5-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша
жарлықтар, өкiмдер шығарады;
1-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) қол қояды;
3) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қауiп төнген ретте республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы дереу республика Парламентiне хабарлайды;
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жұмыс режимiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзедi, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтатады;
4-1) алып тасталды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4-2) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерiн бекiтедi;
4-3) жұмылдыру тапсырмалары мен жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау қағидаларын бекітеді;
4-4) жұмылдыру туралы жариялау тәртiбiн бекiтедi;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республиканың жұмылдыру дайындығы туралы жыл сайынғы баяндамасын қарайды;
6) соғыс уақытында мемлекеттiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы