11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшiсiнiң құқықтарын пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында:
1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруға;
1-1) заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік алуға;
2) өзiнiң әскери қызметке қатыстылығын анықтау үшiн шақыру бойынша жергiлiктi әскери басқару органдарына келуге;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, көлiк құралдарын және өздерiнiң меншiгiндегi басқа да мүлiктi олардың құнын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен кейiн мемлекет тең мөлшерде өтейтiндей етiп беруге мiндеттi.
3. Жергiлiктi әскери басқару органдарының жұмылдыру ұйғарымдамасын немесе шақыру қағазын алған Қазақстан Республикасының азаматтары оларда айтылған талаптарды орындауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды орындауға тартылады, сондай-ақ белгiленген тәртiппен арнаулы құрамаларға қосылады.
5. Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған кезден бастап тұрғылықты жерiнен жергiлiктi әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз кетiп қалуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы