Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Осы Кодекстiң 91-бабыбiрiншi бөлiгiнің 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлерiне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
  2. Осы Кодекстiң 91-бабыбiрiншi бөлiгiнің 4) тармағында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
  3. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психикалық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздер бойынша жүргiзiледі.
  4. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның көрсетілген мекемелерде одан әрi емделуiне қажеттілік болмай қалған кезде оны шығару Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен жасалады.
  5. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша, психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы