978-бап. Автордың мүлiктiк құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.
2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары мынадай әрекеттердi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білдіреді:
1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы);
4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы);
5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы);
6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату), оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы);
7) туындыны аударуына (аудару құқығы);
8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы);
9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына;
10) заңнамалық актiлерге қайшы келмейтiн өзге де әрекеттерді жүзеге асыруына.
3. Алып тасталды - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, онда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрi таратуға автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледі.
5. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады.
6. Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.
Ескерту. 978-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы