Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Бас еркінен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы конвенцияны бекіту туралы

Бас еркінен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы конвенцияны бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Бас еркінен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы конвенцияны бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 432-I Заңы 

      Мәскеуде 1998 жылғы 6 наурызда жасалған Бас еркiнен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрi өтеу үшiн беру туралы конвенция бекiтiлсiн.             

      Қазақстан Республикасының       Президентi 

Бас еркiнен айыруға сотталған адамдарды жазаны одан әрi өтеу үшiн беру туралы Конвенция  

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер,       мемлекеттiң егемендiгi принципiн негiзге ала отырып,        өзара құрмет пен ынтымақтастықтың қалыптасқан қатынастарын дамытуды қалай отырып,       сотталған адамдардың олар азаматы болып табылатын мемлекетте және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың жазаларын өтеуi жазаның орындалу мақсатына әлдеқайда тиiмдiлiкпен қол жеткiзуге жәрдемдесетiнiн ескере отырып,        iзгiлiк принципiн басшылыққа ала отырып,  

        төмендегiлер туралы келiстi:  1-бап  

        Осы Конвенцияның мақсатына жету үшiн төмендегi көрсетiлген терминдер мыналарды бiлдiредi:   

      а) "Үкiм шығарылған мемлекет" - соты адамды бас еркiнен айыру түрiнде соттау туралы үкiм шығарған Уағдаласушы Тарап;   

      б) "Үкiм орындалатын мемлекет" - бас еркiнен айырылуға сотталған адам жазасын өтеу үшiн берiлетiн Уағдаласушы Тарап;   

      в) "құзыреттi орган" - ұлттық зандарға және осы Конвенцияға сәйкес сотталған адамды жазасын одан әрi өтеу үшiн беру туралы шешiм қабылдайтын мемлекеттiк орган;   

      г) "сотталушы" - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң соты жасаған қылмысы үшiн бас еркiнен айыру түрiнде соттаған адам;   

      д) "жақын туыстар" - Уағдаласушы Тараптардың қолданылып жүрген ұлттық зандарына сәйкес туыстық қарым-қатынаста тұрған адам.  

 2-бап  

        Басқа Уағдаласушы Тарапта бас еркiнен айыруға сотталған Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының азаматы, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес олар азаматы болып табылатын немесе соның аумағында тұрақты тұратын (егер азаматтығы жоқ адам болса) Уағдаласушы Тарапқа жазасын өтеу үшiн берiлуi мүмкiн.  

 3-бап  

  

     Адамның сотталғаны және оның тұрған жерi туралы жазаны орындайтын сот пен орган тиiсiнше сотталушы азаматы болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты тұратын (егер азаматтығы жоқ адам болса) Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiн немесе консулдық мекемесiн, сондай-ақ олардың беру туралы өтiнiш жасау құқығын iске асыру үшiн оның жақын туыстарын, заңды өкiлiн және адвокатын жазбаша түрде құлактандыруға тиiс. 

4-бап  

      Сотталушыны беру туралы өтiнiштi Yкiм шығарылған мемлекет,  сондай-ақ Yкiм орындалатын мемлекет жасай алады.       Сотталушыны беру туралы сотталушының өзi, оның жақын туыстары,  заңды өкiлi мен адвокаты Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына өтiнiш жасай алады.               Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы беру туралы өтiнiш жасаушыға қабылданған шешiм туралы 40 күндiк мерзiм iшiнде жазбаша түрде хабарлайды. Беруден бас тарту туралы шешiм дәлелдi болуы керек.       Берудiң мүмкiндiктерi мен оның заңдық салдары туралы Үкiм шығарылған мемлекеттiң қылмыстық-атқару жүйесi басқармасының орталық немесе аумақтық органдары сотталушыға не оның заңды өкiлiне жазбаша түрде түсiндiруге тиiс. 

5-бап  

      Бас еркiнен айыруға сотталған адамды беру мына шарттар болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн:       адамды бас еркiнен айыруға соттау туралы заңды күшiне енген сот үкімі;       осы Конвенцияның 4-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген адамдар тарапынан беру туралы өтiнiш болса;       сотталушының жазбаша келiсiмi немесе егер сотталушы жасына, денсаулығына немесе психикалық жағдайына байланысты өзiнiң еркiн еркiн бiлдiре алмаған жағдайда, - оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз болса;        адам қабылдап - өткiзудi жүзеге асырушы Уағдаласушы Тараптың зандары бойынша бас еркiнен айыру түрiндегi жазаға әкеп соғатын қылмыстар болып табылатын әрекеттер үшiн сотталса;        беру туралы өтiнiш алынған сәтте бас еркiнен айырудың өтелмеген мерзiмi алты айдан кем болса;        Үкiмдi шығарылған мемлекеттiң және Yкiм орындалатын мемлекеттiң сотталушыны қабылдау және өткiзу туралы келiсiмi болса.  

 6-бап  

        Егер:        ескеру мерзiмнiң өтуi салдарынан немесе осы мемлекеттiң заңдарында көзделген өзге де негiз бойынша жазаның Үкiм орындалатын мемлекеттiң аумағында орындалуы мүмкiн болмаса;        Үкiм орындалатын мемлекеттiң аумағында жасалған әрекетi үшiн ол жаза көтерсе немесе ақталса не iс тоқтатылса, сол сияқты, егер адамды осы мемлекеттiң құзыреттi органы босатса;        бұл Үкiм шығарылатын мемлекеттiң немесе сотталушы азаматы болып табылатын мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiрсе, сотталушыны беру жүргiзiлмейдi.        Егер сотталушы қылмыспен келтiрiлген залалды өтемесе оны беруден бас тартылуы мүмкiн.  

 7-бап  

        Осы Конвенцияның мәселелерi бойынша Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiмен тiкелей байланысады.        Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы ол үшiн Конвенция күшiне енген күннен бастап бiр айдың iшiнде депозитарийге өзiнiң қүзыреттi органының атауын хабарлайды.  

 8-бап  

        Сотталушыны жазасын өтеу үшiн беру мақсатында бiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы басқа Уағдаласушы Тараптың кұзыреттi органына өтiнiш жасайды.        Өтiнiш жазбаша нысанда әзiрленедi және оған мыналар қоса берiледi:        сотталушының жеке басы туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi);        сотталушының азаматтығы немесе оның тұрақты тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер;        бас еркiнен айыруға сотталған адамның әрекетi үкiм орындалатын Мемлекетте қылмыс болып табылатынын бiлдiретiн заң баптарының мәтiнi;        сотталушының оны ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың аумағына немесе тұрақты тұратын жерi бар аумаққа (егер азаматтығы жоқ адам болса) үкiмдi орындау үшiн беруге жазбаша келiсiмi, ал сотталушы өз еркiн еркiн бiлдiруге қабiлетсiз болған жағдайда - оның заңды өкiлiнiң келiсiмi.        Yкiм шығарылатын мемлекеттiң құзыреттi органы, бұған қоса, өтiнiшке куәландырылған:        үкiмнiң көшiрмесiн және iс бойынша жоғары тұрған сот органдарының қолда бар шешiмдерiн, үкiмнiң заңды күшiне енгенi туралы құжаттарды;       адам сотталуына негiз болған қылмыстық заң баптарының мәтiнiн;        жазаның бiр бөлiгiнiң өтелгенi және жазаның одан әрi өтеуге жататын бөлiгi туралы құжат;       егер тағайындалса қосымша жазаның орындалуы туралы құжат;       сотталушының денсаулық жағдайы мен тәртiбiнiң ерекшелiктерi туралы мәліметтер;       залал мен оның өтелуi туралы мәлiметтер;       егер мұны Үкiм шығарылатын мемлекет қажет деп тапса, өзге де құжаттар қоса берiледi.          Сотталушыны беру туралы өтiнiш қол қойылып куәландырылуға және құзыреттi органның елтаңбалы мөрiмен бекiтiлуге тиiс. 

9-бап  

      Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы сотталушыны беру немесе қабылдап алуға келiсiм беру туралы өтiнiш жасағанға дейiн 8-бапта көрсетiлген құжаттарды талап ете алады. 

10-бап  

      Жазасын өтеуi үшiн сотталушыны беру туралы өзiне өтiнiш жолданған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы қажеттi қүжаттарды алған сәттен бастап 40 күннен аспайтын мерзiмнiң iшiнде өтiнiштi жiберген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органын осы Конвенцияда көзделген шарттарға сәйкес сотталушыны беруге келiскенi не бас тартқаны туралы хабардар етедi. 

11-бап  

      Сотталушыны беру орны, уақыты мен тәртiбi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арасындағы уағдаластық бойынша белгiленедi.  

 12-бап  

        Yкiм орындалатын мемлекет сотталушының жағдайын нашарлатпастан өз заңдарына сәйкес жазаны өтеудi жалғастыруды қамтамасыз етедi. Басқа Уағдаласушы Тараптың үкiмiнiң орындалуы туралы мәселенi қараудың соттылығы Уағдаласушы Тараптың әрқайсысының заңдары бойынша белгiленедi.        Сотталушыға тағайындалған жаза Yкiм шығарылған мемлекет сотының үкiмiнiң негiзiнде өтеледi. Бас еркiнен айыру түрiндегi жазаның мерзiмiне Yкiм шығарылған мемлекетте өтелген мерзiм есептеледi. Yкiм орындалатын мемлекетiнiң соты, шығарылған үкiмдi негiзге ала отырып, өз мемлекетiнiң заңы бойынша үкiмде тағайындалғандай бас еркiнен айыру мерзiмiн белгiлеп, оны орындау туралы шешiм қабылдайды.        Егер Үкiм орындалатын мемлекеттiң заңдары бойынша сол әрекет үшiн бас еркiнен айырудың шектi мерзiмi үкiм бойынша тағайындалған мерзiмнен кем болса, сот осы мемлекеттiң заңдарымен көзделген бас еркiнен айырудың ең жоғарғы мерзiмiн белгiлейдi.        Егер үкiм олардың iшiнен бiреуi немесе бiрнешеуi Yкiм орындалатын мемлекетте қылмыс болып танылмайтын екi немесе одан да көп әрекеттерге қатысты болса, сот жазаның қай бөлiгiнiң қылмыс болып табылатын әрекетке қолданылатынын белгiлейдi.        Қосымша жазаның орындалуы туралы шешiмдi Yкiм орындалатын мемлекеттiң соты, егер жасалған әрекет үшiн осындай жаза осы мемлекеттiң заңдарымен көзделсе қабылдайды. Қосымша жаза осы бапта көзделген тәртiппен орындалады.  

 13-бап  

        Үкiм орындалатын мемлекеттiң құзыреттi органы бiр ай мерзiмнiң iшiнде Үкiм шығарылған мемлекеттiң құзыреттi органын осы Конвенцияның 12-бабына сәйкес қабылданған үкiмнiң орындалуы туралы соттың шешiмi жөнiнде хабардар етедi.  

 14-бап  

        Үкiм орындалатын мемлекетке жазасын өтеу үшiн берiлген адам жөнiнде оның аумағында сондай әрекет жасағаны үшiн сотталған адамдар сияқты сотталудың құқықтық салдары туады.        Басқа Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты шығарған үкiмдi орындау үшiн берiлген адам сондай әрекеттерiне байланысты заңды күшiне енген үкiм шығарылған Үкiм орындалатын мемлекеттiң аумағында қайтадан қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмайды.  

 15-бап  

        Сотталушы берiлгенге дейiн өтелмеген жазаны орындау, сондай-ақ үкiмдi орындау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн жазадан толық немесе ішінара босату Үкiм орындалатын мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.        Үкiм шығарылған мемлекет те, Үкiм орындалатын мемлекет те кешiрiм жасау және рақымшылық жасау актiлерiн қолдануға, сондай-ақ егер бұл Үкiм орындалатын мемлекеттiң заңдарымен көзделсе, жазылмайтын ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда сотталушыны жазаны одан әрi өтеуден босата алады.        Үкiм орындалатын мемлекетке берiлген сотталушы жөнiндегi үкiмдi қайта қарауды тек Үкiм шығарылған мемлекеттiң құзыреттi органы ғана жүзеге асыра алады.  

 16-бап  

        Егер сотталушыны жазасын өтеу үшiн бергеннен кейiн Үкiм шығарылған мемлекеттiң құзыреттi соты үкiмдi өзгертсе, онда бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi мен басқа да қажеттi құжаттар Үкiм орындалатын мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi. Үкiм орындалатын мемлекеттiң соты осы шешiмнiң орыңдалуы туралы мәселенi осы Конвенцияның 15-бабында көзделген тәртiппен шешедi.        Егер сотталушы жазасын өтеу үшiн берiлгеннен кейiн үкiм Үкiм шығарылатын мемлекетте қылмыстық iс тоқтатыла отырып бұзылса, онда бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi орындау үшiн жедел түрде Үкiм орындалатын мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi.        Егер сотталушы жазаны өтеу үшiн жiберiлгеннен кейiн үкiм Yкiм шығарылған мемлекетте бұзылса және жаңадан тергеу немесе сот талқылауы көзделсе, онда бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi, қылмыстық iстiң материалдары және басқа да материалдар сотталушы жоқ, кезде қажеттi iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлгеннен кейiн осы Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн Үкiм орындалатын мемлекетке жiберiледi. 

17-бап  

      Әр Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша осы Конвенцияға сәйкес үшiншi Уағдаласушы Тарапқа берiлетiн сотталушыны өз аумағы бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат етедi. 

18-бап  

      Сотталаушыны беруге байланысты шығыстарды өз аумағы шегiнде Yкiм шығарылған мемлекет, ал транзиттiк тасымалдауға байланысты шығыстарды, - осындай тасымалдау жөнiнде өтiнiш жасаған Уағдаласушы Тарап көтередi. 

19-бап  

      Осы Конвенцияның ережелерi Конвенция күшiне енгенге дейiн сотталған адамдар жөнiнде де қолданылады. 

20-бап  

      Осы Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану жөнiнде пайда болған даулар Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арасында консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi. 

21-бап  

      Осы Конвенцияның ережелерi Уағдаласушы Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды. 

22-бап  

      Осы Конвенцияны орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттiк тiлдердi және орыс тiлiн пайдаланады.       Уағдаласушы Тараптар құжаттарды мемлекеттiк тiлдерде орындаған жағдайда оларға орыс тiлiндегi куәландырылған аудармалар қоса беріледi. 

23-бап  

      Осы Конвенция оған басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.       Қосылған мемлекеттер үшiн Конвенция осы Конвенцияның депозитариi болып табылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы Хатшылығына қосылу туралы құжат өткiзiлген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.  

 24-бап  

        Осы Конвенция Уағдаласушы Тараптар депозитарийге оның күшiне енуi үшiн кажеттi iшкiмемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы үшiншi құлақтандыру берiлген күннен бастап күшiне енедi.        Қажеттi рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Уағдаласушы Тарап үшiн ол тиiстi құжаттарды депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.        Осы Конвенция ол күшiне енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм бiткеннен кейiн Конвенция әр ретте жаңа бесжылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.  

 25-бап  

        Әр Уағдаласушы Тарап осы Конвенциядан шыға алады, олар бұл жөнiнде депозитарийдi жазбаша түрде құлақтандыруы керек. Осы Уағдаласушы Тарап үшiн Конвенция депозитарий шығу туралы құлақтандыруды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейiн күшiн жояды.       Мәскеу қаласында 1998 жылғы 6 наурызда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталуда, ол әр мемлекетке осы Конвенцияның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi. 

      Әзiрбайжан Республикасы үшiн       Молдова Республикасы үшін 

      Армения Республикасы үшiн          Ресей Федерациясы үшін 

      Беларусь Республикасы үшiн         Тәжікстан Республикасы үшін 

      Грузия үшiн                        Түркменстан үшін 

      Қазақстан Республикасы үшiн        Өзбекстан Республикасы үшін 

      Қырғыз Республикасы үшiн           Украина үшін  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруҚІЖК-нің 480-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазаны орындайтын мекеме не...

Толық оқу »

72-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

72-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеу...

Толық оқу »

86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған...

Толық оқу »

70-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

70-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату 1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу...

Толық оқу »

84-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

84-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Жазасын өтеуден шартты тү...

Толық оқу »

63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 1. Бас бостандығынан айыру түріндегі ж...

Толық оқу »

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Ескерту. 173-баптың...

Толық оқу »

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталға...

Толық оқу »

Бас прокуратураға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жазасын өтеуді жалғастыру туралы Адвокаттық сұрау салу

Бас прокуратураға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жазасын өтеуді жалғастыру туралы Адвокаттық сұрау салуҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасынаадвокат Саржанов Ға...

Толық оқу »

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару ко...

Толық оқу »

83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын сотталған жеріндегі арнаулы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы ҚК 74-бабын қолдану және жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхат

Қазақстан Республикасы ҚК 74-бабын қолдану және жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхатТүрксіб аудандық сотынаАлматы қаласысотталған адамнанЛ К ,08.09.1986 ж. т.ЕҰУ-да...

Толық оқу »

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралы

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралыҚаза...

Толық оқу »

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру ҚР ҚК,...

Толық оқу »

165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен...

Толық оқу »

103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бір орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің шегінде, сондай-ақ...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелері

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелеріҮкімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу тәртібін регламент...

Толық оқу »

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасы

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасыҚазақстан Республикасы Жо...

Толық оқу »

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру🔷 1. 76-баптың жалпы сипаттамасыАталған норма жазаны орындаудың жалпы тәртібінен ере...

Толық оқу »

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындау

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындауШымкент қаласы Абай аудандық сотының 2...

Толық оқу »

145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар толық қауіпсіз мек...

Толық оқу »

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою туралыҚазақста...

Толық оқу »

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерз...

Толық оқу »

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүк...

Толық оқу »

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж...

Толық оқу »

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орында...

Толық оқу »

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру🔹 1. Мақаланың құқықтық табиғаты мен мақсатыҚР...

Толық оқу »

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген...

Толық оқу »

54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотта...

Толық оқу »

72-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеуді кейінге қалдыру

72-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеуді кейінге қалдыру 1. Сотталған жүкті әйелдер...

Толық оқу »

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 1. Қылмыс жасағаны үшін сот...

Толық оқу »

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табы...

Толық оқу »

56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза...

Толық оқу »

25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталған адамның жаза...

Толық оқу »

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табылады

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табыладыҚК 72-бабының ережелері бас бостандығын шектеуге сотталған...

Толық оқу »

86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында көрсетілген құқықтары...

Толық оқу »

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1...

Толық оқу »

64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерз...

Толық оқу »

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару коде...

Толық оқу »

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген с...

Толық оқу »

53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстарына сотталған адам:      1) осы Кодексте белгіл...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Кәмелетке толмаған...

Толық оқу »

136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақхана...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы...

Толық оқу »

138-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

138-1-бап.Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1.Жазасын дағдылы жағдай...

Толық оқу »

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөл...

Толық оқу »

74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі    ...

Толық оқу »