22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандары уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы