Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 4 қарашадағы үкімімен Е. бұрын сотталмаған, ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 1), 2), 8), 12) тармақтарымен мүлкі тәркіленіпп, 8 жылға бас бостандығынан айыруға, 24-бабы 3-бөлігі, 135-бабы 2-бөлігі 1), 2), 12) тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігі негізінде қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Сотталғандар Е., К., П., С.-лардан ортақ түрде мемлекеттің пайдасына 350 686 теңге мөлшерінде процестік шығындар өндірілген. Осы үкіммен сотталған К., С., П.-ларға қатысты сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау жөнінде өтінішхат келтірілмеген. Сот үкімімен Е. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өзінің қызмет бабын бірнеше рет пайдалана отырып, оған дәрменсіз күйде екені белгілі көрінеу кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасағаны және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Е.-нің бұл қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудағы кінәсі, оның өзінің, сотталғандар К., С., П.-лардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген жауаптарымен, жәбірленушілердің өкілі И.-дің, куәлар Э., Ғ, Р., Б., М., Ч., .Ж., Ш., Д. жауаптарымен, іс бойынша жүргізілген өзге де тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және басқа деректермен толық дәлелденген. Е.-нің өтінішхатындағы У.-ға қатысты эпизод бойынша оның іс-әрекетін ҚК-нің 137-бабы 2-бөлігімен саралау жөніндегі уәжі негізсіз болып табылады.

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

ҚК-нің аталған бабы бойынша қылмыс субъектісі ретінде баланы асырап алушылар, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге берген тұлғалар көрсетілген, ал Е. болса бұл субъектілердің қатарына кірмейді. Қызмет бабын пайдаланып, баланы патронаттық тәрбиешіге сот арқылы бермей, онымен келісім-шартқа отырмай, баланың ата-анасының болуына қарамастан оны патронаттық тәрбиешіге беру түріндегі іс-әрекеттер және 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмаған баланы қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) беруге байланысты іс-әрекеттер ҚК-нің 137-бабы 2-бөлігінің диспозициясында көрсетілген заңсыз іс-әрекеттерге жатады. Аталған қылмыстық іс бойынша Е. қасындағы сыбайластарымен бірге баланы сатып алушыларды іздеген. Сондықтан Е.-нің қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 1), 2), 8), 12) тармақтарымен, 24-бабы 3-бөлігі, 135-бабы 2-бөлігі 1), 2), 12) тармақтарымен дұрыс сараланған. Алайда, сот Е.-ге жаза тағайындау барысында қылмыстық заңның талаптарын дұрыс қолданбаған. ҚК-нің 52-бабы 3-бөлігіне сәйкес жаза тағайындағанда адамның жеке басына және мiнез-құлқына байланысты деректермен қатар жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерілуі тиіс. Бірінші сатыдағы сот Е.-ге жаза тағайындағанда, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде отбасы және денсаулық жағдайын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескерген. Ал, Е.-нің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсенді рөл атқаруын және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау арқылы ауыр зардаптар келтіргенін таныған. Алайда, сот Е.-нің айрықша белсендi рөл атқарғанына сілтеме жасағанымен, сотталғанның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде оның неден көрініс тапқанын үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде көрсетпеген. Сондай-ақ, сот Е.-нің қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау арқылы ауыр зардаптар келтіргенін көрсетіп, сотталғанның әрекеттері нәтижесінде нақты қандай зардаптардың орын алғанын үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде негіздемеген. Басты сот талқылауында және іс материалдарынан сотталғанның іс-әрекеттерінен ешқандай ауыр зардаптың келтірілмегені анықталған. Сондықтан Е.-нің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлары алынып тасталуға жатады. ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімін немесе мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екісінен асыруға болмайды.

Е.-нің жасаған іс-әрекетіндегі қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыстар санатына жатады. ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінің санкциясында жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осыған байланысты ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігі 2) тармағының талаптарын ескере отырып, Е.-ге ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі 6 жыл 8 айдан аспауы тиіс. ҚК-нің 56-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмiн немесе мөлшерiн ҚК-нің Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында аяқталған қылмыс үшiн көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрiнің ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшінен асыруға болмайды. Сол себепті Е.-ге ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 135-бабы 2-бөлігімен тағайындалған жаза ҚК-нің 56-бабы 3-бөлігінің, 55-бабы 2-бөлігі 2) тармағының талаптарын қолданумен белгіленуі тиіс. Яғни көрсетілген бап бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі 5 жылдан аспауы қажет. № 4 «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы нормативтік қаулысының 20-тармағына сәйкес тәркілеуге жататын мүлік үкімнің қарар бөлігінде анық көрсетілуі тиіс және тәркілеу сотталғанның және (немесе) үшінші тұлғалардың меншігінде тұрған, заңсыз тәсілмен табылған не заңсыз тәсілмен табылған қаражатқа сатылып алынған мүлікке ғана қолданылуы мүмкін екендігі көрсетілген. Аталған қылмыстық іс бойынша Е.-нің жеке меншігінде заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатылып алынған мүлік бар екендігі туралы ешбір деректер жоқ, сондай-ақ, іс құжаттарында сот орындаушының Е.-нің меншігінде ешқандай мүліктің болмауына байланысты оған қатысты атқару өндірісін тоқтату туралы қаулысы тіркелген.  Сондықтан Е.-ге тағайындалған мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза алынып тасталуға жатады. Сот алқасы жоғарыда көрсетілген заң талаптарын басшылыққа алып, Е.-нің жұмыс орнынан алған мақтау грамоталарын, жазасын өтеу орнынан, бірге жұмыс жасаған қызметкерлерінен, көршілерінен түскен жағымды мінездемелерін, оның жасының ұлғайғандығын (жасы 57-де), денсаулығын ескеріп, сотталған Е.-ге тағайындалған жаза мерзімі төмендетілуге жатады деген қорытындыға келді. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Е.-ге қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертті. Яғни, Е.-ге қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мәнжайлар: ауыр зардап және айрықша белсенді рөлі алып тасталып, ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің негізінде ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі 4 жыл 6 айға дейін төмендетілді. Ал, ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 135-бабы 2-бөлігімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі ҚК-нің 56, 55-баптарының негізінде 4 жылға дейін төмендетіліп, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің негізінде жазалардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы Е.-ге түпкілікті 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот актілерінің қосымша жаза мүлкін тәркілеу бөлігінің күші жойылып, қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Е.-нің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

57-бап. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

57-бап. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңСыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұ...

Толық оқу »

Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәсел...

Толық оқу »

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезiнде сот әрб...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайды

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайдыҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ма...

Толық оқу »

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесі

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесіБатыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотының 2016 жылғы 23 мамырдағы үкімімен бұрын соттал...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кінәні шын жүректен мойындау, жасаған ісіне өкіну

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кінәні шын жүректен мойындау, жасаған ісіне өкінуЖаза тағайындау статистикалық деректерді талдау соттар негізінен сотталған...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқан

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқанМаңғ...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау🔷 ҚР ҚК 52-бабы: Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары🟩 1. Жалпы сипаттамаҚазақстан Республикасы Қы...

Толық оқу »

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан ке...

Толық оқу »

82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңКәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, осы Кодекстiң 52-бабында...

Толық оқу »

80-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағанына жаза тағайындау

80-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағанына жаза тағайындау 1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде, осы Кодекс...

Толық оқу »

Жаза тағайындау ауырлататын жағдайды негізсіз мойындау әділ жаза тағайындауға әсер етті

Жаза тағайындау ауырлататын жағдайды негізсіз мойындау әділ жаза тағайындауға әсер еттіАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жыл...

Толық оқу »

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді негізсіз тағайындаған, осыған байланысты сот актілері өзгертілген

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркі...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушыға жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды дұрыс ескермеген

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушыға жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды дұрыс ескермегенШымкент қаласы Қаратау аудандық с...

Толық оқу »

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталмаған қылмысы үшін жаза тағайындау

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталмаған қылмысы үшін жаза тағайындау 1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде қылмыстың...

Толық оқу »

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелді

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелдіАқмола облысының қылмыстық істер жөнінд...

Толық оқу »

58-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау

58-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Қылмыстар жиынтығында сот әр қылмыс үшін жазаны (негізгі...

Толық оқу »

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жа...

Толық оқу »

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде мән-жайлардың себебiнен қы...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

Толық оқу »

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс тағайындамаған

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс таға...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысумен жасағаны үшін жаза тағайындау

Қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысумен жасағаны үшін жаза тағайындау🔷 Баптың жалпы сипаттамасыҚР ҚК-нің 57-бабы қылмыстық құқық бұзушылық сыбайлас қатысумен, яғни екі...

Толық оқу »