтар және жоғарыда көрсетілген дәлелдемелердің жиынтығы Б.-ның адамды ұрлауға көмектескенін емес, керісінше оның адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдiк ниетпен жәбірленушіні ұрлауға көмектескенін нақты дәлелдейді.
Сондықтан бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың Б.-ның тек адамды ұрлауға көмектескені жөніндегі тұжырымдары негізсіз болып табылады. Бұдан басқа, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылғы 11 тамыздағы үкімімен жәбірленуші А.-ны ұрлау фактісі бойынша Д. ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігінің 1), 8) тармақтарымен, Т. ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен және басқалары сотталған. Істің мұндай тұрғысында, бірінші сатыдағы сот сотталғанның әрекеттерін дұрыс сараламаған, яғни қылмыстық және қылмыстықпроцестік заңдарын дұрыс қолданылмағандықтан, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұл іс бойынша сот актілері өзгертіліп, Б.-ның әрекеттері ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігімен саралануға жатады деген қорыт Сонымен қатар бірінші сатыдағы сот Б.-ға жаза тағайындағанда оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағанын және қанағаттанарлықтай мінездемесін ескеріп, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларды анықтамаған. ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 3) тармағында жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мәнжайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы ҚК-нің Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшерінің аса ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен асыруға болмайды делінген. ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігі он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Б.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, оның әрекеттері ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 125-бабының 1-бөлігінен ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігіне қайта сараланып, осы баппен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмеген
330 рет жүктеп алынды -
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмеген
285 рет жүктеп алынды