Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқан

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқан

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқан

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотының 2017 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Қ. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 106-бабының 3-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген. Сотталған Қ.-дан мемлекет пайдасына 110 299 теңге 51 тиын процестік шығын өндірілген. Сот үкімімен Қ. көрінеу кәмелетке толмаған Х.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда оның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған Қ.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылған «қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтіру» белгісі сот үкімінен алынып тасталған. Сотталған Қ.-ның кінәсі басты сот талқылауында жәбірленушінің заңды өкілі Ш.-ның, куәлар Ғ., Т., Е., Н., А.-лардың, сарапшы М.-ның жауаптарымен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденген. Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысына сәйкес Х.-ның өлімі оң жақ бас ми жарты шарлары қабаттарының астына, бас ми тініне қан құйылу салдарынан бас миының ісінуі мен қысылуына алып келген бастың тұйық жарақатынан болған. Оның денесінде 3 сызат, 51 көгерулер, еріндерінің сілекейлі қабығында 2 қанталау және 2 соғылған жарақат бары анықталған. Іс материалдарынан сотталғанның жәбірленушіні абайсызда қазаға ұшыратқаны бекімейді, керісінше ол жәбірленушінің басынан қасақана ұрып-соғып, ауыр зиян келтіріп, осының салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыстық әрекеттерді жасаған. Өйткені сот отырысында зерттелген дәлелдемелердің жиынтығы сотталған Қ.-ның жәбірленушінің басы мен денесінен ұрып-соққанда өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынғаны, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін алдын ала болжап білгені, алайда өлімнің орын алуын қаламаса да оған саналы түрде жол бергені жөнінде тұжырымдама жасауға сот алқасына негіз болды.

 

Осы негіздерде сотталғанның қылмыстық әрекетін ҚК-нің 104-бабымен саралауға негіздер жоқ. Сотталған Қ.-ның қылмыстық әрекеті ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен дұрыс сараланған. Алайда сот сотталған Қ.-ға жаза тағайындаған кезде қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған. ҚК-нің 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес жаза тағайындағанда адамның жеке басына және мiнез-құлқына байланысты деректермен қатар жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес, сот талқылауының шегі айыптау актісін жасау кезінде тұжырымдалып тағылған айыппен шектеледі. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мәнжайлар айыптың мазмұнына енгізіледі. Сондықтан, сот айыптау актісінде көрсетілмеген, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың бар болуын үкімде белгілеп көрсетсе, ол КПК-нің 340-бабының талаптарына сәйкес сотталушының жағдайын ауырлатады және сот талқылуының шегін бұзу болып табылады. Іс бойынша анықталғандай, бірінші сатыдағы сот Қ.-ға жаза тағайындағанда, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін жартылай мойындап, шын ниетпен өкінуін ескерген. Сонымен қатар сот Қ.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардап келтіргенін, жәбірленушіге аса қатыгездiкпен, қорлаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын таныған. Бұл ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.

Сот басты сот талқылауының шегінен шығып, аталған мән-жайларды сотталғанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде таныған. Бұдан басқа, қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптың келтірілгені Қ. кінәлі деп танылған қылмыс құрамының объективтік жағы болып табылады, сондықтан ол сотталғанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылуға жатпайды. Осы негізде апелляциялық сот алқасы сотталғанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайды дұрыс алып тастай отырып, «аса қатыгездiкпен, қорлаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау» белгісін сот үкімінде өзгеріссіз қалдырған. Бұл қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай да айыптау актісінде көрсетілмегендіктен, аталған белгі де сот үкімінен алынып тастауға жатады. Көрсетілген жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың негізсіз танылуы Қ.-ға қылмыстық заңның талаптарын ескеріп, жеңілдетілген мән-жайлардың жиынтығында әділ жаза тағайындауға әсерін тигізген. ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімін немесе мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екісінен асыруға болмайды.  Қ.-ның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы ауыр қылмыс санатына жатады және ол кінәлі деп танылған ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінің санкциясында сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағын қолданып, сотталған Қ.-ға тағайындалған жаза мерзімі 8 жылдан аспауы тиіс деп есептейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Қ.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, сот үкімінен сотталған Қ.-ға қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай – «аса қатыгездiкпен, қорлаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау» белгісін алып тастап, сотталған Қ.-ға ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен тағайындалған жаза мерзімі ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағын қолдану арқылы 8 жылға дейін төмендетіп, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді тағайындады.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

57-бап. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

57-бап. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңСыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұ...

Толық оқу »

Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәсел...

Толық оқу »

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезiнде сот әрб...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайды

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайдыҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ма...

Толық оқу »

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесі

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесіБатыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотының 2016 жылғы 23 мамырдағы үкімімен бұрын соттал...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кінәні шын жүректен мойындау, жасаған ісіне өкіну

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кінәні шын жүректен мойындау, жасаған ісіне өкінуЖаза тағайындау статистикалық деректерді талдау соттар негізінен сотталған...

Толық оқу »

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларМаңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау🔷 ҚР ҚК 52-бабы: Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары🟩 1. Жалпы сипаттамаҚазақстан Республикасы Қы...

Толық оқу »

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан ке...

Толық оқу »

82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңКәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, осы Кодекстiң 52-бабында...

Толық оқу »

80-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағанына жаза тағайындау

80-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағанына жаза тағайындау 1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде, осы Кодекс...

Толық оқу »

Жаза тағайындау ауырлататын жағдайды негізсіз мойындау әділ жаза тағайындауға әсер етті

Жаза тағайындау ауырлататын жағдайды негізсіз мойындау әділ жаза тағайындауға әсер еттіАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жыл...

Толық оқу »

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді негізсіз тағайындаған, осыған байланысты сот актілері өзгертілген

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркі...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушыға жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды дұрыс ескермеген

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушыға жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды дұрыс ескермегенШымкент қаласы Қаратау аудандық с...

Толық оқу »

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталмаған қылмысы үшін жаза тағайындау

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталмаған қылмысы үшін жаза тағайындау 1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде қылмыстың...

Толық оқу »

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелді

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелдіАқмола облысының қылмыстық істер жөнінд...

Толық оқу »

58-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау

58-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Қылмыстар жиынтығында сот әр қылмыс үшін жазаны (негізгі...

Толық оқу »

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жа...

Толық оқу »

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде мән-жайлардың себебiнен қы...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

Толық оқу »

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс тағайындамаған

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс таға...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысумен жасағаны үшін жаза тағайындау

Қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысумен жасағаны үшін жаза тағайындау🔷 Баптың жалпы сипаттамасыҚР ҚК-нің 57-бабы қылмыстық құқық бұзушылық сыбайлас қатысумен, яғни екі...

Толық оқу »