Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріндегі тілшісінің мәртебесі туралы конвенцияны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 968 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- 2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріндегі тілшісінің мәртебесі туралы конвенция бекітілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі
Ресми куәландырылған мәтін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріндегі тілшісінің мәртебесі туралы конвенция
оған қол қойған Тараптардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін осы Конвенция тиісті хабарламаны депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
Қол қойғандар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы.
Хабарламаларды тапсырғандар:
Қазақстан Республикасы – 2004 жылғы 30 қыркүйекте депозитке тапсырылды;Беларусь Республикасы – 2005 жылғы 16 наурызда депозитке тапсырылды;Ресей Федерациясы – 2005 жылғы 26 мамырда депозитке тапсырылды;Армения Республикасы – 2005 жылғы 3 маусымда депозитке тапсырылды.
Конвенция 2005 жылғы 26 мамырда күшіне енді.
Мемлекеттер үшін күшіне енген күндері:
Қазақстан Республикасы – 2005 жылғы 26 мамыр;Беларусь Республикасы – 2005 жылғы 26 мамыр;Ресей Федерациясы – 2005 жылғы 26 мамыр;Армения Республикасы – 2005 жылғы 3 маусым.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, бұдан әрі Тараптар деп аталатын үкіметтер атынан, өз мемлекеттерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірі туралы ақпаратты кеңінен әрі еркін таратуға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын сақтауға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын білдіретін тілшілердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы кезінде кепілдіктер жасауға ұмтыла отырып, 1992 жылғы 9 қазандағы Ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді негізге ала отырып, ақпарат алмасуға кеңінен жәрдемдесуді көздейтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысына сәйкес әрекет ете отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
тілші – басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте аккредиттелген және оның ұлттық заңнамасына сәйкес тіркелген Тараптардың бірінің бұқаралық ақпарат құралын білдіретін тұлға (оның азаматтығына қарамастан);
аккредиттеу мемлекеті – тілші аккредиттелген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет;
аккредиттеу – бұқаралық ақпарат құралы өкілін аккредиттеу мемлекетінің уәкілетті органы жанында белгілі бір мерзімге тағайындау және оған аккредиттеу құжатын беру;
уәкілетті органдар – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын білдіретін тілшілерді аккредиттеу және олардың қызметі мәселелерін реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдар.
2-бап
Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын білдіретін тілшілердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы, сондай-ақ тілшілердің аккредиттеу мемлекетінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат алуы мен таратуы үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.
3-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде аккредиттелген тілшілердің құқықтық жағдайы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларымен, халықаралық шарттармен, осы Конвенцияның ережелерімен және Тараптардың заңнамасымен реттеледі.
4-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде аккредиттелген тілшілердің кәсіби қызметі аккредиттеу мемлекетінің заңнамасына және журналистік әдептің жалпы қабылданған қағидалары мен нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап
Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес тілшілердің кәсіби қызметін жүзеге асыруына байланысты олардың өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғауды қамтамасыз етеді.
6-бап
Тілшілер кәсіби міндеттерін жүзеге асырған кезде Тараптар уәкілетті органдар атынан ұлттық заңнамаға сәйкес тілшілерге ақпараттың ресми көздеріне қол жеткізуге, аккредиттеу мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берілетін негіздермен бірдей негіздерде баспасөз конференцияларына және басқа да осындай іс-шараларға қатысуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ тілшілердің ақпарат көзінің құпиялылығын сақтау құқығын таниды.
7-бап
Тілшілерге аккредиттеу мемлекетінің аумағында еркін жүріп-тұру құқығы беріледі, арнайы бару тәртібі белгіленген аудандар мен объектілер бұған кірмейді.
8-бап
Тараптар тілшілердің өздері білдіретін бұқаралық ақпарат құралдарына өз материалдарын аккредиттеу мемлекетінің заңнамасында тыйым салынбаған тәсілмен еркін беру құқығын сақтайды.
9-бап
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерін аккредиттеу және олардың тілшілік пункттерін ашу туралы өтініштер жазбаша өтініш келіп түскен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қаралады.
10-бап
Визалық режим қолданылған жағдайда, Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес тұрақты аккредиттелген тілшілерге және олардың отбасы мүшелеріне көп мәртелік кіру/шығу визаларын немесе аккредиттеу мемлекетінің аумағына еркін кіру және оның аумағынан шығу құқығын беретін өзге де құжатты ұсынады.
11-бап
Тараптар уәкілетті органдар атынан қажет болған жағдайда ұлттық заңнамаға сәйкес тұрақты аккредиттелген тілшілерге қызметтік және тұрғын үй-жайларды жалға алуға немесе сатып алуға жәрдем көрсетеді.
Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес аккредиттелген тілшілерге және олардың отбасы мүшелеріне күтпеген жағдайлар туындаған кезде (дүлей зілзала, жазатайым оқиға және т.б.) көмек көрсетеді.
12-бап
Тараптар уәкілетті органдар атынан тілші берген және ол білдіретін бұқаралық ақпарат құралы таратқан ақпараттың мазмұнына байланысты шектеу шараларын, оның ішінде тілшіні аккредиттеуден айыру немесе оны аккредиттеу мемлекетінен шығарып жіберу сияқты шараларды қабылдаудан, тілшінің аккредиттеу мемлекетінің заңнамасын бұзу жағдайларын қоспағанда, бас тартады.
13-бап
Осы Конвенцияның ережелерін түсіндіруге және қолдануға байланысты мәселелер, сондай-ақ оның бұзылу фактілері Тараптардың уәкілетті органдары тарапынан келіссөздер мен консультациялар арқылы қаралады және шешіледі.
14-бап
Осы Конвенция оған қол қойған Тараптардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін осы Конвенция тиісті хабарламаны депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
15-бап
Осы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Конвенцияның 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамамен ресімделеді.
16-бап
Осы Конвенция оның ережелерін қолдайтын және осы Конвенциядан туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
Қосылатын мемлекет үшін Конвенция қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
17-бап
Осы Конвенция ол күшіне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады.
Осы мерзім өткеннен кейін, егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, Конвенцияның қолданылу мерзімі әр жолы бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
18-бап
Әрбір Тарап депозитарийге шығу туралы кемінде 6 ай бұрын жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Конвенциядан шығатыны туралы мәлімдей алады.
2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Төлнұсқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Конвенцияға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін Молдова Республикасының Үкіметі үшін
Армения Республикасының Үкіметі үшін Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін Түрікменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Украина Үкіметі үшін
Грузияның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріндегі тілшісінің мәртебесі туралы конвенция жобасына қатысты ескертпесі
Кіріспенің төртінші абзацын қоспағанда.
Осы арқылы осы мәтіннің 2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріндегі тілшісінің мәртебесі туралы конвенцияның куәландырылған көшірмесінен алынған түпнұсқа мәтіннің дәлме-дәл көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініңХалықаралық-құқықтық департаментінің кеңесшісі
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заң қызметі Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Қазақстанның заң компаниясы Арбитраждық істер Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар