841-бап. Судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, сот қаулысында анықталмаған немесе қаулы шығарған судья назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.
Ескерту. 841-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы