Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2019 жылғы 28 наурыздағы үкімімен: Ж. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 188-бабы төртінші бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Азаматтық талапкерлер А.-ның, Қ.-ның талап арыздарының Ж.-ға қатысты бөлігі қараусыз қалдырылған. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 321 МОА 04 «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігі (бұдан әрі – автокөлік) мемлекет кірісіне тәркіленген. Сот үкімімен Ж. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жасырын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 мамырдағы қаулысымен Ж.-ға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Адвокат Т. өзінің өтінішхатында сотталған Ж.-ның қылмыстық әрекетінің саралануы мен дәлелденуін дауламай, сот үкімімен мемлекет кірісіне тәркіленген автокөлікті К. сотталған Ж.-дан 2018 жылы 24 тамызда келісімшарт арқылы сатып алғанын, ал бұл автокөліктің кейін, 2018 жылғы 18 қыркүйектегі тергеушінің қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы ретінде танылғаны көрсетілген. Үкім шыққан күні көлік К.-ның атында болғаны, автокөліктің ұрланбағаны, іздеуде және қамауда тұрмағаны туралы анықтамаларымен дәлелденген. К. Ж.-ның қылмыстық әрекеттерін білмегенін, автокөлікті қасақана сатып алмағанын, адал ниетті сатып алушы болып табылатынын көрсеткен.
Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін
Осыған орай, аталған автокөлікті тәркілеу бөлігінде сот актілерінің күшін жоюды сұраған. Жоғарыда аталған үкіммен У., Г., У., Ж. да сотталған, оларға қатысты сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау жөнінде өтінішхат келтірілмеген. Сот іс бойынша заңның талаптарын сақтай отырып, сот тергеуін жан-жақты жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинақтаған және сот отырысында зерттеліп, объективті бағаланған, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін нанымды дәлелдемелер жиынтығын негізге алып, Ж. үкімде сипатталған қылмыстық құқық бұзушылық әрекетті жасаған деп дұрыс тұжырымға келген. Іс бойынша жинақталған дәлелдемелерге сот заң талаптарына сәйкес құқықтық баға берген және сотталған Ж.-ның іс-әрекетін ҚК-нің 188-бабы төртінші бөлігінің 3) тармағымен дұрыс саралаған.
Дегенмен, адвокат Т.-ның өтінішхатындағы сот актілерін заттай дәлелдеме ретінде автокөлікті мемлекет кірісіне тәркілеу бөлігінде қайта қарау туралы уәждері қанағаттандырылуға жатады. ҚПК-нің 485-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағына сәйкес мүлікті тәркілеу туралы мәселенің дұрыс шешілмеуі заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. Қылмыстық іс материалдарынан анықталғанындай, Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті тергеу бөлімі тергеушісінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен автокөлік қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы ретінде танылған. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанша аталған автокөлік К.-ге қолхат арқылы қайтарылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде куә ретінде жауап берген К. 2018 жылы 24 тамызда автокөлікті сотталған Ж.-дан 13 000 000 теңгеге сатып алғанын, жазбаша келісім жасап, көлікті өз атына аударғанын және оны бұрынғы иесі, яғни Ж.-ның автокөлікті қылмыс құралы ретінде пайдаланғанын полиция қызметкерінен естігенін көрсеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталған Ж.-дан қосымша жауап алынған кезде автокөлікті екі ай бұрын К.-ге сатып жібергені жөнінде айтқан. Аталған автокөлікті К.-ның сатып алғаны және оның атында кепілде тұрғаны іске тіркелген ресми құжаттармен, яғни 2018 жылғы 24 тамыздағы жазбаша мәміле нысанымен, есепке қою ақпаратымен, банктің 2018 жылғы 24 тамыздағы кепіл туралы шартымен және басқаларымен расталған. Осыған қарамастан, сот автокөлікті қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде таныған және мемлекет пайдасына тәркілеген. Соттың бұл шешімі заң талаптарына сәйкес келмейді. Қылмыстық-процестік заңның талабы бойынша сот қылмыстық іс бойынша меншікке қолсұқпау жөніндегі азаматтың конституциялық құқығын қатаң сақтай отырып, мүлікті тәркілеуді жүзеге асырады. Қылмыстық істегі материалдармен автокөлікті қылмыстық құқық бұзушылық қаруы деп танығанға дейін, оны Ж. К.-ге сатып жібергені анықталған. Аталған автокөлік қылмыстық құқық бұзушылықтың құралы немесе қылмыстың қаруы екені туралы К. білмеген және оны білуге мүмкіншілігі болмаған. Ж.-мен К.-нің арасында автокөлікті сатып алу-сату түріндегі азаматтық-құқықтық келісімшарт жасалған. Аталған келісімшарт заңсыз деп танылмаған, ешкіммен дауланбаған және бұзылмаған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының автокөлікті қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде таныған қаулысы заңсыз, өйткені жеке бастың меншігіне қолсұғылмаушылық құқығын бұзады. Аталған осы келісімшарт заңсыз деп танылса және оның қылмыстық сипаты дәлелденсе, сонда ғана сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы К.-нің жеке меншігін шектей алуы мүмкін. Алайда аталған осы жағдай орын алмаған. Істің осы тұрғысынан, Ж.-ға қатысты сот актілерінің автокөлікті мемлекет кірісіне тәркілеу бөлігінің күші жойылып, автокөлік иесі К.-ге қайтарылуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Қ. мен Р.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, автокөлікті тәркілеу бөлігінде сот актілерінің күші жойылып, аталған автокөлік мемлекет кірісіне тәркілеуден алынып тасталды. Автокөлік иесі К.-ге қайтарылды. Сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Сот актілері мүддесін қозғайтын басқа адам К.-нің өкілі – адвокат Т.-ның өтінішхаты қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін
112 рет жүктеп алынды -
Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін
98 рет жүктеп алынды