853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы