234-бап. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектiлерiн мүліктік қолдау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi және қызметтер көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.
Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалдау немесе сенiмгерлiк басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелік етуге уәкiлеттiк берілген тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2. Сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелері және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне, олар көзделген шарттарды орындаған жағдайда, шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен өтеусiз берілуі мүмкін.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы