875-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Ескерту. 875-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдардың iстерi бойынша іс жүргiзу ерекшелiктерiмен жалпы қағидалар бойынша жүргiзiледi.
2. Егер судья iстi қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында аталған мемлекеттiк органдар күштеп әкелуге келiсiм беруден бас тартқан болса немесе мұндай келiсім сұралмаса, судья осы Кодекстiң тиісінше 870-бабының екiншi бөлiгiнде, 874-1-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртiппен күштеп әкелуге келiсiм беру туралы ұсыну жасап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде күштеп әкелуді қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы