Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 

      1. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

      2) қаржылық тұрғыдан орнықты болуы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы.

      Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын веб-портал мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен кірістер, төленген салықтар, негізгі құралдар, еңбекке ақы төлеу қоры жөніндегі мәліметтер негізінде автоматты түрде айқындайды;

      Қазақстан Республикасының заңдарында салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылған салық төлеушілер санатына жататын әлеуетті өнім берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында қаржылық орнықтылықтың қосымша өлшемшарттары белгіленуі мүмкін.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін негізгі құралдар мен еңбекке ақы төлеу қоры бойынша көрсеткіштерді қоспағанда, қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін біріктіруге жол берілмейді.

      Бұл ретте қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде (үздіксіз) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы құрылымының бірінші деңгейіне (секциясына) сәйкес келген жағдайда осындай біріктіруге жол беріледі;

      3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

      4) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы, сондай-ақ жұмыскерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

      Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіден шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны бойынша астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап етуге құқылы;

      5) жұмыс тәжірибесінің болуы.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған шарттар және олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде бар өзге де шарттар бойынша ғана ескеріледі.

      Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған жағдайда (қосылу, бірігу) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің ең көп жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, оның ішінде тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, олар:

      1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;

      2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      4. Әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсыну арқылы не Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы расталады.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттың болуы, қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберу қажет мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы талапты белгілеуге міндетті.

      Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші және (немесе) тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған немесе электрондық көшірмесін ұсынады.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті өнім берушісі осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын сол бір құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.

      6. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жекелеген түрлерін жүзеге асыру жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 26-бабында және 27-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      7. Әлеуетті өнім беруші және (немесе) тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбағанда, сол сияқты мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде мәліметтер болмағанда;

      2) әлеуетті өнім беруші өзінің сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарда, сол сияқты мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісі анықталғанда;

      3) анық емес ақпарат беру фактісі анықталғанда, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.

      8. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) осы баптың 7-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

169-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

169-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамда...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының талаптарын бұзылғаны үшін Сотпен жеке ұйғарым шығарылды

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының талаптарын бұзылғаны үшін Сотпен жеке ұйғарым шығарылды «тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекетт...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар-Мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізсіз жарамсыз деп танылды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар-Мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізсіз жарамсыз деп танылды"Т" ЖШС сотқа "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құры...

Толық оқу »

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясат...

Толық оқу »

15-бап. Мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

15-бап. Мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай...

Толық оқу »

Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің соңғы күнінің мерзімі және Мемлекеттік сатып алудағы салалық мерзімдері

Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің соңғы күнінің мерзімі және Мемлекеттік сатып алудағы салалық мерзімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның...

Толық оқу »

22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлауМемлекеттiк сатып алу туралы Заңы - Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану, заңсыз деп тану және қорытындылар хаттамасының күшін жою

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану, заңсыз деп тану және қорытындылар хаттамасының күшін жою№6001-23-00-6ап/239 20.07.2023 ж.Талапкер: "G"ЖШСЖауапкерлер: "і...

Толық оқу »

8-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында: әлеуетті өнім берушіл...

Толық оқу »

207-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

207-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Қазақста...

Толық оқу »

9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден...

Толық оқу »

Қорытындылар туралы хаттаманы заңсыз деп тану және Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану

Қорытындылар туралы хаттаманы заңсыз деп тану және Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану№6001-22-00-6ап/2483 18.05.2023 ж.Талапкер: "Б"ЖШСЖауапкер: "Мемлекетті...

Толық оқу »

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы хабарламаның, қорытындылар хаттамасының күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы хабарламаның, қорытындылар хаттамасыны...

Толық оқу »

Егер әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңда белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.

Егер әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңда белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану және күшін жою, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану және күшін жою, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы2025 жылғы 13 наур...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану туралы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану туралы№6001-22-00-6ап/2478 7.03.2023 ж.Талапкер: "А-С"ЖШСЖауапкер: "Шығыс...

Толық оқу »

23-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

23-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып...

Толық оқу »

26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Осы Заңда көзделген біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ мемлекетті...

Толық оқу »

Егер атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізген болса, әлеуетті өнім берушінің өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ

Егер атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті ті...

Толық оқу »

16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың...

Толық оқу »

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықМемлекеттiк сатып алу туралы Заңы - Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шіл...

Толық оқу »

Қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау міндетін жүктеу

Қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау міндетін жүктеуСот ЖШС-нің талабын қанағат...

Толық оқу »

14-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

14-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер нем...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қ...

Толық оқу »

12-бап. Конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпарат Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

12-бап. Конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпарат Мемлекетт...

Толық оқу »

7-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Әлеуетті өнім беруші, егер: 1) осы әлеуетті өнім беруші басшыларының, құрылта...

Толық оқу »

18-бап. Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

18-бап. Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді негізсіз қабылдамады, Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі ӘҚБтК 69-бабының 4-1-бөлігінің талаптарына байланысты істі сот сатыларына жіберген сәттен бастап тоқтатыла тұрады

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді негізсіз қабылдамады, Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі ӘҚБтК 69-бабының 4-1-бөлігінің...

Толық оқу »

25-бап. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

25-бап. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Мемлекетт...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурсқа қатысудан өтінімді қабылдамау бөлігінде конкурстық комиссияның шешімін заңсыз деп тану

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурсқа қатысудан өтінімді қабылдамау бөлігінде конкурстық комиссияның шешімін заңсыз деп тануМәселен, Қарағанды облысының мамандандырылған ауда...

Толық оқу »

28-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

28-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы даулардағы татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері (татуласу және медиативтік келісімдер)

Мемлекеттік сатып алу туралы даулардағы татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері (татуласу және медиативтік келісімдер)Мемлекеттік сатып алу туралы нормативтік қаулының 9-тар...

Толық оқу »