66-бап. Баланың мүліктік құқықтары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретінде тиесілі сомалар баланың ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің билік етуіне түседі және олар осы сомаларды баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсайды.
2-1. Балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді нысаналы пайдалану және оларға өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін болғызбау үшін Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен алименттерді есепке жатқызу үшін банктік шот ашылады.
3. Баланың өзі алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде оларға осы Кодекстің 128-бабында белгiленген қағидалар қолданылады.
4. Бірге тұратын бала мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы