Басты бет /
НҚА /
13-бап. Жұмылдыру органдары Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы
13-бап. Жұмылдыру органдары Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы
13-бап. Жұмылдыру органдары Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы
1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы жұмылдыру дайындығы жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестiру және олардың жүргiзiлуiн бақылау мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бірінші басшысына тікелей бағынатын жұмылдыру органдарына (бөлiмшелеріне) жүктеледi. Жұмылдыру органдарының (бөлiмшелерінiң) құрылымы, штат саны, өкiлеттiгi осы тапсырмалардың немесе тапсырыстардың сипаты мен көлемі негізге алына отырып айқындалады.
1-1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары жұмылдыру органдарына (бөлiмшелеріне) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
2. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 334-IV Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.