Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қарашадағы № 500-IV Заңы 

      2010 жылғы 8 маусымда Стамбулда жасалған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының       Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ 

АӨСШК Үшінші саммитінде мақұлданды 

   Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы КОНВЕНЦИЯ 

      Осы Конвенцияны жасасқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер,       халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын және 2002 жылғы 4 маусымдағы Алматы Актісін басшылыққа ала отырып,       2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімнің 5-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында,       төмендегілер туралы келісті: 

   1-бап Анықтамалар 

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:       а) «АӨСШК» - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес;       b) «Хатшылық» - АӨСШК-нің Хатшылығы;       с) «Тараптар» - осы Конвенцияны ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оған қосылған АӨСШК-ге мүше мемлекеттер;       d) «Атқарушы директор» - Хатшылықтың бас лауазымды тұлғасы;       е) «Атқарушы директордың орынбасары» - Хатшылықтың бас лауазымды тұлғасының орынбасары;       f) «кәсіби персонал мүшелері» - АӨСШК-ге мүше мемлекеттер іссапарға жіберетін және АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитетінің мақұлдауы бойынша Атқарушы директор тағайындайтын Хатшылықтың лауазымды тұлғалары;       g) «отбасы мүшелері» - Хатшылықтың Атқарушы директорымен, Атқарушы директордың орынбасарымен және кәсіби персонал мүшелерімен бірге тұратын олардың жұбайлары мен асырауындағы 18 жасқа дейінгі балалары;       h) «Тараптардың өкілдері» - АӨСШК отырыстарына қатысу үшін тиісті Тараптар жіберетін тұлғалар. 

   2-бап Хатшылықтың құқық қабілеттілігі 

      Хатшылық әрбір Тараптың аумағында өзінің функцияларын орындау үшін қажетті құқық қабілетіне ие. 

   3-бап Артықшылықтар мен иммунитеттер 

   Жалпы ережелер 

      1. Осы Конвенция бойынша артықшылықтар мен иммунитеттер тиісті тұлғалардың жеке пайдасына арналмаған, бірақ олардың ресми функцияларды тәуелсіз орындауын қамтамасыз етеді.       2. Егер иммунитет сот төрелігін жүргізуге кедергі болса және одан бас тарту иммунитет берілген мақсаттарға залал келтірмесе, онда одан бас тартылуы мүмкін. Иммунитеттен бас тарту айқын білдірілуге тиіс. Иммунитеттен бас тарту туралы шешімді:       а) Атқарушы директорға және Атқарушы директордың орынбасарына қатысты - АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитетінің ұсынымы бойынша министрлік кездесулер барысында ортақ ымыра негізінде немесе мұндай кездесулер арасындағы кезеңде дипломатиялық арналар арқылы бір ауыздан Сыртқы істер министрлері немесе олардың ресми уәкілетті өкілдері;       b) кәсіби персонал мүшелеріне қатысты - Атқарушы директордың ұсынымы негізінде АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитеті;       с) Тараптардың өкілдеріне қатысты - жіберуші Тарап қабылдайды.       3. Артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылатын тұлғалар өздерінің жоғарыда аталған артықшылықтары мен иммунитеттеріне залал келтірместен, Тараптардың заңнамаларын құрметтеуі тиіс. 

   4-бап Хатшылықтың артықшылықтары мен иммунитеттері 

      1. Хатшылық, оның мүлкі мен активтері, қай жерде және кімнің иелігінде болсын, иммунитеттен бас тарту айқын білдірілген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік ықпал етудің немесе сот жауапкершілігінің кез келген нысанынан иммунитетті пайдаланады. Ерекше жағдайларда ғана Атқарушы директордың ұсынысы бойынша АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитеті иммунитеттен бас тарту туралы шешім қабылдайды. Иммунитеттен бас тартудың ешқайсысы сот-атқару шараларына қолданылмайды.       2. Хатшылықтың мұрағаты мен басқа да құжаттарына қол сұғылмайды.       3. Қаржылық бақылаумен, қағидалармен немесе мораторийдің қандай да бір түрімен шектелместен, Хатшылық өзінің мақсаттарына сәйкес қызметін жүзеге асыру үшін қажетті шекте Тараптардың аумағында тиісті Тараппен келісім бойынша қорлар немесе шоттар иеленуге құқылы.       4. Белгілі бір қызмет түрлері үшін төленетін төлемдерді қоспағанда, Хатшылық, оның активтері, кірістері мен басқа да мүлкі барлық тікелей салықтардан босатылады. 

   5-бап Атқарушы директордың, Атқарушы директор орынбасарының және кәсіби персонал мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері 

      1. Атқарушы директор, Атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал мүшелері мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады:       а) жеке тұтқындаудан немесе ұстаудан иммунитет, сондай-ақ:       і. Хатшылыққа немесе жоғарыда аталған тұлғалардың біреуіне тиесілі немесе олардың жүргізуіндегі автокөліктен болған жол-көлік оқиғасына байланысты залалды өтеуге қатысты сот талаптарын;       іі. көрсетілген тұлғалар тарапынан жасалған іс-қимылдардан болған кісі өліміне немесе дене жарақаттарына байланысты залалды өтеуге қатысты сот талаптарын қоспағанда, олардың ресми өкілдер ретінде айтқан немесе жазылған және жасаған барлық іс-қимылдары үшін сот жауапкершілігінен иммунитетті;       b) көшіп келу және олар уақытша болатын немесе өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өтетін Тараптың аумағында шетелдіктерді міндетті тіркеу бойынша шектеулерден босатылады;       с) тиісті Тарап аумағында дипломатиялық агенттерге берілетін сияқты валютамен жасалатын операцияларға қатысты артықшылықтарды;       d) халықаралық дағдарыстар уақытында дипломатиялық агенттер пайдаланатын сияқты репатриация бойынша жеңілдіктерді де пайдаланады;       е) осы Баптың 1-тармағының (b) және (d) тармақшаларының ережелері отбасы мүшелеріне де қолданылуы тиіс.       2. Тарап осы Баптың 1-тармағында айтылған артықшылықтар мен иммунитеттерді:       а) өз азаматтарына немесе тұрақты резиденттерге;       b) өзімен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған Тараптың азаматтарына беруге міндетті емес. 

   6-бап Тараптар өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері 

      1. Тараптар өкілдеріне олар өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде және отырыс өткізілетін жерге бару және қайту кезінде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі:       а) жеке тұтқындаудан немесе ұстаудан және олардың өкілдер ретінде айтқан, жазған немесе жасаған барлық іс-қимылдардан иммунитет, сондай-ақ АӨСШК отырысы өтіп жатқан Тараптан кез келген түрдегі сот жауапкершілігінен иммунитет;       b) олардың барлық қағаздарына, құжаттарына және электронды деректер тасығыштарына қол сұғылмаушылық;       с) олардың өздерін және олармен бірге жүретін жұбайларын көшіп келу, олар уақытша болатын Тараптың аумағында немесе өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өтетін аумақта шетелдіктерді тіркеу бойынша шектеулерден босату;       d) уақытша қызметтік іссапарларда жүрген шет мемлекеттердің өкілдеріне берілетін сияқты валюталық шектеулерге немесе валюта айырбастауға қатысты жеңілдіктер;       е) дипломатиялық агенттерге берілетін сияқты олардың жеке қол жүгіне қатысты иммунитеттер мен жеңілдіктер.       2. Тарап осы Баптың 1-тармағында айтылған артықшылықтар мен иммунитеттерді:       а) өз азаматтарына немесе тұрақты резиденттерге;       b) өзімен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған Тараптың азаматтарына беруге міндетті емес. 

   7-бап Визалар 

      1. Тараптар Хатшылықтың Атқарушы директорына, Атқарушы директорының орынбасарына және кәсіби персонал мүшелеріне, сондай-ақ АӨСШК отырыстарына қатысатын АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің өкілдеріне виза беру кезінде барлық қажетті жәрдем көрсетеді.       2. Тарап өзімен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған Тараптың азаматтарына виза беруге міндетті емес. 

   8-бап Басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттерге әсері 

      Осы Конвенция Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамауға және қозғаушы ретінде түсіндірілмеуге тиіс. 

   9-бап Қорытынды ережелер 

      1. Осы Конвенция АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.       2. Осы Конвенция, оған қол қойған мемлекеттердің ратификациялауына, қабылдауына және бекітуіне жатады. Осы Конвенция АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Осы Конвенция депозитарий ратификациялаудың, қабылдаудың, бекітудің немесе қосылудың он төртінші құралын алған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді. Осы Конвенцияны ол күшіне енгеннен кейін ратификациялайтын, қабылдайтын, бекітетін немесе оған қосылатын АӨСШК-ге мүше мемлекет үшін осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу құралы сақтауға тапсырылған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.       3. Хатшылық осы Конвенцияның депозитарийі болып табылады. Депозитарий осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы, сондай-ақ тиісті Тараптардан ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу құралдарын алғаны туралы Тараптарды хабардар етеді.       4. Осы Конвенция Тараптардың өзара келісімі бойынша Хаттамамен өзгертілуі мүмкін. Хаттама осы Баптың 2-тармағына сәйкес күшіне енеді.       5. Кез келген Тарап кез келген уақытта Депозитарийге жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Конвенциядан шыға алады. Бұл Тарапқа қатысты осы Конвенцияның қолданылуы Депозитарий мұндай хабарламаны алған күнінен бастап 6 ай өткен соң тоқтатылады. 

      2010 жылғы 8 маусымда Стамбулда бір түпнұсқа данада ағылшын тілінде жасалды. 

   Үшінші саммитте "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға" қол қойған мүше мемлекеттердің тізімі 

      1. Әзірбайжан Республикасы 

      2. Израиль Мемлекеті 

      3. Иран Ислам Республикасы 

      4. Қазақстан Республикасы 

      5. Қытай Халық Республикасы 

      6. Корея Республикасы 

      7. Қырғыз Республикасы 

      8. Ресей Федерациясы 

      9. Тәжікстан Республикасы 

      10. Таиланд Корольдігі 

      11. Түркия Республикасы 

      2010 жылғы 8 маусымда Стамбул қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің үшінші Саммитінде қабылданған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Хатшылығы, оның персоналының және мүше-мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның дәлме-дәл көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екенін растаймын. 

      Қазақстан Республикасының       Сыртқы істер министрлігі       Халықаралық құқық департаментінің       Басқарма бастығы                           Б. Пискорский 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК...

Толық оқу »

Комментарии к статье 94. отставка от участия в производстве по уголовному делу защиты, предъявителя потерпевшего (частичного обвинителя), гражданского истца или гражданского ответчика Угловно-процессуального кодекса Республики Казахстан

94-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің Қылмыстық қорғау дел бойынша іс жүргізуге қатысудан, жәбірленушінің (ішінара айыптаушының), азам...

Толық оқу »

19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат б...

Толық оқу »

166-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің коммерциялық өкілдігі

166-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің коммерциялық өкілдігі Кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызмет саласында шарттар жасасу кезінде олардың тұрақты және...

Толық оқу »

11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi  3 бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕТТIКТЕРI  Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы

11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi3 бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕ...

Толық оқу »

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері Білім туралы Заңы

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттеріБілім туралы Заңы      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің: ...

Толық оқу »

35-бап. Ресми өкілдер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

35-бап. Ресми өкілдерҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      Арнаулы мемлекеттік органдар өздерінің ресми өкілдерін өзге мемлекеттердің арнаул...

Толық оқу »

"Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлi туралы ереженi бекiту туралы

"Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлi туралы ереженi бекiту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 155 Жарлығ...

Толық оқу »

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралыҚазақстан Республикасының Заң...

Толық оқу »

24-бап. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы

24-бап. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы      1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қа...

Толық оқу »

154-бап. Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның өзі...

Толық оқу »

12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші келісімдерде, ұжым...

Толық оқу »

9-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы

9-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының құзыретіЖылу энергетикасы туралы Заңы    ...

Толық оқу »

572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес қаты...

Толық оқу »

3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы      Өздерiнiң...

Толық оқу »

6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы      Заңды тұлғаны мемлекеттi...

Толық оқу »

380-бап. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

380-бап. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттерд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігінің жаңа объектілерін салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін беру туралы өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық өкілдігінің жаңа объектілерін салу үшін Америка Құрам...

Толық оқу »

232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемеле...

Толық оқу »

16-бап. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің құқықтары мен міндеттері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

16-бап. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің құқықтары мен міндеттеріКоллекторлық қызмет туралы Заңы      1. Борышкер және (немесе) оның өкілі: 1) кредитордан, коллекторлық...

Толық оқу »

Қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу / қылмыстық іс бойынша адвокаттан өтінішхат

Қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу / қылмыстық іс бойынша адвокаттан өтінішхатНазар аударымыз! "Заң және Құқық" адвокаттық кеңесіі, бұлақ құжатының ж...

Толық оқу »

495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодекстің67-бабыныңбірінші...

Толық оқу »

750-бапқа түсініктеме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

750-бапқа түсініктеме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 1. Қорғаушыны өзін...

Толық оқу »

Жақын туысын қорғаушы деп тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға шағым

Жақын туысын қорғаушы деп тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың н...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту | Тергеушігің қаулысына Шағым | Қорғаушының талап-тілегіНазар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпыл...

Толық оқу »

749-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі қорғаушысының міндетті қатысуы

749-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі қорғаушысының міндетті қатысуы 1. Қорғаушының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс б...

Толық оқу »

Тергеу сотына Шағым қорғаушының талап-тілегін қанағаттандырудан бас тарту туралы

Тергеу сотына Шағым қорғаушының талап-тілегін қанағаттандырудан бас тарту туралыНазар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және на...

Толық оқу »

17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау...

Толық оқу »

495-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің қадағалау сатысы сотына қорғаушының міндетті түрде қатысуының негіздері

495-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің қадағалау сатысы сотына қорғаушының міндетті түрде қатысуының негіздеріОсы Кодекстің 67-бабының б...

Толық оқу »

Өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат / қорғаушының тергеу сотына өтініші

Өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат / қорғаушының тергеу сотына өтініші Назар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулерКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және...

Толық оқу »

274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР ҚПК Қазақстан Респуб...

Толық оқу »