29-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексеру нәтижелері туралы актілерге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.
2. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымдарды қарау үшін жоғары тұрған мемлекеттік орган апелляциялық комиссия құрады, оның құрамына медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.
Апелляциялық комиссиялардың регламенттерін, ережелері мен құрамдарын тиісінше медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдар айқындайды.
4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдардың тексеру нәтижелері туралы актісіне және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасына шағымды апелляциялық комиссия шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды.
5. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде беріледі.
6. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына шығарылады. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша басшы тексеру нәтижелері туралы актіні, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысын және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 156-бабына сәйкес жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексеру нәтижелері туралы актілерге және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларға шағымдарды қарау нәтижелеріне қорыту жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды.
8. Жоғары тұрған орган шағымды қанағаттандырмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіге және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға сотқа шағым жасалуы мүмкін.
9. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ құпия ақпарат тиісінше медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдар бекітетін қағидаларға сәйкес, тексеру нәтижелері туралы актіге және заңдылықты бұзушылықтар жою туралы нұсқамаға шағымды қарау кезінде шағымды берген адамның жазбаша рұқсаты алынбастан, апелляциялық комиссиялардың мүшелеріне беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы