Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Түсініктеме 89-бабына Жұмыс уақыты нормасынан заңсыз асып кету Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің

Түсініктеме 89-бабына Жұмыс уақыты нормасынан заңсыз асып кету Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Түсініктеме 89-бабына  Жұмыс уақыты нормасынан заңсыз асып кету Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 

1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген қалыпты және қысқартылған жұмыс уақыты ұзақтығының және күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасынан заңсыз асып кетуі –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –

лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырма мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-бөлік. Әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып адамның әділ және қолайлы еңбек жағдайларына құқығын іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастар табылады.

Құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты ұзақтығының нормалары табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына кепілдік беріледі.

Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған басқа да уақыт кезеңдері (Еңбек кодексінің 1-бабының 47-тармағы).

Еңбек кодексінің 67-бабына сәйкес жұмыс уақытына мыналар жатады: дайындық-қорытынды жұмыстарының кезеңдері (наряд-тапсырманы, материалдарды, құрал-саймандарды алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), технологияға, еңбекті ұйымдастыруға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларына сәйкес көзделген үзілістер; қызметкер өз уақытын еркін пайдалана алмайтын кезде жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшіліктер, сондай-ақ еңбек және ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылатын басқа да кезеңдер.

Жұмыс уақыты:

  • қалыпты ұзақтықтағы;
  • қысқартылған ұзақтықтағы;
  • толық емес болуы мүмкін.

Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шартында жұмыс уақытының бұдан аз ұзақтығы көзделуі мүмкін, бұл ретте оған қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы үшін төленетіндей ақы төленеді.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді:

  1. он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
  2. он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленеді. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысы еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған қызметкерлерге қолданылады.

Жұмыс беруші еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізбеген жағдайда, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне, өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың тізіміне сәйкес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы толық көлемде беріледі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы – аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт белгіленеді. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле отырып және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес белгілейді.

Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауға тиіс.

Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртібінің қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады.

Өнер және мәдени демалыс саласындағы кәсіби ұйымдардың шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шарттарына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзге де ұзақтығы белгіленуі мүмкін.

Өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың рұқсат етілген ұзақтығынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.

Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне ауысу ауысым кестелерімен белгіленеді.

Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымы ішінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуға міндетті. Қызметкердің жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыты есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстардың, түнгі уақыттағы жұмыстың, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстың, іссапар күндерінің уақыты бөлек есепке алынады. Жұмыс уақытын есепке алудың нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

Қызметкердің жұмыс уақытына жұмыс орнынан тыс жерде орындалатын жұмыс кезеңдері енгізілген немесе олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақыт бойынша тіркей алмайтын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыс көлемін орындау ретінде көрсетіледі.

Түсіндіріліп отырған баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік жағы жұмыс берушінің еңбек заңнамасында айқындалған нормадан асып түсетін жұмыс уақытының және күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығын белгілеуге бағытталған әрекеті түрінде көрініс табады.

Құқық бұзушылықтың субъектісі – лауазымды адам, коммерциялық емес ұйым, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші. Лауазымды адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты мынадай мысал келтіруге болады: 2018 жылдың төртінші тоқсанында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүргізген тексерулерінің нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың алты басшысы өз қызметкерлерін жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге мәжбүрлегені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олар – Қоғамдық даму министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Әділет министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылары.

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен сипатталады. Жұмыс беруші жұмыс уақыты ұзақтығы нормасынан асып кетудің заңсыз екенін түсінді, оның зиянды салдарын алдын ала білді және осы салдардың туындауын қалады немесе оған саналы түрде жол берді не оларға немқұрайды қарады.

Түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау саралаушы белгі ретінде айқындалған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар қарайды (ӘҚБтК-нің 693-бабы).

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-практикалық түсініктеме (баптар бойынша)

Авторлар ұжымы:

Бачурин Сергей Николаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 48-тарау (Е. М. Хакимовпен бірлесіп);

Габдуалиев Мереке Трекович, заң ғылымдарының кандидаты – 11, 21, 22, 23-тараулар;

Жусипбекова Айнур Маратовна, заң магистрі – 13-тарау (А. В. Карпекинмен бірлесіп); 33, 39-тараулар (О. Т. Сейтжановпен бірлесіп);

Карпекин Александр Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 13-тарау (А. М. Жусипбековамен бірлесіп);

Корнейчук Сергей Васильевич – 2-тарау; 6-тарау (О. Т. Сейтжановпен және Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 8-тарау; 25-тарау (Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 457–470, 488, 488-1, 491–506-баптар; 28, 30, 52-тараулар;

Корякин Илья Петрович, заң ғылымдарының докторы, профессор – 49-тарау;

Кысыкова Гульнара Бауыржановна, заң ғылымдарының кандидаты – 20-тарау;

Омарова Ботагоз Акимгереевна – 17-тарау; 18-тарау (Б. А. Парманкуловамен бірлесіп); 26, 31-тараулар; 32-тарау (Б. А. Парманкуловамен бірлесіп);

Парманкулова Баян Асханбаевна – 18-тарау (Б. А. Омаровамен бірлесіп); 19-тарау; 32-тарау (Б. А. Омаровамен бірлесіп); 43-тарау (А. С. Тукиевпен бірлесіп);

Подопригора Роман Анатольевич, заң ғылымдарының докторы, профессор – 24-тарау, 489, 489-1, 490-баптар;

Порохов Евгений Викторович, заң ғылымдарының докторы – 14, 15, 16, 29-тараулар, 471–475-баптар;

Сейтжанов Олжас Темиржанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 4-тарау; 5-тарау (Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 6-тарау (С. В. Корнейчукпен және Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 9-тарау; 10-тарау (Б. Е. Шаймерденовпен және В. В. Филинмен бірлесіп); 33-тарау (А. М. Жусипбековамен бірлесіп); 36-тарау (Б. Е. Шаймерденовпен бірлесіп); 39-тарау (А. М. Жусипбековамен бірлесіп);

Смышляев Александр Сергеевич, PhD докторы – 38, 40, 42-тараулар; 43-1-тарау (А. С. Тукиевпен бірлесіп); 44-тарау;

Тукиев Аслан Султанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 1, 3, 35-тараулар; 38, 40, 42-тараулар (А. С. Смышляевпен бірлесіп); 43-тарау (Б. А. Парманкуловамен бірлесіп); 43-1-тарау (А. С. Смышляевпен бірлесіп); 44-1-тарау (Д. А. Шипппен бірлесіп); 45-тарау; 46-тарау (Д. А. Шипппен бірлесіп); 47-тарау;

Филин Владимир Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 10-тарау (О. Т. Сейтжановпен және Б. Е. Шаймерденовпен бірлесіп);

Хакимов Ержан Маратович, заң магистрі – 5-тарау (О. Т. Сейтжановпен бірлесіп); 6-тарау (О. Т. Сейтжановпен және С. В. Корнейчукпен бірлесіп); 7-тарау; 25-тарау (С. В. Корнейчукпен бірлесіп); 34, 41-тараулар; 48-тарау (С. Н. Бачуринмен бірлесіп); 53-тарау;

Шаймерденов Болат Еркенович, заң магистрі – 10-тарау (О. Т. Сейтжановпен және В. В. Филинмен бірлесіп); 12-тарау; 476–487, 507–509-баптар; 36-тарау (О. Т. Сейтжановпен бірлесіп); 37, 50, 51-тараулар;

Шипп Денис Алексеевич – 44-1, 46-тараулар (А. С. Тукиевпен бірлесіп).

Актінің өзгертілген күні: 01.01.2020

Актінің қабылданған күні: 01.01.2020

Қабылданған жері: 100050000000

Актіні қабылдаған орган: 103001000000

Қолданылу өңірі: 100000000000

Нормашығармашылық орган берген нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: 5

Актінің мәртебесі: жаңа

Құқықтық қатынастар саласы: 029000000000 / 028000000000 / 029002000000 / 028004000000 / 029001000000 / 026000000000 / 001000000000 / 001008000000 / 030000000000

Актінің нысаны: ТҮСІНІКТЕМЕ / КОДЕКС

Заңдық күші: 1900

Актінің тілі: орыс тілі

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Қызмет атқарған уақытын жеңілдікпен есептеуді міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген

Қызмет атқарған уақытын жеңілдікпен есептеуді міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінгенТалап қоюшы К. жауапкер Алматы облыстық ішкі істер департаментінің (бұдан әрі-Департ...

Толық оқу »

68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.      2. Еңбек шарт...

Толық оқу »

4-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі уақытындағы қылмыстық заңның қолданылуы

4-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі уақытындағы қылмыстық заңның қолданылуы Әрекеттің қылмыстылығы мен жазалануы осы әрекетті жасау кезінд...

Толық оқу »

Неке бала және отбысы істері бойынша Заңгер Сот іске қатысушы тараптардың біріне сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарламай оның қатысуынсыз істі қараса шағым наразылық дәлелдеріне қарамастан сот шешімінің күші жойылуға тиіс

Неке бала және отбысы істері бойынша Заңгер Сот іске қатысушы тараптардың біріне сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарламай оның қатысуынсыз істі қараса шағ...

Толық оқу »

Жауапкерге істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламау сондай ақ талапкердің істің елеулі мән-жайларын жасыруы сот актісінің күшін жоюға әкеп соқтырды.

Жауапкерге істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламау сондай ақ талапкердің істің елеулі мән-жайларын жасыруы сот актісінің күшін жоюға әкеп соқтырды.Қарағанды қаласы О...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша Алматыдағы заң компаниясы жауапкер талап арыздың көшірмесін алмауына соттың істі қарау уақыты мен орны туралы хабарламауына байланысты талап арызға кері байланыс беру және өз мүдделерін қорғау мүмкіндігінен айырылды.

Азаматтық іс бойынша Алматыдағы заң компаниясы жауапкер талап арыздың көшірмесін алмауына соттың істі қарау уақыты мен орны туралы хабарламауына байланысты талап арызға кері б...

Толық оқу »

69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:...

Толық оқу »

Шағымды сәйкестендіру үшін бірнеше рет уақыт беру арқылы жеке шағымдарды қарауды кейінге қалдыру

Шағымды сәйкестендіру үшін бірнеше рет уақыт беру арқылы жеке шағымдарды қарауды кейінге қалдыруЖеке айыптау істерін зерделеу арқылы сот ісін жүргізуге жеке шағымдарды ұзақ уа...

Толық оқу »

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің басталуы

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің басталуы Егер мерзім күнтізбелік күнмен белгіленсе (яғни, белгілі бір...

Толық оқу »

5-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы, ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

5-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы, ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Іс-әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол іс-әрекет жасалған уақытт...

Толық оқу »

5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік әрекетті орын...

Толық оқу »

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының мерзімдерін есептеу уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе басталғаннан кейінгі келесі күннен басталады

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының мерзімдерін есептеу уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе басталғаннан кейінгі келесі күнне...

Толық оқу »

26-бап. Құжаттарды берудің нақты уақытын көрсету  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

26-бап. Құжаттарды берудің нақты уақытын көрсетуЖылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы      1. Тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде тіркеуге келіп түсет...

Толық оқу »

Уақыттың нақты жоғалуы үшін шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатқа қарсылық

Уақыттың нақты жоғалуы үшін шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатқа қарсылықНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

74-бап. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

74-бап. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскерлер, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін олардың әлеумет...

Толық оқу »

Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы

Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 115-VII ҚРЗ.    ...

Толық оқу »

42-1-бап. Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ақылы коммуналдық тұрақтар ретінде айқындаған орындарда орынтұраққа қою Жол жүрісі туралы Заңы

42-1-бап. Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ақылы коммуналдық тұрақтар ретінде айқындаған орындарда орынтұраққа қою Жол жүрісі туралы Заңы      1. Ақылы...

Толық оқу »

4-бап. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

4-бап. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуыҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгенне...

Толық оқу »

Әрекетсіздікті заңсыз, заңсыз деп тану және ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілердің күшін жою туралы, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" ақпараттық жүйесінде ірі қара малды есепке қою және есептен шығару уақытының саны, кезеңдері туралы мәліметтерді түзету жөніндегі іс-қимылдар жүргізуге мәжбүрлеу туралы

Әрекетсіздікті заңсыз, заңсыз деп тану және ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілердің күшін жою туралы, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" ақпараттық жүйесінде ірі қ...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау уақыты салдардың басталу уақытына қарамастан ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті жасау уақыты деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау уақыты салдардың басталу уақытына қарамастан ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті жасау уақыты деп танылады."Қазақстан Республика...

Толық оқу »

174-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің аяқталуы

174-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің аяқталуы Бұл мақала белгілі бір күнтізбелік күнмен немесе оқиғаның ба...

Толық оқу »

4-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі уақытында азаматтық заңнаманың қолданылуы

4-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі уақытында азаматтық заңнаманың қолданылуы Азаматтық заңнаманың уақыт бойынша қолданылуы туралы ереженің практи...

Толық оқу »

173-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң басталуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

173-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң басталуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен немесе мерз...

Толық оқу »

174-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң аяқталуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

174-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң аяқталуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Жылдармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен к...

Толық оқу »

79-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

79-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүрг...

Толық оқу »

3-бап. Азаматтық процестік заңның уақыт тұрғысынан қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

3-бап. Азаматтық процестік заңның уақыт тұрғысынан қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Азаматтық сот ісін жүргізу процестік әрекетті орындау...

Толық оқу »

114-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

114-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Іске қатысатын адамның арызы бойынша, көрінеу теріс пи...

Толық оқу »

3-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі уақытында азаматтық іс жүргізу Заңының қолданылуы

3-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі уақытында азаматтық іс жүргізу Заңының қолданылуы1. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу ісін о...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысынан қолданылуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысынан қолданылуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Өздеріне қат...

Толық оқу »

114-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің уақытын жоғалтқаны үшін залалдарды өндіріп алу

114-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің уақытын жоғалтқаны үшін залалдарды өндіріп алу1. Іске қатысушы адамның арызы бойынша, көрін...

Толық оқу »

63-бап. Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу Теміржол көлігі туралы Заңы

63-бап. Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу Теміржол көлігі туралы Заңы      Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке ал...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республик...

Толық оқу »

89-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

89-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Респу...

Толық оқу »