833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі және онда мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берiлiп отырған соттың атауы;
2) шағым берушiнiң, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошта мекенжайы);
3) қаулысына шағым берiлiп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған соттың атауы;
4) шағым жасалып немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған сот қаулысының мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор сот қаулысы өздерiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың нақты тұжырымдалған өтінуі, талабы.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.
3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беріліп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Шағым жасалып, қайта қаралып отырған сот қаулысының көшірмелерін, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта келтірілген дәлелдерді негіздейтін өзге де құжаттарды қоса тіркей отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.
Ескерту. 833-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы