Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне кіргізу (шығару) туралы азаматтық істер
«Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 3-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 355-бабына сәйкес сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
Көрсетілген санаттағы істерді облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары қарайды және сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.
«Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағына 3) тармақшасына сәйкес оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау бойынша талаптарын қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда, кепіл тұрғысында өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн.
Жоғарыдағылардың негізінде банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне кіргізу (шығару) туралы азаматтық істер тек банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкін, яғни тек борйышкерді банкрот деп таныған сотпен ғана қаралуға жатады.
Нормативтік Қаулының 17 тармағына сай кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) уақытша әкімші (уақытша басқарушы) шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күні әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті.
Уақытша әкімшінің (уақытша басқарушының) шешіміне кредитор, құрылтайшы (қатысушы), борышкер оңалту немесе банкроттық туралы істі қарап жатқан сотқа он жұмыс күні ішінде шағым беруі мүмкін.
Осы мерзім алдын алатын мерзім болып табылады, оны өткізіп алу шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Кредитордың, құрылтайшының (қатысушының) шағымы негізді деп танылған жағдайда сот кредитордың, құрылтайшының (қатысушының) талаптары енгізілуге тиіс кредиторлар талаптарының тізіліміндегі тиісті кезекті анықтауға міндетті.
Талап қоюшы «Alhambra Cooperatief U.F.» компаниясы сотқа жауапкер «Бірлескен кәсіпорын «Сага Крик Голд Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уақытша басқарушысына 04 наурыз 2016 жылғы 966.673.981,48 тенгеден тұратын кредиторлар талаптарын танудан және кредиторлар тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап арызбен жүгінген.
Талап қою келесідей негізделген, яғни 21 желтоқсан 2015 жылы талап қоюшы 3.147.954,87 АҚШ доллары, құнның балама сомасы 966.673.981,48 теңгеден тұратын қарыз ақшаны кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы арызбен жүгінген.
Алайда, 4 наурыз 2016 жылы құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған деген себеппен аталған талапты танудан бас тартылған.
Талап қоюшы уақытша басқарушыға даусыз қарыздың барлығын растайтын барлық құжаттар ұсынылған, құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмағаны кредиторлар талаптарын танудан бас тартуға негіз бола алмайды деп санайды. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 23.06.2016 жылғы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Біздің пікірімізше, бірінші сатылы сот талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру кезінде дұрыс қорытындыға келген, өйткені АПК-нің 72-бабына сай талап қоюшымен борышкердің оның алдында қарызының барлығын дәлелдейтін дәлелдемелердің анықтығын, қатыстылығын растайтын дәлелдемелер ұсынылмаған.
«Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 90-бабының 3-тармағына сай кредиторлардың талаптарында талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдары туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
Сот отырысында және өтінішке жолдаған жауабында уақытша басқарушы, кредитордың ұсынған талабында сәйкестендіру үшін құжаттардың түпнұсқалары болмағанын көрсеткен.
Талап қоюшы, талап қою арызында уақытша басқарушыға 23 желтоқсан 2015 жылғы келісімшарттың түпнұсқасын ұсынғанын көрсеткен.
Ал, өзі сәйкестендіру үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмағаны кредиторлар талаптарын танудан бас тартуға негіз бола алмайды деп санап, талап қоюшыда құжаттардың түпнұсқалары жоқтығын көрсетеді.
Осылайша, сотпен анықталғаны және тараптармен жоққа шығарылған жоқ, кредитор борышкердің оған қарызы бар екенін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын уақытша басқарушыға ұсынбаған.
Сотпен банкроттық басқарушының еңбек ақы төлеу бойынша талапты кредиторлар талаптарының тізілімінің бірінші кезегіне енгізу бойынша іс әрекетін заңсыз деп тану және банкроттық басқарушыны кредиторлар талаптарының тізілімін заңнамаға сәйкес келтіруге міндеттеу туралы талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдыру жағдайы да орын алған.
«ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы А.Т.Есбергенов сотқа «Казкоммерцбанк» АҚ-на, М.Б.Оспановқа «ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-гі кредиторларының 06.05.2015ж. қабылданған жалпы жиналысының кепілге қойылған «Казкоммерцбанк» АҚ-ның 439421256 теңгеге бағаланған 169 заттай мүлігін беру туралы шешімін заңсыз деп тануға және 19.03.2015 жылғы кредиторлық қарызды заттай мүліктік беру арқылы өтеу туралы келісімді жарамсыз деп тануға талап қою арызымен жүгінуіне, бұрынғы банкроттық басқарушы М.Б.Оспановтың кредиторлар талаптарының тізіліміне еңбек ақы төлеу бойынша кредиторларды заңсыз қоспағаны себеп болған.
Бұрынғы жұмысшыларды дер кезінде тізілімге қосқан жағдайда, бірінші кезектегі қарыз өтелетін еді. Өз тарапынан «Казкоммерцбанк» АҚ сотқа талап қою арызымен және оны нақтылау арызымен «ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы А.Т.Есбергеновқа 15.06.2016 жылы кредиторлар жиналысын өткізу бойынша және 27.06.2016 жылы кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу бойынша іс әрекетін заңсыз деп тануды, кредиторлардың жиналысында Банкті дауыс беру құқығынан айырған іс әрекетін заңсыз деп тану, 15.06.2016 жылғы кредиторлар жиналысының хаттамасын, 27.06.2016 жылғы кредиторлар комитеті жиналысының хаттамасын және сол жиналыстарда қабылданған шешімдерді жарамсыз деп тану , банкроттық басқарушының еңбек ақы төлеу бойынша талапты кредиторлар талаптарының тізілімінің бірінші кезек құрамына енгізген іс әрекетіне, банкроттық басқарушыны кредиторлар талаптарының тізілімін заңнамаға сәйкес, яғни еңбек ақы төлеу бойынша талапты бесінші кезектің құрамына енгізу арқылы, келтіруге міндеттеу туралы жүгінген.
Талап қою арызы келесідей уәждермен негізделген, яғни талап қоюшы 15.06.2016 жылы кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама алмаған, кредиторлар жиналысының хаттамасы және ол жерде қабылданған шешімдер заңсыз болып табылады. Кредиторлар комитеті жиналысының өткізілуі туралы хабарлама оларға 2 жұмыс күні ішінде түскен.
Кредитордың еңбек ақы төлеу бойынша талаптары бірінші кезек тәртібіне заңсыз енгізілген, өйткені аталған кредиторлар талаптарын көрсетілген мерзімнен кеш мәлімделген.
03.05.2016 жылғы хаттаманың мазмұнынан, кепілдегі мүлікті заттай қабылдағандығы себепті, Банк кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылған. Кепілдік мүлікті беру туралы сұрақ қаралған кредиторлар жиналысында ғана кепілдік кредитор дауыс беру құқығынан айырылады.
А.И.Крестьянинов , Ш.А.Казыгулов., Ж.Б.Каласова, Ж.С.Байсеитов сотқа «Казкоммерцбанк» АҚ-на, М.Б.Оспановқа хаттаманы жарамсыз деп тану және «ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-гі кредиторларының 06.05.2015 жылы қабылданған жалпы жиналысының кепілге қойылған «Казкоммерцбанк» АҚның 439421256 теңгеге бағаланған 169 заттай мүлігін беру туралы шешімін заңсыз деп тануға және 19.03.2015 жылғы кредиторлық қарызды заттай мүліктік беру арқылы өтеу туралы келісімді жарамсыз деп тануға талап қою арызымен жүгінген.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 16.08.2016 жылғы шешімімен «ХобасПайпс Казахстан» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы А.Т.Есбергеновтың талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған. А.И.Крестьянинов, Ш.А.Казыгулов, Ж.Б.Каласова, Ж.С.Байсеитовтың талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған.
«ХобасПайпс Казахстан» ЖШС-нің 06.05.2015 жылы қабылданған жалпы жиналысының кепілге қойылған «Казкоммерцбанк» АҚ-ның 439421256 теңгеге бағаланған 169 заттай мүлігін беру туралы шешімі заңсыз деп танылған; 19.03.2015 жылғы кредиторлық қарызды заттай мүліктік беру арқылы өтеу туралы келісім жарамсыз деп танылған.
«Казкоммерцбанк» АҚ-нің талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған. «ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы А.Т.Есбергеновтың 15.06.2016 жылы кредиторлар жиналысын өткізу және 27.06.2016 жылы кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу бойынша іс әрекеті заңсыз деп танылған. 15.06.2016 жылы кредиторлар жиналысында және 27.06.2016 жылы кредиторлар комитетінің жиналысында қабылданған шешімдер жарамсыз деп танылған.
Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. Соттың шешімі келесідей негізделген:
Банкроттық басқарушы А.Т.Есбергенов бұрынғы банкроттық басқарушы М.Б.Оспановтың құқықтық мирасқоры болып табылады және заңда банкроттық басқарушының өкілеттігінде алдынғы банкроттық басқарушының шешімдеріне және іс әрекетіне дау айту көзделмеген. «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 25-бабының 1-тармағына сай кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарды пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей кредиторға жіберу хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады.
Егер кредиторлардың саны елуден асса, борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, аталған интернет-ресурста кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлардың жиналысы өткізілетін күнге дейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей кешіктірмей жариялау міндетті болып табылады. 15.06.2016 жылы №12 хаттамамен ресімделген «ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-нің кредиторлар жиналысы өткізілген.
Аталған жиналыста кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданған. 27.06.2016 жылы ЖШС-нің кредиторлар комитетінің жиналысы өткізілген.
Алайда, анықталғандай, 15.06.2016 жылы кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы хабарлама кредитор Банктің мекен жайына түспеген. Банкроттық басқарушы хабарлама жолданбағанын теріске шығарған жоқ. Кредиторлардың бірі тиісті түрде хабардар етілмеген, сондықтан кредиторлар жиналысы Заңның 26 бабының 2 тармағына сай заңды болып табылмайды.
Бұл тұрғыда, кредиторлар комитетінің жиналысы заңсыз деп саналады.
Осыған орай, сот банкроттық басқарушының кредиторлар жиналысын және кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу бойынша, жиналыстарда қабылдаған шешімдер бойынша іс әрекеттері заңсыз деген қорытындыға келеді.
Хаттаманы жарамсыз деп тану туралы талап қанағаттандыруға жатпайды, өйткені жиналыста қабылданған шешімге дау айтуға болады.
Банктің кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырған іс әрекетін заңсыз деп тану туралы талабы да қанағаттандырусыз қалдыруға жатады. Банк аталған талабының негізінде 03.05.2016 жылғы хаттаманың мазмұнына сілтеме жасаған.
Сонымен қатар, Банк , келіспеген жағдайда, кредитор ретінде жиналыста қабылданған шешімге шағым келтіруге құқылы.
Банктің кредитордың еңбек ақы төлеу бойынша талаптары бірінші кезек құрамына заңсыз енгізілген, аталған кредиторлар талаптарын көрсетілген мерзімнен кеш мәлімдеген деп айтқан уәждері негізсіз. Шында да, еңбек ақы төлеу бойынша кредиторлар уақытша басқарушыға мұндай талаптармен жүгінбеген.
Аталған талаппен кредитор банкроттық басқарушы М.Б.Оспановқа 2014 жылдың қазан айында ғана арызданған. Жеке сот орындаушымен соттың еңбекақы өндіру туралы шешімінің негізінде атқару құжаттары жолданған.
Бірақ, аталған талаптарға тек 29.10.2015 жылы жауап беріліп, бұл жауапта кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуден бас тартылған. Актөбе қаласының 23.12.2015 жылғы, 06.01.2016 жылғы шешімдерімен, уәкілетті органның 08.02.2016 жылғы тексеру нәтижесінің актісімен, банкроттық басқарушы М.Б.Оспановтың еңбекақы өндіру туралы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуден бас тарту бойынша іс әрекеттері заңсыз деп танылған.
«Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 102 бабының 4 тармағына сай кредиторлардың еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптарының сомасын айқындау кезінде, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу қозғалған кезге түзілген берешек бірінші кезек құрамында ескеріледі.
Заңның 102 бабының 5 және 6 тармақтары кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары кредиторлар талаптары тізілімінің бесінші кезегінің құрамына қандай жағдайларда енгізілуге жататындығын анықтайды. Кредиторлардың еңбекақы төлеу бойынша талаптары көрсетілген мерзімнен кеш мәлімденсе тізілімнің бесінші кезегіне енгізіледі деп аталған заңның нормасында көзделмеген. Кредиторлардың еңбекақы төлеу бойынша талаптары қандай жағдайларда тізілімнің бесінші кезегіне енгізілетіндігі туралы банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидасында көзделген. (банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімінің формасы).
Осыған орай, банкроттық басқарушының еңбекақы төлеу бойынша талаптарын бірінші кезектің құрамына енгізу бойынша іс әрекеті заңды деп саналады. 06.03.2015 жылғы №4 кредиторлар жиналысының хаттамасына сай, кредиторлар жиналысының бір шешімімен кепіл мүлікті «Казкоммерцбанк» АҚ-на банкротқа қойылған талапты жартылай қанағаттандыру мақсатында заттай беруге шешім қабылданған.
Соңынан 06.03.2015 жылғы кредиторлар жиналысының шешімін орындау мақсатында «ХобасПайпсКазахстан» ЖШС-гі және «Казкоммерцбанк» АҚ арасында кредиторлық қарызды өтеу мақсатында, 439421256 теңгеге бағаланған 169 мүлікті заттай беру арқылы 19.03.2015 жылы келісім жасалынған.
Аталған 06.03.2015 жылғы кредиторлар жиналысы, еңбекақы төлеу бойынша кредиторлар кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген кезде, өткізілген. Жоғарыда көрсетілгендей, кредиторлар А.И.Крестьянинов, Ш.А.Казыгулов, Ж.Б.Каласова, Ж.С.Байсеитов банкроттық басқарушыға кепіл мүлікті беру туралы сұрақтың қаралуына дейін жүгінген, бірақ оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуден бас тартылған, банкроттық басқарушы М.Б.Оспановтың аталған іс әрекеттері заңсыз деп танылған.
Сот, еңбекақы төлеу бойынша кредиторлардың 06.03.2015 жылғы кредиторлардың жиналысына қатыспауы және ол жиналыста кепіл мүліктің кепілді кредиторға беруге шешім қабылдануы, аталған кредиторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзған деп санайды.
Заңның 103-бабының 3-тармағына сай кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай алуға келіскен кезде оның талаптарын өтеу осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен жүргізіледі. Кепіл мүлікті кепілді кредиторға беру ол бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары мен кепіл мүлкін сақтауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтегеннен кейін жүргізіледі.
Қазақстан Республиксының Азаматтық кодексінің 158-бабының 1- бөлігіне сай мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
Аталған мән жайларға орай, кепіл мүлікті заттай беруге 06.03.2015 жылы кредиторлар жиналысында қабылданған шешімді заңсыз деп тану және 19.03.2015 жылы кредиторлық қарызды өтеу мақсатында, мүлікті заттай беру арқылы 19.03.2015 жылы жасалынған келісімді жарамсыз деп тану туралы талаптар сотпен қанағаттандырылуға жатады деп тұжырымдалған.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар заң талаптарына сай келетін болса, және де кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
«BRANT» ЖШС «WellTech Services» ЖШС-нің банкроттық басқарушысына 39 254 784 теңге сомасына талаптарын кредиторлардың тізілімінің төртінші орнына енгізуді міндеттеу туралы сотқа талап арызбен жүгінген.
Талап арыз келесідей негізделген, яғни «BRANT» ЖШС-і мен «WellTech Services» ЖШС арасында келісім шарт жасалған.
Талап қоюшымен «Казахойл Актобе» ЖШС-не тиесілі Алибекмола кен орнында орналасқан №А114 бүйірлік оқпан ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісін әзірлеу және инженерлік сүйемелдеу қызметі көрсетілген.
Алайда «WellTech Services» ЖШС қызмет көрсету ақысын төлемеген және сот шешімімен банкрот болып танылған. Талап қоюшы уақытында банкроттық басқарушыға 39 254 784 теңге қарыз сомасын құрайтын талапты кредиторлардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама жолдаған, алайда оның талабы бесініші кезеңге қойылған.
Ақтобе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 10.10.2016 жылғы шешімімен «BRANT» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылған.
«WellTech Services» ЖШС-нің банкроттық басқарушысына «BRANT» ЖШС-нің қарыз сомасы 39 254 784 теңге құрайтын талабын «WellTech Services» ЖШС-нің кредиторлар тізілімінің төртінші кезеңіне енгізуді міндеттеу жүктелген.
Іс құжаттарымен анықталғандай, 02.06.2016 жылғы сот шешімімен «WellTech Services» ЖШС банкрот болып танылып, банкроттық мерзімі 9 айға белгіленген. Шешім 11.07.2016 жылы заңды күшіне енген.
Ақтобе облысының мемлекеттік кіріс департаменті РММ-нің №377 11.07.2016 жылғы бұйрығымен Исанов А.К. «WellTech Services» ЖШС-нің банкроттық басқарушы болып тағайындалған.
Заңның 88-бабының 3-тармағының 5)-тармақшасына сай, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін уақытша басқарушы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға міндетті.
07.04.2016 жылы «BRANT» ЖШС-нің басшысы Н.Т.Адильбеков «WellTech Services» ЖШС-нің уақытша басқарушы А.К.Исановқа «WellTech Services» ЖШС-нің кредиторлар тізіліміне 39 254 784 теңге қарызды қосу туралы хабарлама хатын, «BRANT» ЖШС және «WellTech Services» ЖШС арасында жасалған 09.04.2014 жылы шартты, 04.09.2014 жылы жасалған қосымша шартты және 10.08.2015 жылғы салыстып тексеру актісін қолма-қол тапсырған.
«WellTech Services» ЖШС-мен кредиторлар тізілімін жасау кезінде «BRANT» ЖШС-нің хабаралама хатын және ұсынған құжаттары жоғалтылған. 2016 жылдың 13 маусымында уәкілетті органның сайтында уақытша басқарушысымен қалыптастырылған кредиторлар тізілімі жарияланған, оның ішінде «BRANT» ЖШС-нің талаптары жоқ болып шыққан. 2016 жылдың 11 маусымында «BRANT» ЖШС бұрын тіркеген құжаттарын қайта тіркеп «WellTech Services» ЖШС кердиторлар тізіміне енгізу туралы хабарлама хатын уақытша басқарушыға жолдаған.
2016 жылдың 19 шілдесінде уәкілетті органның сайтында уақытша басқарушымен қайтадан қалыптастырылған кредиторлар тізілімі жарияланған, ол тізілімде «BRANT» ЖШС-нің талабы беру мерзімі өткізіп берілген деген негізбен тізілімнің бесінші кезеңіне қосылған.
Заңның 90-бабының 3-тармағына сай, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдары туралы жеке-жеке) мәліметтер;
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.Кредиторлар сондай-ақ, басқа да талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттарды келтіруге құқылы.
Заңның 90-бабының, 4,5-тармақтарына сай, көрсетілген мерзімнен кеш мәлімделген кредитордың талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс және танылған талаптар тізілімге енгізіледі.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келетін болса, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн. Заңның 100-бабының 5-тармағында, төртінші кезекте азаматтыққұқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ осы Заңның 104-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың талаптары қанағаттандырылатыны көзделген.
Яғни, талап қоюшы Заң талаптарында көрсетілген мерзімде уақытша басқарушыға кредиторлар тізіліміне енгізу туралы жүгініп талап келтіргендіктен және тіркелген құжаттары Заңның 90-бабының 3-тармағынай сай келетіндіктен, уақытша басқарушының оны тізілімнің бесінші кезеңіне қосқан әрекеттері заң талаптарына сай келмейді.
Кейбір жағдайларда, соттар банкроттық басқарушыға кредиторлар тізілімінің төртінші кезеңіне қоюды сұрағанталап арыздарын қанағаттандурысыз қалдырады.
«Bekem Metals Inc» компаниясы АПК-нің 48-бабының талаптарына сай «Кызыл Каин Мамыт» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы Б.С.Кумискалиевтың Заң талаптарын бұзып кредиторлар тізілімінің төртінші кезеңіне қоюдыжәне талабын негізсіз қараусыз қалдырып, кердиторлар тізілімінің бесінші кезеңіне қойған әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз келтірген.
Ақтобе обылысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 26.10.2016 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
Заң талапатарымен құжаттардың түпнұсқаларын тіркей отырып, қарыз сомасы мен негізін келтіре отырып кредторлардың тиісті тізіміне енгізу туралы арызды ұсыну кредиторға жүктелген. «Bekem Metals Inc» компаниясы уақытша басқарушы Б.С.Кумискалиевқа түпнұсқалары кредиторлар тізіліміне енгізу талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелеріқоса тіркеліп 25.08.2016 жылы жолданған.
Заңның 90 бабының, 4,5 тармақтарына сай, көрсетілген мерзімнен кеш мәлімделген кредитордың талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Банкрот туралы істің қозғалғандығы жөнінде және кредиторлармен талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы 2016 жылдың 7 шілдесінде уәкілетті органның сайтында жарияланғанын байлансыты, ал талап қоюшымен толық құжаттардың түпнұсқалары тіркеп, сомасы мен негіздерін келтіру арқылы 25.08.2016 жылы, яғни бір айлық мезрім өткеннен кейін бергендіктен, уақытша басқарушы Б.С.Кумискалиев талап қоюшыны кредиторлардың тізімілімінің бесінші кезеңіне негізді енгізілген.
Сондай-ақ, анықталғандай, талап қоюшымен 14.07.2016 жылы бастапқыда арызы келтіргенде, талап қобшының мекен-жайы көрсетілмеген және талаптың сомасы мен негіздерін (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) қуаттайтын тиісті құжаттары салыстыру үшін тұпнұсқалары тіркелмеген. Аталған арыз Б.С.Кумискалиевпен 02.08.2016 жылы электрондық поштасы арқылы алынған, аталған арыз Прохина К.В. жеке тұлғаның электронды поштасынан жолданған.
Б.С.Кумискалиевпен 05.08.2016 жылғы №22 хатпен арыз қараусыз қалдырылған, өйткені арызданушымен талаптың сомасы мен негізділігін қуаттайтын құжаттардың тұпнұсқалары ұсынылмаған, яғни уақытша басқарушымен арызданушыға кредиторлар тізіліміне енгізуден бас тартылған.
Сот отырысында К.В.Прохинның 05.08.2016 жылғы хатты алудан бас тартқанына ол «Bekem Metals Inc» ЖШС-нің өкілі болып танылмайды деген негізбен дау келтірілмеген, алайда арыз оның электронды мекен-жайынан жолданған.
Заң талапатарымен құжаттардың түпнұсқаларын тіркей отырып, қарыз сомасы мен негізін келтіріп кредторлардың тиісті тізіліміне енгізу туралы арызды ұсыну кредиторға жүктелген және талап қоюшымен талап арыз Заңның 90-бабының 3-тармағында көзделген мерзімнен кешіктіріліп келтірілуіне байланысты, уақытша басқарушымен арызданушыға тиісті тізілімге енгізуді сұраған талап арызын сот қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп тапқан.
Банкроттық басқарушының шешімдеріне шағым келтіру мерзімдерін қалпына келтіру
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 09.06.2014 жылғы шешімімен «Құнан транс» ЖШС банкрот болып танылып, банкроттық өндірісі қозғалған.
Қазақстан Республикасының инвестицияны дамыту және көлік Министрлігі Комитеті ММ «Құнан транс» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы З.Ж.Мухамеджанованың шешімін заңсыз деп тануды және комитеттің талаптарын кредиторлар тізіліміне енгізуді міндеттеуді сұрап талап арыз келтірген.
Талап арыз негіздері, жауапкер заңсыз әрекеттерімен борышкердің Комитет алдындағы қарыз сомасын 11 661 000 теңгені кредиторлар тізіліміне енгізуден бас тартуын мәлімдейді.
Сондай-ақ, талап қоюшы банкроттық басқарушының шешіміне шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруді, өйткені бастапқыда банкроттық басқарушының әрекеттеріне шағым келтіргенін, алайда талап арыз сотпен талап арыз ретінде емес, кіріс хат ретінде тіркелуін негіздейді.
Заңның 91-бабының 2-тармағына сай, уақытша басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оған банкроттық туралы істі қарайтын сотқа он жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы.
Талап қоюшының шағымдану мерзімін өткізуі негізді деп танылып, талап қоюшымен өткізілген шағымдану мерзімі қалпына келтірілген.
Астана қаласының мамандандырылған ауданарлық эжкономикалық сотының 15.06.2016 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылған, банкроттық басқарушының әрекеттері заңсыз деп танылып, оған кредиторлар тізіліміне Комитеттің талабы 11 661 000 теңгені енгізу міндеті жүктелген.
Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне кіргізу (шығару) туралы азаматтық істерді қарағанда қолданылатын Заңнама.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңнамасы Конституцияға негізделіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі – АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңынан (бұдан әрі – «Оңалту және банкроттық туралы» Заң), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 5 «Оңалту және банкроттық туралы туралы заңды қолданудың тәжрибесі туралы» нормативтік қаулысынан, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңынан және де банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізіліміне кіргізу (шығару) туралы істердің ерекшелiктерiн белгiлейтiн өзге Заңдар және нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Оңалту және банкроттық туралы заңнамамен уақытша әкімшінің (уақытша басқарушының) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру бойынша міндеті белгіленген. Кредиторлар борышкерге талаптарын кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабар жарияланған сәттен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың бір ай мерзім ішінде мәлімделген талаптарын уақытша әкімші (уақытша басқарушы) оларды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс және танылған талаптар тізілімге енгізіледі. Кредитордың бір ай мерзімнен кешіктіріп мәлімдеген талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор кредиторлардың бір ай мерзім ішінде мәлімдеген талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлардың жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Тізілімге кредиторлардың «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 72- бабы 2-тармағының және 90-бабы 3-тармағының талаптарын сақтай отырып бұрын сотқа мәлімдеген талаптары да енгізілуі мүмкін. Кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) уақытша әкімші (уақытша басқарушы) шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күні әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Дела о включении (исключении) в реестр требований кредиторов при банкротстве
39 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 2 октября 2015 года №5 каз
43 рет жүктеп алынды -
НОРМАТИВНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК ОТ 11.07.2003 № 8 каз
43 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 2 октября 2015 года №5 рус
43 рет жүктеп алынды -
НОРМАТИВНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК ОТ 11.07.2003 № 8 рус
42 рет жүктеп алынды -
2510_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
40 рет жүктеп алынды