Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 388-1-бабына түсініктеме. Жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 388-1-бабына түсініктеме. Жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 388-1-бабына түсініктеме. Жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау

1. Жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында лауазымды адам немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау — бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК-нің 388-1-бабында көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі кінәлі адамның өзінің заңсыз әрекеттерімен жұмылдыру және жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету тәртібін бұзуында, жұмылдыру және әскери бөлімшелердің өздеріне жүктелген міндеттерді қалыпты орындауын қиындатуында, соның салдарынан мемлекеттің жұмылдыру әзірлігі мен қорғаныс қабілетіне (оның ішінде материалдық) залал келтірілуінде болып табылады.

Қарастырылып отырған қылмыстың объектісі мемлекеттік органдар басшыларының жұмылдыру тапсырмаларын немесе тапсырыстарын орындау тәртібін белгілейтін және лауазымды адамдардың, коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамдардың немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың заңды қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қосымша объект ретінде заңмен қорғалатын азаматтардың өмірі мен денсаулығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті, мүліктік мүдделері, құқықтары мен бостандықтары, қоғам мен мемлекеттің мүдделері болуы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 388-1-бабында көзделген қылмыстың объективтік жағы жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында лауазымды адам немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамаудан көрінеді және тиісінше әрекетсіздікпен сипатталады.

Қарастырылып отырған қылмыстың диспозициясы бланкеттік сипатқа ие және лауазымды адамның немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын орындамауының белгілерін айқындамайды. Осыған байланысты жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмасының немесе жұмылдыру тапсырысының орындалмағаны туралы фактіні анықтау үшін лауазымды адамдардың немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамдардың не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын орындау міндетін көздейтін басқа нормативтік құқықтық актілерге не арнайы қағидаларға жүгіну қажет. Атап айтқанда, 1997 жылғы 16 маусымдағы «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», 2003 жылғы 5 наурыздағы «Әскери жағдай туралы», 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және т.б. жүгіну қажет.

Орындамау (атқармау) — көзделген, тапсырылған және т.б. қандай да бір әрекетті жүзеге асырмау, жұмыстың орындалуын бұзу.

«Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес жұмылдыру тапсырмасы — жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақытында мемлекеттің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған іс-шараларды орындау үшін мемлекеттік органдарға берілетін тапсырма.

Жұмылдыру тапсырысы — жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақытында белгілі бір номенклатурадағы тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың саны мен сапасына, сондай-ақ арнайы құралымдар құруға арналған ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс (көрсетілген Заңның 1-бабының 11) тармақшасы).

«Жұмылдыру» ұғымы ҚР ҚК-нің 388-бабын талдау кезінде ашылған.

«Әскери жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес әскери жағдай — Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны немесе оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қатерді болғызбау немесе тойтару үшін жағдайлар жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және Қазақстан Республикасының Президенті Республика аумағында тұтастай немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 46) тармақшасына сәйкес соғыс уақыты — соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап, соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олар іс жүзінде тоқтатылған кезден ерте емес кезең.

Осылайша, жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау деп лауазымды адамның немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның өзінің кәсіби қызметін регламенттейтін нормативтік немесе жергілікті құқықтық актілерде көзделген әрекеттерді, яғни қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жасауға міндетті әрі мүмкіндігі болған әрекеттерді орындамауы түріндегі қылмыстық әрекетсіздікті түсіну қажет.

Мазмұндық тұрғыдан алғанда, жұмылдыру тапсырмасы немесе жұмылдыру тапсырысы белгілі бір әрекеттерді жасауға не оларды жасаудан бас тартуға қатысты нұсқаманы білдіреді. Жұмылдыру тапсырмасында немесе жұмылдыру тапсырысында жекелеген ережелер, мысалы, әрекеттерді жасау мерзімдері, олардың мерзімділігі, жасалған әрекеттерді ресімдеу тәртібі және т.б. нақтылануы мүмкін. Демек, жұмылдыру тапсырмасын немесе жұмылдыру тапсырысын орындамау белгіленген әрекетті толық көлемде де, ішінара да орындамаудан (мысалы, белгіленген әрекеттерді орындау мерзімдерін бұзудан) көрінеді.

«Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмылдыру тапсырмалары мен жұмылдыру тапсырыстары бойынша тапсырмалар беру Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің құзыретіне жатады.

Мәселен, жоғарыда аталған Заңның 5-бабының 4-3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жұмылдыру тапсырмалары мен жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалау қағидаларын бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген жұмылдыру тапсырыстарын ұйымдардың орындау тәртібін белгілейді, сондай-ақ ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және жұмыс бейіні өзгерген кезде жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау, беру тәртібін айқындайды және бұл туралы шешім қабылдайды (көрсетілген Заңның 7-бабының 4, 7-1-тармақтары).

Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшысына тікелей бағынатын жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің) құрылымы, штат саны, өкілеттіктері осы тапсырмалардың немесе тапсырыстардың сипаты мен көлеміне қарай айқындалады.

Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды (көрсетілген Заңның 13-бабы).

ҚР ҚК-нің 388-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы объективтік жағының құрылымы бойынша формальдық құрамға жатады, тиісінше, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір жағымсыз зардаптардың туындауы талап етілмейді, жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында лауазымды адамның немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын орындамағаны фактісінің өзі жеткілікті.

ҚР ҚК-нің 388-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен (тікелей немесе жанама қасақаналықпен) сипатталады, өйткені лауазымды адам немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын орындамай отырғанын сезінеді және мұны жасауды қалайды не оған саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайды қарайды.

Зерттеліп отырған қылмыс құрамына қатысты себеп пен мақсат субъективтік жақтың факультативтік белгілері мәртебесіне ие. Тиісінше, олар қылмысты саралауға әсер етпейді. Себептер әртүрлі болуы мүмкін және жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиіс.

Қылмыстың субъектісі арнайы болып табылады — лауазымды адам немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам.

«Лауазымды адам» ұғымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2) тармақшасында, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 3-бабының 26) тармақшасында берілген.

«Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам» ұғымы ҚР ҚК-нің 3-бабының 19) тармақшасында берілген.

«Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам» ұғымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4) тармақшасында, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 3-бабының 28) тармақшасында берілген.

Қарастырылып отырған норманың 2-бөлігінде жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында лауазымды адам немесе коммерциялық не өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған, ауыр зардаптарға әкеп соққан жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамағаны үшін жауаптылық көзделген.

Ауыр зардаптар ҚР ҚК-нің 3-бабының 4) тармақшасында тізбеленген. Қарастырылып отырған жағдайда ауыр зардаптарға мыналарды жатқызу қажет: адамның қайтыс болуы; екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуы; жәбірленушінің немесе оның жақын адамының (адамдарының) өзіне-өзі қол жұмсауы; денсаулыққа ауыр зиян келтіру; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру; адамдардың жаппай ауруға шалдығуы, жұқтыруы, сәулеленуі немесе улануы; халықтың денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауы; техногендік немесе экологиялық апаттың, төтенше экологиялық жағдайдың туындауы; ірі немесе аса ірі мөлшерде залал келтіру; жоғары қолбасшылық қойған міндеттердің орындалмай қалуы; мемлекеттің қауіпсіздігіне, апатқа немесе аварияға қатер төндіру; әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің ұзақ уақыт бойы төмендеуі; жауынгерлік тапсырманың орындалмай қалуы; әскери техниканың істен шығуы; келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де зардаптар.

Осылайша, ҚР ҚК-нің 388-1-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы құрылымы бойынша материалдық құрамға жатады.

ҚР ҚК-нің 388-1-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет те кінәнің қасақана нысанымен сипатталады. Алайда қарастырылып отырған әрекетте кінәнің қасақана нысаны тек жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау фактісіне ғана қатысты болуы мүмкін. Ал зардаптарға қатысты психикалық қатынас абайсыздық нысанында көрініс табуға тиіс. Кінәнің қасақана нысаны болған жағдайда кінәлі адамның әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша: жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау ретінде және ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануға тиіс.

ҚР ҚК-нің 388-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

ҚР ҚК-нің 388-1-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет ауыр қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилович Борчашвилидің 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар...

Толық оқу »

12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, эк...

Толық оқу »

15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен ж...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 388-бабына түсініктеме. Жұмылдыру бойынша шақырудан жалтару

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 388-бабына түсініктеме. Жұмылдыру бойынша шақырудан жалтару1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлеріне және...

Толық оқу »

18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен...

Толық оқу »

17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Әскери міндеттілерді мемлекетті...

Толық оқу »

19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемл...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Қазақстан Республикасының Президентi: 1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру...

Толық оқу »

22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Қазақстан Респ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгеріс енг...

Толық оқу »

5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту Автомобиль көлiгi туралы Заңы

5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тартуАвтомобиль көлiгi туралы Заңы      Автомобиль көлiгiнің жұмылдыру дайын...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкiлеттiгi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкiлеттiгi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Қазақстан Республикасының Құрылтайы: 1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру м...

Толық оқу »

8-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

8-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру с...

Толық оқу »

96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері Азаматтық қорғау туралы Заңы

96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктеріАзаматтық қорғау туралы Заңы     1. Жұмылдыру резервінің дәрілі...

Толық оқу »

9-бап. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

9-бап. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық о...

Толық оқу »

643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қазақстан Респу...

Толық оқу »

20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы хал...

Толық оқу »

11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында шақы...

Толық оқу »

5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тартуIшкi су көлiгi туралы Заңы      1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын,...

Толық оқу »

19-бап. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

19-бап. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Жұмылдыру бойынша, со...

Толық оқу »

388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан...

Толық оқу »

4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шараларға мынал...

Толық оқу »

174-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жұмылдыру бойынша шақырудан жалтару

174-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жұмылдыру бойынша шақырудан жалтару 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері...

Толық оқу »

388-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

388-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары...

Толық оқу »

34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы      1. Азаматта...

Толық оқу »

8-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

8-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Қазақстан Республи...

Толық оқу »

21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткiзу режимi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткiзу режимi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратт...

Толық оқу »

7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган: 1) мемлекет...

Толық оқу »

29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оны...

Толық оқу »

26-бап. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резерві, оларды жұмылдыру шарттары Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

26-бап. Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған мамандардың кадр резерві, оларды жұмылдыру шарттарыҚазақстан Р...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әкімшілік-аумақтық бірліктің...

Толық оқу »

686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті...

Толық оқу »

19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 1. Мемлекеттік бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мерзімді...

Толық оқу »