480-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Шағымды қарау аяқталған соң уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешiмін ескере отырып, жазбаша нысанда шешiм шығарады.
2. Хабарламаға шағымдарды қарау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының барлық екіұшты жайлары және реттелмеген мәселелері шағым берген тұлғаның пайдасына шешіліп қабылданады.
3. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:
шағым жасалып отырған хабарламаны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
шағым жасалып отырған хабарламаның толық немесе бір бөлігінде күшін жою.
4. Шағым бойынша шешім – шағым берген тұлғаға, ал көшiрмесi хабарлама шығарған кеден органына жазбаша нысанда жiберіледi немесе табыс етіледі.
5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалып отырған хабарламаның бір бөлігінде күші жойылған жағдайда, хабарлама ұсынған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындысы туралы хабарлама шығарады және оны шағым берген тұлғаға шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті органның осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
Хабарламаны кеден органы жібереді немесе қолын қойғызып табыс етеді.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген хабарлама – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойылған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен жіберілген хабарлама – құжат веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Көрсетілген тәсіл:
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының цифрлық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген;
пайдаланушының "цифрлық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне құжат жеткізілген күннен бастап төлеушіге қолданылады.
Көрсетілген тәсіл "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы