Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық соттың нормативтік қаулылары / Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Соттардың сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы заңды қолдану практикасының қорытындыларын талқылай келіп, оны дұрыс қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Соттарға адамды ауруға шалдығуына байланысты оны жазасын одан әрі өтеуден босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің K970167_ (әрі қарай - ҚК) 75-бабында көрсетілген жағдайларда: 

       жазасын өтеу кезінде өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған; 

      өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, адам жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқасқа ұшыраған жағдайларда мүмкін екені түсіндірілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Психикасы бұзылған адам қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына, жазаның түрі мен оның өтелу мерзіміне және адамның түзелуіне қарамастан жазаны өтеуден міндетті түрде босатылуға жатады.

       Жазадан босатылған психикасы бұзылған адамға ҚК-нің 91-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сай осы кодекстің 93-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

       Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады. 

      Сот мәжбүрлеу шараларының түрлерін, жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, ауруға шалдыққан адамның психикалық бұзылуының сипаты мен мөлшерін, психикасының бұзылуының қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндіктерін, оның емделуді қажет етуін ескере отырып, дәрігер-психиатрдың қорытындысының негізінде таңдап алады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Өзге де науқастан зардап шеккен адамды сот, егер дәрігерлік комиссия анықтаған оның науқасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесіне (бұдан әрі – Аурулар тізбесі) кірген жағдайда ғана, ҚК-нің 75-бабының екінші бөлігіне сәйкес жазаны өтеуден босатады.

      Сотталған адамның ауыр науқасқа шалдығуы арнайы медициналық комиссияның қорытындысымен анықталады, бұл қорытынды науқастанған адам ауруының өзгерісін мұқият тексеріп, қолданылған емнің нәтиже бермейтіні анықталғаннан кейін беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.      4. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жазаны өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқаспен ауыратын адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкін немесе жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруы мүмкін.

       Егер жазаның сипаты сотталған адамға жазаның неғұрлым жеңіл түрін өтеуге кедергі келтірмесе, мұндай ауыстыру болуы мүмкін (ҚК-нің 40-бабында көрсетілген түрлерге сәйкес).

      Осы ретте жасалған қылмыстың ауырлығын, жазаның өтелген мерзімін, сотталған адамның денсаулық жағдайын, оның жеке басын сипаттайтын деректерді, оның түзелу дәрежесін және сырқаттың тағайындалған жазаны өтеуге қандай мөлшерде кедергі келтіретінін ескеру қажет. Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде соттаумен ауыстыруға не оны қысқартуға жол берілмейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің Z970208_ (бұдан әрі - ҚАК) 162-бабының бесінші және алтыншы бөліктеріне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 478-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы мәселе сотталған адамның өтінішхаты бойынша не жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қаралады.

      Жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігінің ұсынысында сотталған адам туралы мәліметтер, оның науқасының сипаты туралы, ал өзге ауыр науқастан зардап шегетін сотталған адамға қатысты, сондай-ақ оның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығы туралы, оның жеке басы туралы, жазаны өтеу кезіндегі тәртібі туралы мәліметтер болуға тиіс.

       Әкімшіліктің жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысына (сотталған адамның өтінішіне) сот шешім қабылдау үшін негіз болатын құжаттар: дәрігерлік қорытынды, үкімнің көшірмесінен үзінді, аурулар Тізбесінен көшірме, сондай-ақ жазаның нақтылы өтелген мерзімін айғақтайтын, сотталған адамның жазаны өтеу кезіндегі тәртібі туралы құжаттар және басқа да сипаттаушы мәліметтер қоса тіркелуге тиіс. 

      Әкімшіліктің ұсынысымен (сотталған адамның өтінішімен) бірге сотқа сот отырысында зерттеуді қажет ететін сотталған адамның жеке ісі де жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6-1. Сотталған адамның Аурулар тізбесінде көрсетілген жазаны өтеуден босатуға негіз болатын ауруға шалдыққанының анықтығын тексеру үшін жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы сотталған адамды емдеу-алдын алу мекемесінің дәрігерлік-бақылау комиссиясының шешімімен Арнайы медициналық комиссияға (бұдан әрі - АМК) жіберетінін соттар назарға алғандары жөн.

       Сотталған адамды куәландыру және қорытынды беру тәртібін АМК ҚАК-тің 162-бабына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. Қаулы 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Жазасын қоғамдық жұмысқа тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру түрінде өтеп жүрген сотталған адамды бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп тану, ҚАК-тың Z970208_ 162-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуден босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ауруға шалдығуына байланысты сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуден босатудан соттың бас тартуы, осы мәселені әкімшіліктің ұсынысы немесе сотталған адамның өтініші қайталанып берілген жағдайда қарау үшін кедергі болып табылмайды.

      Сот ауруға шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босатпаған сотталғанның денсаулық жағдайы нашарлап, бұл жазасын өтеуге кедергі келтіретін жағдайда, соттың бас тарту туралы қаулыны шығарған уақытына қарамастан, тиісті дәрігерлік қорытындының негізінде материалдар сотқа қайтадан жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сот отырысында, жазаны одан әрі өтеуден босатуға жатпайтын сотталған адамның жазадан орынсыз босатылып кетуіне жол бермеу мақсатында, дәрігерлік қорытындының негізділігі, стационардағы емдеудің нәтижелері мұқият тексерілуі тиіс.

       Дәрігерлік қорытындыда сотталған адамның сот үкімі бойынша қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі психикалық жай-күйі, сондай-ақ психиканың бұзылуының сипаты мен мөлшері, бойынан ауру анықталған сотталған адамның өзіне және басқа адамдарға қаншалықты қауіп тудыратыны, оның өзге де елеулі зиян келтіру қабілетінің бар-жоғы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды және қандай шараларды қолдануды қажет ететіні; сотталған адамның ауруының сипаты мен ауырлығына қарай, ҚПК-нің 478-бабының алтыншы бөлігінде қамтылған өзінің құқықтарын жүзеге асыра алатыны не асыра алмайтыны көрсетілуге тиіс. 

       Дәрігерлік қорытындыда өзге де ауыр науқастан зардап шегуші сотталған адамға қатысты науқастың сипаты, жүргізілген ем, стационарда емдеудің оңды нәтижелер бермегені, науқастың асқынып, ырықтан шығып кетіп, жазаны одан әрі өтеуге кедергі келтіретіні көрсетілуге тиіс. 

      Егер дәрігерлік қорытындының негізділігіне күмән туған жағдайда, сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы мәселені ҚПК-нің 477, 478-баптарында көрсетілген тәртіппен үкім орындалып жатқан жердегі аудандық және оған теңестірілген сот шешеді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  1. Егер әкімшіліктің ұсынысында және дәрігерлік қорытындыда, жазасын өтеу кезінде психикасының бұзылуына байланысты науқастанған сотталған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қажеттілігі көрсетілсе, онда ҚПК-нің 476-бабы 7) тармағының негізінде, оны ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы мәселені медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы мәселемен бірге сот қарайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

ҚПК-нің 481-бабының төртінші бөлігіне және 478-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы мәселені қарау кезінде қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қорытынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің сот отырысына қатысуы міндетті. Қажетті жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.

       Егер сотталған адам сот отырысына қатысып отырса, онда сот оның ҚПК-нің 478-бабының төртінші бөлігінің тәртібімен көрсетілген құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

Сот отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада соттың және сотқа қатысушылардың барлық іс-әрекеттері, денсаулығы сот мәжілісіне қатысуға кедергі келтірмейтін сотталған адамның, қорытынды берген медициналық комиссияның, ұсынысты жіберген органның өкілдерінің түсініктемелерінің, қорғаушы мен прокурордың пікірлерінің мазмұны көрсетілуі тиіс.

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы қаулыда соттың әкімшіліктің ұсынысын не сотталған адамның өтінішін қараудың нәтижесінде келген тұжырымы жан-жақтылы көрсетілуге тиіс және оның дәлелді болғаны жөн.

      Жазаны одан әрі өтеуден босату туралы қаулыда сотталған адамның жазаны өтеу кезінде пайда болған психикасының бұзылуынан немесе өзге де науқастан зардап шегетіні және жазаны одан әрі өтеуіне кедергі келтіретіні жөнінде дәлелдер келтірілуге тиіс, ал жазаның өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған жағдайда, сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден неліктен толық босатуды қажет деп таппағаны жөнінде дәлел келтірілуі қажет.

Әкімшіліктің ұсынысын не сотталған адамның өтінішін қараудың нәтижесі бойынша қабылданған қаулының көшірмесін іске тіркеу үшін үкімді шығарған сотқа, жазаны орындайтын мекемелерге немесе органдарға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты - оның тұрақты тұратын жері бойынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Психикасының бұзылуына және өзге де ауыр науқасына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамдардың тәртібін бақылауды жазаны орындайтын мекемелер немесе органдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

ҚК-нің K970167_ 75-бабының үшінші бөлігіне және 97-бабына сәйкес, психикасының бұзылуынан және өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамдар емделіп, сауыққан жағдайда, жазаны өтеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылғаннан кейін, егер ҚК-нің 71, 77, 88-баптарында көзделген айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтпеген болса, не оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату үшін негіз болмаса оларға қатысты жазаның орындалуы қалпына келтірілуі тиіс.

       Адамның сауығу және емделу фактісін дәрігерлердің тиісті комиссиясы анықтайды, ол соттың мұқият тексеруіне жатады. 

       Сотталған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күнін бас бостандығынан айырудың бір күніне жатқызу жолымен жаза мерзіміне есептеледі. 

      Жазаның орындалуын қайта қалпына келтіру жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша сот қаулысы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған сотталған адам жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оның сауыққанын анықтау мақсатында ол міндетті түрде дәрігерлік комиссияның тексеруінен өтуге тиіс. Қылмыстық қудалау органдары медициналық қорытындыны қылмыстық іс материалдарына қоса тігуі тиіс.

       Егер, ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам сауыққанға дейін жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда ол тек жаңа қылмыстық құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік көтереді, алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға қосылмайды. ҚК-нің 60-бабының ережесі бұл жағдайда қолданылмайды. 

       Егер сотталған адам сауыққаннан кейін, жазаны өтеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылған соң жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, егер соттың алдыңғы үкім бойынша жазаны қалпына келтіру туралы қаулысы болса, онда ҚК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі жаңа қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазаға толық немесе ішінара қосылады. 

       Сотталған адам жазаның бұрынғы жазаны ауыстырған неғұрлым жеңіл түрін өтеу кезінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жаза ҚК-нің   K970167_ 60-бабының ережесі бойынша тағайындалады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

Сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру мәселесі бойынша сот қаулысы апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.      20. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       Қазақстан Республикасы

       Жоғарғы Сотының Төрағасы 

       Жалпы отырыстың хатшысы,

       Қазақстан Республикасы 

       Жоғарғы Сотының судьясы     

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару коде...

Толық оқу »

86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған...

Толық оқу »

63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 1. Бас бостандығынан айыру түріндегі ж...

Толық оқу »

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Ескерту. 173-баптың...

Толық оқу »

Бас прокуратураға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жазасын өтеуді жалғастыру туралы Адвокаттық сұрау салу

Бас прокуратураға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жазасын өтеуді жалғастыру туралы Адвокаттық сұрау салуҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасынаадвокат Саржанов Ға...

Толық оқу »

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару ко...

Толық оқу »

83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын сотталған жеріндегі арнаулы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы ҚК 74-бабын қолдану және жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхат

Қазақстан Республикасы ҚК 74-бабын қолдану және жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхатТүрксіб аудандық сотынаАлматы қаласысотталған адамнанЛ К ,08.09.1986 ж. т.ЕҰУ-да...

Толық оқу »

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралы

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралыҚаза...

Толық оқу »

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру ҚР ҚК,...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелері

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелеріҮкімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу тәртібін регламент...

Толық оқу »

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасы

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасыҚазақстан Республикасы Жо...

Толық оқу »

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру🔷 1. 76-баптың жалпы сипаттамасыАталған норма жазаны орындаудың жалпы тәртібінен ере...

Толық оқу »

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындау

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындауШымкент қаласы Абай аудандық сотының 2...

Толық оқу »

145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар толық қауіпсіз мек...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою туралыҚазақста...

Толық оқу »

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерз...

Толық оқу »

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүк...

Толық оқу »

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орында...

Толық оқу »

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру🔹 1. Мақаланың құқықтық табиғаты мен мақсатыҚР...

Толық оқу »

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген...

Толық оқу »

54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотта...

Толық оқу »

72-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеуді кейінге қалдыру

72-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеуді кейінге қалдыру 1. Сотталған жүкті әйелдер...

Толық оқу »

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 1. Қылмыс жасағаны үшін сот...

Толық оқу »

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табы...

Толық оқу »

56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза...

Толық оқу »

25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталған адамның жаза...

Толық оқу »

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табылады

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табыладыҚК 72-бабының ережелері бас бостандығын шектеуге сотталған...

Толық оқу »

86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында көрсетілген құқықтары...

Толық оқу »

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1...

Толық оқу »

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген с...

Толық оқу »

53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстарына сотталған адам:      1) осы Кодексте белгіл...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақхана...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы...

Толық оқу »

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөл...

Толық оқу »

74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі    ...

Толық оқу »

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру🔷 1. 76-баптың жалпы сипаттамасыАталған норма жазаны орындаудың жалпы тәртібінен ере...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру 1. Ауырлығы аз және ор...

Толық оқу »

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару коде...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс тағайындамаған

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс таға...

Толық оқу »

136-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

136-1-бап.Әйелдерді ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп...

Толық оқу »

21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы За...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республи...

Толық оқу »

168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі  1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өт...

Толық оқу »

138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған...

Толық оқу »

151-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

151-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Дағдылы жағдайл...

Толық оқу »

67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Мыналар:      1) осы Кодекстің 66-ба...

Толық оқу »

59-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

59-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі    Сотталған адам: 1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу т...

Толық оқу »

84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотталғандар сот үкімі заңды күшіне енген күннен баста...

Толық оқу »