108-бап. Сот үкіміне, сот қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің бабына түсіндірме
Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.
Ескерту. 108-бап Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI Заңымен енгізілген редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Ескерту. 108-бап Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI Заңымен енгізілген редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ҚПК-нің 108-бабының нормалары сот үкімдеріне, қаулыларына шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттарын беру, наразылық білдіру тәртібін бекітеді және ҚПК-нің 13-тарауының нормаларына аяқталған сипат береді. Осылайша, жоғарыда аталған нормалардың жиынтығы қылмыстық процестің кез келген сатысында қылмыстық процесті жүргізетін органдардың процестік әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану еркіндігі қағидатының негізін құрайды, бұл ретте шағым берген адамның немесе оның мүддесі үшін шағым берілген адамның жағдайын нашарлатуға тыйым салынады (ҚПК-нің 31-бабы).
ҚПК-нің 108-бабының нормаларында аталған ҚПК-нің 48-тарауы апелляциялық шағымдануды, заңды күшіне енбеген сот шешімдерін прокурорлардың өтінішхаттары бойынша қайта қарауды реттейді (бұл — «іс бойынша сот және соттан жоғары тұрған сот»). Бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулыларына айыптау және қорғау тараптары өздерінің құқық субъектілігі шегінде апелляциялық тәртіппен шағым жасай алады, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін (сондай-ақ ҚПК-нің 7-бабының 2), 4), 18), 45)-тармақтарына түсіндірмені қараңыз).
ҚПК-нің 108-бабында аталған ҚПК-нің 52-тарауы кассациялық сатыдағы іс жүргізуді реттейді (бұл — «соттан жоғары тұрған сот»), яғни бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау жөніндегі іс жүргізуді (ҚПК-нің 7-бабының 14)-тармағы), қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттары, наразылықтары, ұсынулары бойынша қайта қарауды реттейді. Олардың шеңбері ҚПК-нің 486-бабының 1—2-бөліктерінде көрсетілген. Кассациялық өтінішхатты осы іс бойынша тарап болып табылмайтын адамдар да өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты бөлігінде сот актілеріне бере алады (ҚПК-нің 486-бабының 1-бөлігі).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсіндірме. Автор: Марат Чекишевич Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заң қызметі қызметі Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар