Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 16-бап. Шағымды қарау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

16-бап. Шағымды қарау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Шағымды қарау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы 

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзі қабылдаған шешімге қарай:

      1) арыз берушінің құқықтары мен бостандықтары олардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзылған мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды адамдарға, мемлекеттік қызметшілерге адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін қабылдануға тиіс шараларға қатысты ұсынымдар жібереді;

      2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жүгінеді;

      3) мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерімен немесе әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) адамдардың шектелмеген тобының бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінеді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жіберетін талап арызға (талап қоюға) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж салынбайды. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы