96-бап. Мүліктік масса Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Мүліктік массаның құрамына:
1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.
2. Мүліктік массаға банкрот – дара кәсіпкердің жеке мүлкі, толық серіктестік, коммандиттік серіктес, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелерінің мүлкі бөлек енгізіледі және ескеріледі, оларға банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
3. Тұлғаны субсидиарлық жауаптылыққа тарту кезінде мәлімделетін талаптардың мөлшері мұндай тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп тануға негіз болған сот актісінде белгіленген залалдың мөлшеріне тең болады.
4. Мүліктік массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендiру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлік: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап ету құқығы, сондай-ақ көрсетілген облигацияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді.
Банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушы осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлікті ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлік;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген, қызметті жүзеге асыру салдарын жоюға байланысты міндеттемелер бойынша талаптарды қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын І санаттағы объект операторының банктік салымы, сондай-ақ шығарындыларды, сертификатталған шығарындыларды қысқарту, шығарындыларды ішкі қысқарту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері;
6) осы Заңның 104-1-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепілге салынған мүлік;
7) уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы;
8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген, мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клиринг (кепілді және резервтік) қорларына жарналар болып табылатын клиринг ұйымы клиентінің (клиринг қатысушысының) қаржы құралдары;
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері);
10) кредиторлар жиналысының лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасы;
11) банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету төлемақысы енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы