Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 

      Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шараларға мыналар кiредi:

      1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау;

      2) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағын, экономикасын дайындау және мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жұмыс жағдайларын белгiлеу;

      3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;

      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;

      5) әскери мiндеттiлердi бекiтiп қою;

      6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу;

      7) қару-жарақ пен әскери техниканың бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау;

      8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;

      9) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;

      10) жұмылдыру резервінiң материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту;

      11) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалау;

      12) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;

      13) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;

      14) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшiру;

      15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;

      16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;

      17) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мiндеттерiн шешу мүдделерiнде халықаралық ынтымақтастық жасау;

      18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;

      19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      20) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;

      21) Азаматтық қорғаныс iс-шараларын жүргiзу;

      22) жұмылдыру iс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету. 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы