Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы 

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

      2) алып тасталды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзiрлеу мен орындауды ұйымдастырады;

      4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртiбiн белгiлейдi;

      5) алып тасталды;

      6) алып тасталды;

      7) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ жұмылдыруды, соғыс жағдайын жариялауға байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиiстi заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

      7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейiнiн өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау, басқаға беру туралы тәртіпті айқындайды және шешім қабылдайды;

      7-2) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекiтедi;

      7-3) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;

      8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарындағы (келiсiмдерiндегi) мiндеттемелердi орындау шараларын әзiрлеп, олардың орындалуын ұйымдастырады;

      9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша үкiметаралық келiссөздер жүргiзедi;

      10) алып тасталды

      11) алып тасталды

      12) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;

      12-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргізілуіне бақылау жасауды ұйымдастырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      14) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету, аумақтарды жедел жабдықтау және Азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiнде тапсырмалар белгiлейдi;

      15) Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссияны құрады және әскери міндеттілерді бекітіп қою қағидасын бекітеді;

      16) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуді ұйымдастырады;

      17) алып тасталды – ҚР 25.05.2020 № 332-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);      18) алып тасталды – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      19) алып тасталды;

      20) уақытша қайта тиеу аудандарын ұйымдастыру қағидасын және олардың орналасу схемасын бекітеді;

      21) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген тиісті кезеңге арналған жоспарын бекітеді;

      21-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;

      21-2) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығына басшылықты жүзеге асырады;

      22) жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланған, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;

      23) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      24) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы