643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын:
1) жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының болмауы;
2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі іс-шараларды орындамау;
3) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техниканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
4) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
5) әскери міндеттілерді броньдауды жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы