406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацында, 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.
2. Егер апелляциялық шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа алғашқы ұсынылған күні берілді деп есептеледі.
3. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы