Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Алматы қаласы әкімдігі (бұдан әрі-Талапкер) жауапкерлер А. мен С.- ға Алматы қаласы, Остроумов көшесінде орналасқан аумағы 0,0718 гектар жер телімін қайтарту, жер телімінде рұқсатсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұздырту туралы сотқа талап арыз берген. Талапкер арызында жауапкерлердің аталған жер телімін өз еріктермен заңсыз иемденіп, үй тұрғызып, қоршап алғанын, жауапкерлерге заңсыз әрекеттері үшін 2012 жылғы 5 наурызда әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынғанын, алайда жауапкерлер жер учаскесін босатпай, заңсыз тұрғызылған құрылыстарды бұзбай отырғандарын көрсеткен. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының 2012 жылғы 30 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, А. мен С. аумағы 0,0718 гектар жер телімін қайтаруға және өз бетінше салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзуға міндеттелген. С.-дан мемлекет пайдасына 1 618 теңге баж өндірілген. Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған. Кассациялық сот сатысы апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған.

С. сот актілерімен келіспей, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш берген. Ол өтінішінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 1997 жылғы 17 шілдедегі № 147 шешімі негізінде даулы жер телімі өзіне берілгенін, сот әкімнің шешімін толық зерттемей, нақты сараптама жасамай заңсыз деп тауып, заң талаптарын бұзғанын, өзі жерді қоқыстан тазалап, үй тұрғызып, 15 жыл ашық пайдаланып келгенін, сонымен қатар Алматы қаласының Бас жоспары оған жер телімі берілгеннен кейін қабылданғанын көрсеткен. Сонымен қатар, соттың жауапкерлер ұсынған дәлелдерді толық зерттемей, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын айта келіп, сот актілерінің кұшін жойып, қадағалау өндірісін жүргізуді сұраған.Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері Т. мен Д. өтінішке қарсы пікір келтіріп, іс бойынша қабылдаған сот актілерін күшінде қалдырып, жауапкерлердің өтінішін қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 387-бабының 3-бөлігіне (бұдан әрі-АІЖК) сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Іс құжаттарына қарағанда, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 1997 жылғы 17 шілдедегі № 147 шешімі бойынша С.-ға Алматы қаласының Остроумов көшесінде орналасқан жер телімі берілген. Алайда сот сатылары әкімнің бұл шешімін негізсіз деп тапқан. Өйткені Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 15 қазандағы №04-15/1438 хатына сәйкес, мұрағаттың қор құжаттарында С.-ға Остроумов көшесіндегі бос жер телімін беру туралы 1997 жылғы 17 маусымдағы № 147 шешімі жоқ екендігі көрсетілген. Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі қол қойған 1997 жылғы 10 шілдедегі № 147 және 1997 жылғы 17 маусымдағы № 129 шешімдер бар, алайда, аталған құжаттардың мазмұндары мүлдем басқа.

Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы адал ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Жоғарыда көрсетілген мұрағат хатын негізге алып, сот сатылары жауапкер С. даулы жерді заңсыз иеленіп отыр деген тұжырым жасаған. Алайда қадағалау сот алқасы соттардың бұл тұжырымымен келіспейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32–бабының 1, 2–бөліктеріне сәйкес, жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер теліміне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі. С.-ның атына шығарылған Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 1997 жылғы 17 шілдедегі № 147 шешімін ешқандай мемлекеттік орган жоққа шығармаған. Сот сатылары жауапкер С.-ның аты - жөні неліктен Алматы қаласы Түрксіб ауданының 1997 жылғы № 147 шешіміне тіркелмей қалғаны туралы ешқандай сараптама тағайындамаған, әкімнің даулы шешімінің мазмұны Түрксіб ауданы әкімінің 1997 жылғы 17 маусымдағы № 129 шешімінің мазмұнынан мүлдем басқа деген қорытынды жасаған. Алайда оны растайтын немесе теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты сараптама өткізбеген.Сондықтан С. жер телімін өз бетімен иеленіп алып, сол жерде заңсыз үй салып тұрып жатыр деген соттың тұжырымы негізсіз және аталған заң нормасына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 4 - тармағының негізінде азаматтардың және заңды тұлғалардың жер теліміне тиісті құқықтары (жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар және жер учаскесіне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар болып табылады. Мұндай құжаттарды жер телімдеріне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға Жер кодексіне сәйкес ауыстыру құқық иелерінің қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады. Жергілікті органдардың шешімдері заңға сәйкес келмесе және бұл шешім азаматтың құқығын және жерге деген заңдылық құқығын бұзатын болса, ол шешім сот арқылы заңсыз деп табылуы тиіс. С.-ға жер телімі 1997 жылы берілген, яғни 2003 жылғы жаңа Жер кодексі қабылданғанға дейін берілген. Алайда, соттар бұл уәждерге баға бермеген. Сонымен қатар, әкімнің шешімін заңсыз немесе заңға қайшы деп жергілікті орган сотқа арызданбаған. Бірақ сот сатылары өз бетімен тұжырым жасап, әкімінің даулы шешімін жалған деп тапқан. Соттардың мұндай тұжырымы АІЖК-нің 91 - бабына қайшы келеді. Сонымен қатар, соттар С.-ның жер телімі «қызыл сызық шекарасында және Қарасу су қорғау сызығында орналасқан» деген тұжырым жасаған. Аталған сот тұжырымы Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне негізделген.  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласының Бас жоспары туралы №1330 қаулы қабылдаған, яғни 1997 жылы Жер кодексі және Алматы қаласының Бас жоспары болмаған. Сол себепті соттардың Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сілтеме жасауы негізсіз. АІЖК-нің 240-бабына сәйкес, мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады. Мемлекеттік тiркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлiкке меншiк құқығы бұл мүлiктi иелену мерзiмiне сәйкес алған тұлғада осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады. Сот сатылары жауапкердің жер телімінде 15 жыл бойы тұрып жатқаны туралы уәжін негізсіз деп тауып, оған себеп ретінде техникалық паспортқа сілтеме жасап, даулы жердегі үй 2006 жылы салынған деген қорытынды жасаған. Алайда, соттар С.-ның уәждеріне дұрыс баға бермеген. Себебі 2006 жылғы 2 наурыздағы техникалық төлқұжатта үйдің техникалық зерттелген күні көрсетілген, бірақ үйдің нақты қай күні салынғаны анықталмаған. Сот осы мерзімді анықтау үшін сараптама жүргізбеген. С.-ның көршілері немесе басқа мүделлі тараптар сұралмаған. Осылайша соттар С.-ның меншік құқығын иелену мерзімі туындағанын не туындамағанын анықтамай, оның заңмен бекітілген құқықтарын бұзған. Мұндай жағдайда қадағалау сот алқасы дау келтірілген сот актілерінің кұшін жойып, істі қайта қарау үшін апелляциялық сатыға жіберу қажет деп санайды. Істі қайта қарау барысында жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жойып, атап айтқанда, іс бойынша даулы үйдің қай жылы салынғанын анықтау үшін сараптама өткізіп, іс бойынша жауапкердің көршілерінен куә ретінде жауап алып, Түрксіб ауданы әкімінің 1997 жылғы № 147 шешімінің С.-ның атына тіркелгенін немесе тіркелмегенін анықтау үшін сараптама тағайындап, тараптардың уәждерін жан-жақты тексеріп, оларға құқықтық дұрыс баға беріп, анықталған мән-жайларға байланысты іс бойынша заңды шешім қабылдау қажет.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Тұрғын үй құқықтық қатынастарына байланысты даулар, меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтармен басқа адамға беріледі

Тұрғын үй құқықтық қатынастарына байланысты даулар, меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтармен басқа адамға беріледіБ. сотқа "Алматы қаласының мемлекет...

Толық оқу »

Талап қоюшы салынған құрылысқа меншiк құқығын заңда көзделген тәртiппен оны пайдалануға қабылдау жолымен заңдастыруға құқылы

Талап қоюшы салынған құрылысқа меншiк құқығын заңда көзделген тәртiппен оны пайдалануға қабылдау жолымен заңдастыруға құқылыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы т...

Толық оқу »

Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін

Мүлікті тәркілеу Меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Мүліктің қылмыстық сипаты дәлелденген жағдайда ғана ол қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде мемлекет кірісіне тә...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылыстарға меншік құқығын тану және оларды пайдалануға беру.

Өз бетінше салынған құрылыстарға меншік құқығын тану және оларды пайдалануға беру.Талапкерлер пайдалануға беру актісін заңда белгіленген тәртіппен ресімдеуі, ал тиісті органда...

Толық оқу »

Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жылжымайтын мүлкі ретінде адал ашық және үздіксіз иелік ететін азамат немесе заңды тұлға жеті жыл ішінде осы мүлікке меншік құқығын алады (сатып алу мерзімі).

Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жылжымайтын мүлкі ретінде адал ашық және үздіксіз иелік ететін азамат немесе заңды тұлға жеті жыл ішінде осы мүлікке менші...

Толық оқу »

Мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың меншік құқығын тану туралы

Мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың меншік құқығын тану туралы Нормативтік- құқықтық база Қазақстан Республикасында меншік құқығын қорғау Қ...

Толық оқу »

Талапкердің жарамсыз деп тану туралы талап арызын қайтарып алу тіркеу меншік құқығы

Талапкердің жарамсыз деп тану туралы талап арызын қайтарып алу тіркеу меншік құқығыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екенд...

Толық оқу »

Алматыда азаматтық даулар бойынша адвокат / меншік құқығын тану / сатып алу ескіру негіздері

Алматыда азаматтық даулар бойынша адвокат / меншік құқығын тану / сатып алу ескіру негіздеріСот алдын ала сот отырысында талап арыз бойынша азаматтық істі қарады, онда К. А. С...

Толық оқу »

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығы Құқықтық кадастрда тіркелген иесіз тұрғын үй

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығы Құқықтық кадастрда тіркелген иесіз тұрғын үй1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында тұрғын үй қорын сақтау...

Толық оқу »

Алматыда өз бетінше тұрғызуға меншік құқығын тануға байланысты азаматтық істер бойынша заңгер.

Алматыда өз бетінше тұрғызуға меншік құқығын тануға байланысты азаматтық істер бойынша заңгер.Өз бетінше құрылыс салуға меншік құқығын тану жөніндегі қатынастарды реттейтін не...

Толық оқу »

968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәт...

Толық оқу »

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды алмай өз бетінше тұрғызылған құрылысты бұзу

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды алмай өз бетінше тұрғызылған құрылысты бұзуӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi...

Толық оқу »