Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 

      1. Ұйымдардың басшылары:

      1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арналған жұмылдыру дайындығының жай-күйi, жұмылдыру дайындығы мүдделерiнде жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) мен тапсырыстардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;

      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жұмылдыру қуаттары мен жұмылдыру резервтерiнiң сақталуын және оларға ешкiмнiң тимеуiн ақылы негiзде қамтамасыз етедi;

      2-1) жұмылдыру тапсырысын белгілеу үшін өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға береді;

      3) өндiрiстi жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арналған тапсырыстарды орындау жөнiндегi шарт мiндеттемелерiн орындау мақсатына дайындауды жүзеге асырады;

      4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мүдделерiнде шарттарға (келiсiм-шарттарға) сәйкес тауарлар шығаруға, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге арналған тапсырыстарды орындайды;

      4-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларды өткізуге қатысады;

      5) жұмылдыру жарияланған кезде жұмылдыру жоспарларына сәйкес өндiрiстi соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;

      6) жергiлiктi әскери басқару органдарының жұмысына жәрдем көрсетедi, өздерiмен еңбек қатынастарында тұрған және шақырылуға тиiстi азаматтардың есебiн алуды ұйымдастырады, оларға мерзiмiнде хабар берудi және жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне азаматтарды жеткiзудi, техника берудi қамтамасыз етедi, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында олардың құнын кейiннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен өтеу арқылы жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiктi және басқа да материалдық құралдарды қорғаныс мұқтаждарына бередi;

      7) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

      8) жұмылдыру дайындығы жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн арнаулы құрамалардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Оларды ұстау жөнiндегi шығындар тиiстi органдар мен ұйымдар арқылы мемлекеттiк бюджеттен толықтырылады;

      9) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруге міндетті;

      10) ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын тиісті мемлекеттік органдармен, тапсырыс беруші ұйымдармен келіседі және оларды бекітеді.

      2. Ұйымдардан жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында арналған мемлекеттiк қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттiк тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ. 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы