242-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жұмыскерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің, iс жүзiндегi қаржылық жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы