Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 170-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

170-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

170-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамға қатысты сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.

      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда:

      1) амбулаториялық жағдайларда психиатрдың мәжбүрлеп байқауы және емдеуі;

      2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

      3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

      4) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.

      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін стационарға орналастырылған адам стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.

      4. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

      5. Қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есепке алу мен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу түрінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымды күзету осы ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтауды уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіпке сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

82-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК тәрбиелік ықпал етуінің мәжбүрлеу шаралары

82-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК тәрбиелік ықпал етуінің мәжбүрлеу шаралары 1. Сот кәмелетке толмағандарға тәрбиелік Ықпал етудің мынад...

Толық оқу »

72-3-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

72-3-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларыБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар...

Толық оқу »

171-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

171-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрле...

Толық оқу »

84-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

84-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар мынадай мәжбүрлеу шарала...

Толық оқу »

98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңОсы Кодекстiң91-бабыбiрiншi бөлiгiнің 3) жән...

Толық оқу »

47-1-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

47-1-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы      1. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының немесе ба...

Толық оқу »

Жазаны орындаумен қатар қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

Жазаны орындаумен қатар қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары📘 ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР Қылмыстық кодексінің 98-бабы жазаны орындаумен бір мезгілде медициналық сипат...

Толық оқу »