388-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырудан жалтару –
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Соғыс уақытында жасалған дәл сол іс-әрекет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жасақтау үшiн одан әрi шақырулардан жалтару –
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы