493-бап. Егемен билiктi жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
Мемлекеттiң егемен билiгiн жүзеге асырудан өзге мақсатта шет мемлекет пайдаланатын және (немесе) оның пайдалануына арналған мүлiк ретiнде (осы Кодекстiң 492-бабының 3) тармақшасы), атап айтқанда, шет мемлекеттiң мынадай мүлкi қарастырылмайды:
1) шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң немесе оның консулдық мекемелерiнiң, арнайы миссиялардың, халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктердiң, халықаралық ұйымдар органдарындағы не халықаралық конференциялардағы шет мемлекет делегацияларының функцияларын жүзеге асыруы үшiн пайдаланылатын немесе олардың пайдалануына арналған мүлiк (оның iшiнде банк шотында тұрған ақша);
2) әскери мүлiк және (немесе) Қазақстан Республикасы таныған бiтiмгершiлiк операцияларда пайдаланылатын мүлiк;
3) сатуға қойылмаған не сатуға арналмаған мәдени құндылықтар немесе мұрағат құжаттары.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы