Сақтандырушы ұйымды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның істері мен мүліктерін басқару өкілеттігі ауысқан таратушы комиссия таратылған ұйымның несиешілеріне барлық сақтандыру төлемдерін төлеуге тиіс.
Талапкер Е. жоғары қатер көзі арқылы келтірілген материалдық зиянды өндіру туралы «СВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі – Серіктестік), «Сақтандыруды кепілдендіру қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі- Акционерлік қоғам) және моральдық зиянды өндіру туралы азамат Х.-ға қарсы сотқа талап арыз берген. Тұтастай алғанда, ол 219 566 теңге материалдық зиян, 200 000 теңге моральдық зиян өндіруді, 45 000 теңге сараптама шығыны мен сот шығынын қайтаруды талап еткен. Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2013 жылғы 28 мамырдағы шешімімен Е.-нің талаптары ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына Серіктестіктен 219 566 теңге материалдық зиян, Акционерлік қоғамнан 45 000 теңге сараптама шығыны өндірілген, қалған талаптар қанағаттандырусыз қалдырылған. Қарағанды облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Өз кезегінде кассациялық сот алқасы апелляциялық сатының қаулысын күшінде қалдырған. Акционерлік қоғам сот актілерінің сараптама шығынын өндіру туралы бөлігінде материалдық құқық нормасын дұрыс түсіндірмеуге жол берілгенін көрсетіп, сот актілерін осы бөлігінде бұзуды сұрап, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш берген. Өтінішке қатысты пікірінде Серіктестік дауланып отырған сот актілерін өзгеріссіз, өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрайды.
Сақтандырушы ұйымды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның істері мен мүліктерін басқару өкілеттігі ауысқан таратушы комиссия таратылған ұйымның несиешілеріне барлық сақтандыру төлемдерін төлеуге тиіс.
Прокурордың сот актілерін Акционерлік қоғамнан 45 000 теңге өндіру туралы бөлігінде бұзып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығару керек деген қорытындысын тыңдап, өтініш уәждерін және іс материалдарын зерттеп, қадағалау сот алқасы төмендегідей негіздер бойынша сот актілерін өзгертті. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының елеулі түрде бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Аталған істі қарау барысында осындай заң бұзушылыққа жол берілген. Іс материалдарына қарағанда, жауапкер Х. Серіктестіктің меншікті көлігі «Mercedes-Benz» автомашинасын жүргізіп келе жатып, жол-көлік апатын жасаған. Соның нәтижесінде талапкер Е.-нің жеке меншігіндегі «Камаз» жүк машинасы мен тіркемесі елеулі түрде зақымданған. Қарағанды облысы Шет ауданының №2 сотының шешімімен Х. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жол-көлік апатынан келген зиянды өндіруге міндеттелген.
Жылжымалы мүліктің құны мен оның зақымдану мөлшерін, көлікті қалпына келтіру жұмыстарын бағалау жөніндегі есепке орай, «Камаз» жүк машинасын жөндеу-114 366 теңге, тіркемесін қалпына келтіру - 1 076 000 теңге деп бағаланған. Талапкерге келтірілген зиянның жалпы көлемі 1 Серіктестіктің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған «Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (Сақтандыру компаниясы) Е.-ге 970 800 теңге сақтандыру төлемақысын төлеген. Аталған мән-жайларды жауапкер Акционерлік қоғам дауламайды. Е.-нің талаптарын ішінара қанағаттандыру барысында бірінші сатыдағы сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 917 және 937-баптарына сүйеніп, Серіктестіктен талапкердің пайдасына 219 566 теңге материалдық зиян және Акционерлік қоғамнан 45 000 теңге сараптама шығынын өндірген. Соттың бұл шешімімен апелляциялық және кассациялық сот сатылары да келіскен. Бұл ретте өтініш иесі тәуелсіз сарапшының қызметіне жұмсалған шығынды өтеу Акционерлік қоғамға емес, жоғары қатер көзінің меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған Сақтандыру компаниясына жүктелуге тиіс деген негізді уәж келтіреді.
Жоғары қатер көзінің меншік иесі Серіктестіктің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі Сақтандыру компаниясында сақтандырылған. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 9 тамыздағы заңды күшіне енген шешімімен Сақтандыру компаниясы таратылған. Қазақстан Республикасының Қаржылық сауда мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Сақтандыру компаниясын таратушы комиссияның құрамын бекіткен, АК-нің 50-бабының 2 және 3-ші тармақтарына сәйкес, заңды тұлғаның істері мен мүліктерін басқару өкілеттігі осы комиссияға ауысқан. «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, кепілдендіруші қорға қатысушы - сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап, оның істері мен мүліктерін басқару өкілеттігі ауысқан таратушы комиссия : - мәжбүрлеп таратылған сақтандырушы ұйымның сақтандыру төлемдерін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіп және шартпен төлеуге; - сақтандыру шарттары бойынша туындаған барлық сақтандыру жағдайларында мәжбүрлеп таратылған сақтандырушы ұйым несиешілерге төлеуден бас тартқан немесе сақтандыру төлемін толықтай емес, ішінара төлеген жағдайларда кепілдендірілген сақтандыру қаржысын «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңында көзделген тәртіппен толық төлеуге тиіс. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 1-бабының 14)тармақшасына сәйкес, сақтандыру төлемісақтандырушы сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін қаржы. Аталған Заңның 1-бабының 12)тармақшасында, сақтандыру сомасысақтандыру нысаны сақтандырылған сома және сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегі деп көрсетілген.
Осыған орай, тәуелсіз сарапшының қызметін төлеу сақтандыру төлеміне жатпайды, себебі, бұл шығын сақтандыру сомасына кірмейді, сондықтан сақтандыруды кепілдендіруші қор, яғни Акционерлік қоғам оны төлеуді кепілдендіре алмайды. Осы Заңның 22-бабының 8-тармағына орай, сақтандырылушы не жәбірленуші (пайда алушы) тәуелсіз сарапшының қызметі үшін жұмсаған шығынды сақтандыру төлеміне қатыссыз сақтандырушы өтеуі керек. Істің мұндай тұрғысында, Заңның 22-бабының 8-тармағына сәйкес, жоғарыдағыдай шығынды өтеу туралы талап жоғары қатер көзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған Сақтандыру компаниясының таратушы комиссиясына қойылуы мүмкін. Іс бойынша анықталған мән-жайларды ескеріп және жоғарыда келтірілген заң ережелеріне сүйеніп, қадағалау сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Акционерлік қоғамнан тәуелсіз сарапшының қызметін төлеуге жұмсалған шығынды өндіру туралы бөлігінде күшін жойды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Сақтандырушы ұйымды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның істері мен мүліктерін басқару өкілеттігі ауысқан таратушы комиссия таратылған ұйымның несиешілеріне барлық сақтандыру төлемдерін төлеуге тиіс.
234 рет жүктеп алынды -
Сақтандырушы ұйымды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның істері мен мүліктерін басқару өкілеттігі ауысқан таратушы комиссия таратылған ұйымның несиешілеріне барлық сақтандыру төлемдерін төлеуге тиіс.
219 рет жүктеп алынды