16-бап. Терроризм актісінің салдарынан немесе оның жолын кесу кезінде келтiрiлген зиянды өтеу 5-тарау. Терроризм актісі салдарынан зардап шеккен адамдардың залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң
1. Жеке және заңды тұлғаларға терроризм актісінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Терроризм актісінің салдарынан келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру оны жасаған адамдардың есебінен жүзеге асырылады.
3. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде терроризм актісін жасаушы адамның (адамдардың) денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ осы адамның (адамдардың) өлуінен туындаған зиян өтелуге жатпайды.
4. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы.
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы