38-бап. Борышкердің мүліктік массасы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Мүліктік массаның құрамына борышкердің Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкі кіреді, оның ішінде:
құқық және (немесе) мәміле құзыретті органда, оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекетте мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік;
банктік шоттардағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі ақша;
қолма-қол ақша;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың борышкер алдындағы берешегі (дебиторлық берешек);
ветеринариялық паспорты немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаты болған кезде жануарлар;
асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары, тері бұйымдары, басқа да бағалы киім;
цифрлық активтер кіреді.
2. Бірлескен меншіктегі мүліктен борышкердің үлесін бөліп шығару Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мүліктік массаның құрамына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлік, сондай-ақ борышкердің міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылмайтын жалғыз тұрғынжайы кірмейді.
4. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы