Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабына түсініктеме. Банктік операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабына түсініктеме. Банктік операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабына түсініктеме. Банктік операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну

1. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, —

екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

Қарастырылып отырған қылмыстық теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі банктерде және өзге де кредиттік ұйымдарда жасалатын теріс пайдаланушылықтардың мемлекеттің қаржы жүйесіне және жалпы экономикасына зиян келтіруімен сипатталады.

Қылмыстық теріс қылықтың объектісі банктік операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Талданып отырған қылмыстық теріс қылықтың нысанасы:

заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер;

осы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктерді, кепілдіктерді және өзге де міндеттемелерді беру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, банктік шот деп клиенттің ақшасының банкте немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда қозғалысын көрсету және есепке алу тәсілі, сондай-ақ клиентке банктік қызмет көрсету жөніндегі клиент пен банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастар түсініледі.

Банктік шоттар банк пен клиент арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады.

Аталған Заңның 6-бабының 1-тармағында төлем жүйелерінің түрлері, олардың маңыздылығын айқындау өлшемшарттары мен тәсілдері көрсетілген. Төлем жүйелері, оның ішінде шетелдік төлем жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді:

жүйелік маңызы бар төлем жүйесі;

маңызды төлем жүйесі;

өзге де төлем жүйесі.

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесін мынадай өлшемшарттарға жиынтығында сәйкес келген кезде жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне жатқызады:

осы төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және (немесе) валюта нарығы қатысушыларының ақшалай міндеттемелері бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізіледі;

осы төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесін жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне жатқызылған жүйелерді қоспағанда, мынадай өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келген кезде маңызды төлем жүйесіне жатқызады:

осы төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында бір жыл ішінде ұлттық валютамен төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жүзеге асырылады;

осы төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында бір жыл ішінде шетел валютасымен төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жүзеге асырылады;

осы төлем жүйесі арқылы бір жыл ішінде халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жүзеге асырылады;

осы төлем жүйесі арқылы бір жыл ішінде ақша аудару жүйелері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылады;

осы төлем жүйесі арқылы бір жыл ішінде төлем карточкаларымен есеп айырысу бойынша банкаралық төлемдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жүзеге асырылады.

Төлем қызметтерінің түрлеріне мыналар жатады:

банктік шотты пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау және жүзеге асыру жөніндегі қызметтер;

үшінші тұлғалардың банктік шоттарына қоса алғанда, банктік шоттарға есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі қызметтер;

ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі қызметтер;

банктік шот ашпай ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі қызметтер;

электрондық ақшаны шығару және өтеу жөніндегі қызметтер;

төлем карточкаларын шығару жөніндегі қызметтер;

электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) жөніндегі қызметтер;

электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қызметтер;

клиент электрондық нысанда бастамашылық жасаған төлемдерді өңдеу және төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру немесе осы төлемдер бойынша ақшаны қабылдау үшін банкке, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпаратты беру жөніндегі қызметтер.

Тиісті банктік шоттар бойынша әртүрлі операциялар жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік қызмет деп банктердің Заңның 30-бабында белгіленген банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруы танылады. 30-баптың 2-тармағына сәйкес: «Банктік операцияларға мыналар жатады:

заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

банктердің жеке және заңды тұлғалардың аффинирленген бағалы металдары мен бағалы металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетілетін металл шоттарын ашуы және жүргізуі;

кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық пошта операторының қолма-қол ақшаны қабылдауы және беруі, оның ішінде оларды ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, буып-түю және сақтау;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия осы баптың 6-1-тармағында көрсетілген банктерге және заңды тұлғаларға беріледі;

есептік операциялар: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын банк болып табылмайтын ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен ақшалай нысанда кредиттер беруі;

шетел валютасымен айырбастау операциялары, оның ішінде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары және басқа да операциялар;

(2007 жылғы 12 қаңтардағы № 222 Заңмен алып тасталды);

(2007 жылғы 12 қаңтардағы № 222 Заңмен алып тасталды);

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау;

төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (ұсыну) және растау, сондай-ақ ол бойынша міндеттемелерді орындау;

банктердің ақшалай нысанда орындалуын көздейтін банктік кепілдіктер беруі;

банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуын көздейтін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруі».

Банктік операцияларға Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатпайды. Аталған Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың, олардың құқықтық жағдайының, қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылау мен қадағалаудың ерекшеліктерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, микрокредит — микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен беретін ақшасы.

Банктік шоттар банк пен клиент арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады. Азаматтық кодекстің 747-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің өзіне немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шоттар жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің ағымдағы және жинақ шоттарына, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттарына бөлінеді.

Банктік шот ашылған кезде клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға банктегі (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда) клиенттердің ақшасын есепке алу мақсатында тараптар келіскен талаптар бойынша клиенттің жеке сәйкестендіру коды беріледі.

Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету үшін банктерді дербес таңдайды және бір банкпен де, бірнеше банкпен де банктік шот шарттарын жасасуға құқылы (Азаматтық кодекстің 747-бабының 2-тармағы).

Азаматтық кодекстің 748-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады (Азаматтық кодекстің 748-бабының 2-тармағы).

Түсіндіріліп отырған бап бойынша қылмыстық жауаптылық кінәлі адам — банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметкері заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынған жағдайларда туындайды. Мәліметтерді бұрмалау клиенттердің шоттары бойынша кез келген операцияларға қатысты болуы мүмкін: клиент шотының жай-күйі туралы жалған мәліметтер, клиент шоттары бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы жалған мәліметтер және т.б.

Банктің кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беру тәртібі заңнамамен реттеледі.

Қылмыстық кодекстің 242-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып тек осы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерлік, кепілдік және өзге де міндеттемелер ғана табылады. Яғни кінәлі адам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаржылық жағдайына байланысты клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін нақты орындауға қабілетсіз екенін біле тұра, клиенттерді немесе үшінші тұлғаларды жаңылыстырады.

Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық мынадай белгілермен сипатталады:

қоғамға қауіпті баламалы әрекеттермен — заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну, сондай-ақ осы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беру;

азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру түріндегі зардаптың немесе оның туындау қаупінің болуымен;

қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптары туындаған жағдайда әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыспен.

Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы кінәлі тұлғалардың өз лауазымдық жағдайына байланысты клиенттердің банктік шоттарына қол жеткізу мүмкіндігіне ие бола отырып, шот иелерін, олардың сенім білдірілген адамдарын не заңнама талаптарына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және жай-күйі туралы ақпарат алуға құқығы бар адамдарды жаңылыстыруын білдіреді.

Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалының нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беру банк қызметкерлерінің (басқарушының, клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі менеджерлердің және т.б.) кейіннен банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалының қаржылық жағдайына байланысты орындалуы мүмкін болмайтын міндеттемелерді беруін білдіреді.

Қылмыстық кодекстің 242-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасау тәсілдері жасалған әрекетті саралауға әсер етпейді, алайда басқа дербес қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының белгілерін құрауы мүмкін. Мысалы, банк қызметкері заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну немесе осы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беру мақсатында мұндай ақпараттың жеткізгіштерін жойған немесе жасырған жағдайларда, Қылмыстық кодекстің 384-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша саралау жоққа шығарылмайды. Сондай-ақ кінәлі адам банктік операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсына отырып, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді немесе бланкілерді қолдан жасаған немесе дайындаған жағдайда, Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қосымша саралау да жоққа шығарылмайды.

Қылмыстық кодекстің 242-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының келесі белгісі азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру түріндегі зардаптар болып табылады.

Құрылымы бойынша қарастырылып отырған қылмыстық теріс қылықтың құрамы формальдық-материалдық болып табылады және банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметкерлерінің банктік операциялар туралы азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған кезінен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38) тармақшасына сәйкес, ірі залал деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мөлшерде келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын мөлшерде келтірілген залал түсініледі.

Субъективтік жағынан қылмыстық теріс қылық тікелей де, жанама да қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Адам заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынатынын, сол сияқты осы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің нақты қаржылық жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беретінін сезінеді, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжайды, соны қалайды не оған немқұрайлы қарайды.

Қылмыстық теріс қылықтың субъектісі арнайы болып табылады, ол — он алты жасқа толған банк қызметкері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабында көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ІІМ қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі Құқықтық Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

219-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну

219-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұ...

Толық оқу »

227-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

227-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қаты...

Толық оқу »

495-бапқа түсініктеме. Жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін Қазақстан Республикасының азаматтығына қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтер ұсыну

495-бапқа түсініктеме. Жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын...

Толық оқу »

242-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

242-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 204-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 204-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер ұсынуыБағалы қағаздар нарығын...

Толық оқу »

286-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

286-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі    Банктердің, Қазақстан Республикасының б...

Толық оқу »

286-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну

286-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну Банктердің және банк...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы1. Бағалы қағаздар нарығын...

Толық оқу »

495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 226-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 226-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тіз...

Толық оқу »

Түсініктеме 202-1-бапқа Бағалы қағаздар эмитентінің лауазымды адамдарының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі

Түсініктеме 202-1-бапқа Бағалы қағаздар эмитентінің лауазымды адамдарының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіБағалы қа...

Толық оқу »

Мақалаға түсініктеме 104-бап. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кандидаттары, саяси партиялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді тарату

Мақалаға түсініктеме 104-бап. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кандидаттары, саяси партиялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді тарату Ка...

Толық оқу »

225-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

225-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар эмит...

Толық оқу »

Көршісіне жала жапқаны, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбағаны үшін іс-әрекетке (әрекетсіздікке) дау айту туралы

Көршісіне жала жапқаны, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбағаны үшін іс-әр...

Толық оқу »

432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақ...

Толық оқу »

Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін ауыр қылмыс жасады деген айыппен байланысты көрінеу жалған мәліметтерді тарату

Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін ауыр қылмыс жасады деген айыппен байланысты көрінеу жалған мәліметтерді таратуАлматы қаласы Алмалы...

Толық оқу »

Жала жабу құрамы азаматтың өз құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдарға жүгінуі оның конституциялық құқығын іске асыру болып табылады және көрінеу жалған мәліметтерді тарату ретінде бағаланбайды

Жала жабу құрамы азаматтың өз құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдарға жүгінуі оның конституциялық құқығын іск...

Толық оқу »

432-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алған кезде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпарат беру

432-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алған кез...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 225-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздар эмитентінің лауазымды адамының ақпаратты ұсынбауы не көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 225-бабына түсініктеме. Бағалы қағаздар эмитентінің лауазымды адамының ақпаратты ұсынбауы не көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы1. М...

Толық оқу »

Қызметтік жалғандықты жасағаны, яғни лауазымды адамның басқа ұйым үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында Ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін кінәлі деп танылды

Қызметтік жалғандықты жасағаны, яғни лауазымды адамның басқа ұйым үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында Ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін кінәлі деп...

Толық оқу »

226-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

226-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне о...

Толық оқу »