7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Заңы
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
3) жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
3-1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгізеді;
6) жұмылдыру дайындығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
7) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігіне баға беруді жүзеге асырады және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отырады;
8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
8-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізеді;
8-2) жұмылдыру органдары туралы үлгілік ережені бекітеді;
8-3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;
8-4) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекітеді;
9) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
9-1) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау саласындағы қызметті үйлестіреді;
9-2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ жоғары тәуекел объектілеріне, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалау құжаттамасының сақтандыру қорын жасау, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды;
10) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы