Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 197-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі

197-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

197-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Уәкілетті орган салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін апелляциялық комиссия құрады. 

     Апелляциялық комиссияның құрамы мен ережесін уәкілетті орган айқындайды. 

     Уәкілетті орган шағымды қарау аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәжді шешім шығарады. 

     2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады: 

     1) шағым жасалып отырған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама – өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын; 

     2) шағым жасалып отырған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын. 

     3. Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар: 

     1) шешім қабылданған күн; 

     2) шағымды қараған уәкілетті органның атауы; 

     3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты не толық атауы; 

     4) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі; 

     5) шағым жасалатын салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны; 

     6) шағымның мәні;  

     7) уәкілетті орган шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме; 

     8) қабылданған шешім көрсетіледі. 

     Бұл ретте осы Кодексте белгіленген, уәкілетті органның салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау тәртібінің ерекшеліктерін ескере отырып, шағым бойынша алдын ала шешім шығару талап етілмейді. 

     4. Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі – шағым берген тұлғаға, ал көшірмесі салықтық тексеруді жүргізген салық органына жіберіледі немесе табыс етіледі. 

     5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалып отырған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың қорытындылары туралы хабарлама шығарады және осы Кодекстің 83-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді. 

     6. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

197-бап. Салықтық жеңілдіктерді қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Осы Кодекстің 288-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 398-бабын, 427-бабының 6-тармағын және 428-бабының 6-тармағын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген шарттарға сәйкес келуге тиіс. 

      2. Егер осы тармақта және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай шарттардың біріне сай келсе: 

      1) мүлікті лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға тіркелген баға бойынша мүлікті сатып алу құқығын беру лизинг шартында айқындалса; 

      2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет ету мерзімінің 75 пайызынан асып кетсе; 

      3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімінде лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 пайызынан асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады. 

      Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда, лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке беру танылады, бұл ретте бір мезгілде мынадай талаптар сақталуы: 

      бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 423-бабында белгіленген бір салықтық кезеңге дәл келуі; 

      лизинг нысаналарының санына, лизингтік төлемдерге және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталуы; 

      бастапқы лизинг шарты бойынша олардың жалпы санынан аспайтын көлемде лизинг нысаналары қайталама лизингке берілуі; 

      қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизинг шарты бұзылған күні төленген, лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспауы, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспауы; 

      лизинг нысаналары кемінде үш жыл мерзімге қайталама лизингке берілуі керек. 

      3. Осы Кодекстің 288-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 398-бабын, 427-бабының 6-тармағын және 428-бабының 6-тармағын қолдану мақсаттары үшін мыналар қаржы лизингі болып табылмайды: 

      1) мынадай: 

      лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталған; 

      лизинг алушы – жеке тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп жарияланған, оған І, ІІ топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы – жеке тұлға қайтыс болған жағдайда; 

      лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе кірістердің болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және (немесе) сот орындаушысы нәтижесіз болған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген, оның мүлкін, соның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе кірістерін анықтау жөнінде шараларды қабылдаған жағдайда; 

      лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан лизинг берушіге бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

      лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа, осындай шарттарды жасасқан күннен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер; 

      2) лизинг шарты қолданылған бірінші жылы лизингтік төлемдердің сомасы (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі) сыйақыны есепке алмағанда лизинг нысанасы құнының 50 пайызынан астамын құрайтын лизингтік мәмілелер; 

      3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа, лизинг шартын жасасқан күннен бастап үш жыл өткенге дейін міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы ауысқан лизингтік мәмілелер; 

      4) лизинг берушіні қайта құру арқылы қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші ауысқан лизингтік мәмілелер; 

      5) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер. 

      Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

104-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің шағымдарын қараудың жалпы тәртібі

104-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің шағымдарын қараудың жалпы тәртібі1 шағымды қарауды іс-әрекеттеріне шағым жасалатын анықтаушыға, те...

Толық оқу »

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға, т...

Толық оқу »

106-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің прокурорларының, қылыштық құдалаудың органдарындағы әрекеттерінің (әрекеттерінде) және шешімдерінде қараудың жүз тәртібі

106-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің прокурорларының, қылыштық құдалаудың органдарындағы әрекеттерінің (әрекеттерінде) және шешімдерінд...

Толық оқу »

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6...

Толық оқу »

15-бап. Шағымды қарау ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

15-бап. Шағымды қарау ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы 1. Шағымды қарау кезінде Қазақстан Республикасындағы...

Толық оқу »

16-бап. Шағымды қарау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

16-бап. Шағымды қарау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы Шағымды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

853-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)

853-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұ...

Толық оқу »

99-бап. Шағымды қарау мерзімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

99-бап. Шағымды қарау мерзімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі       Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымды қарау...

Толық оқу »

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылықҚазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3...

Толық оқу »

195-бап. Уәкілетті органның шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

195-бап. Уәкілетті органның шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Уәкілетті орган:     1) шағым тіркелген күннен кейінгі қырық бе...

Толық оқу »

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімд...

Толық оқу »

196-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасының Салық кодексі

196-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қар...

Толық оқу »

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қ...

Толық оқу »

853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

    853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар турал...

Толық оқу »

479-бап. Шағымды қарау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

479-бап. Шағымды қарау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Осы Кодекстің 481-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата...

Толық оқу »

829-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шағымын қарау тәртібі

829-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шағымын қарау тәртібі 1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды ада...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы

25-бап. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктеріМемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсет...

Толық оқу »

835-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі сотының қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімдері

835-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі сотының қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімдері 1....

Толық оқу »

Салық төлеушінің (салық агентінің)шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы салықтық даулар

Салық төлеушінің (салық агентінің)шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы салықтық даулар"K" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) со...

Толық оқу »

481-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

481-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай:      1) шағ...

Толық оқу »

98-бап. Шағымды қараудың жалпы қағидалары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

98-бап. Шағымды қараудың жалпы қағидалары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Шағымды қарайтын орган шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты м...

Толық оқу »

100-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

100-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Шағымды қарайтын орган шағымды қарай отырып, м...

Толық оқу »

480-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

480-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган Апе...

Толық оқу »

Салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органының шешіміне шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған мемлекеттік кіріс...

Толық оқу »

101-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің мазмұны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

101-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің мазмұны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімде мыналар...

Толық оқу »

29-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

29-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі Қазақстан РеспубликасыныңХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Медициналық қызметтер (көмек) к...

Толық оқу »

829-бап. Шағымды қарау тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

829-бап. Шағымды қарау тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі     1.Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған...

Толық оқу »

318-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

318-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәрті...

Толық оқу »

835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    1. Сот қаулысына ша...

Толық оқу »

Ішкі мемлекеттік аудит саласындағы шағымды қарау шеңберіндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы даулар

Ішкі мемлекеттік аудит саласындағы шағымды қарау шеңберіндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы дауларБірінші және апелляциялық сатыдағы соттар әкімдік әрекетінің заңсыздығы...

Толық оқу »

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі Прокурорының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібі

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі Прокурорының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігі...

Толық оқу »

Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы

Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026...

Толық оқу »