Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 

      1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

      2. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:

      1) осы Заңда көзделген жағдайларда конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда жүзеге асырылады.

      Осы ереже конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 15-бабының 7 және 9-тармақтарында көзделген шаралар шарт жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      3. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымнан, сондай-ақ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар бойынша сатып алу-сату;

      2) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      Мұндай сатып алуға монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы қорытындысы болған кезде жол беріледі;

      3) мыналарды:

      дағдарыстық ахуалдарды, төтенше ахуалдардың немесе төтенше жағдайлардың салдарларын болғызбау, оқшаулау және (немесе) жою;

      Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған, жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді оқшаулау және (немесе) жою;

      жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша карантинді аймақтарда және қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шаралар, шұғыл фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;

      электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникация жүйелеріндегі, теміржол, әуе, автомобиль, су көлігі объектілеріндегі, тазарту құрылысжайларындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы технологиялық бұзылуларды жою, жедел медициналық араласу үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, механизмдердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың жүру жолында дереу қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      4) саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      5) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6) жедел есепке алу ісі бойынша жедел-іздестіру қызметін, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру, халықаралық сұрау салуды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың және дауыс беретін акцияларының бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың:

      жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;

      қызметтік үй-жайларды, көлік құралдары мен өзге де техникалық құралдарды, цифрлық жүйелерді, мүлікті, сондай-ақ оларды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      астыртын ұйымдар мен объектілерді құру және күтіп ұстау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы танымдары бар лауазымды адамдар, аудармашылар, сарапшылар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы.

      Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың штаттағы жасырын қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ету үшін жедел есепке алу ісі шеңберінен тыс осы тармақшада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол беріледі;

      7) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың сатып алуы;

      8) өзге де сақтандыру түрлерін қоспағанда, медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөнінде көрсетілетін қызметті қоса алғанда, халықаралық рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      9) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалар көрсететін қызметтерді сатып алу;

      10) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының төсбелгісін және оның құжатын, мемлекеттік салыстырып тексеру таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін сатып алу;

      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      12) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетін ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

      13) жұмыскерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      14) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және олармен бірге еріп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      15) мыналардың:

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, тапсырыс берушілердің атынан әрекет ететін олардың оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін;

      дамуға ресми көмек саласындағы оператордың әріптес елдің аумағында дамуға ресми көмек жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      16) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      17) халықаралық және (немесе) шетелдік цифрлық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу;

18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      19) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы бекітеді.

      Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жиынтықтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының сотталғандарды және (немесе) жаза мерзімін өтегендерді не пробация қызметінде есепте тұрғандарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмысқа орналастыруы мақсатында тапсырыс берушімен жасалған шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен бірінен аспайтын көлемде тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуына жол беріледі;

      20) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      21) Қазақстан Республикасының Президентін, өзге де күзетілетін адамдарды және күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның ішінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу) үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеархивін қалыптастыру және қызметіне цифрлық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      22) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін адамдардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автомобиль көлік құралдары мен әуе кемелерін күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      23) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      24) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шет мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте талқылаулардың перспективаларын бағалау, мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      25) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      26) монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы қорытындысы болған кезде мемлекеттік органның тиісті өздерінің өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.

      Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы қорытындысының болуы жөніндегі талап ұлттық қауіпсіздік органдарының, сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды;

      27) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мамандандырылған авиациялық өндірушілер мен кәсіпорындардан авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      28) егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, сатып алу;

      29) оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарға, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді, көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, сатып алу;

      30) мемлекеттік музей, кітапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорды және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу;

      31) монополияға қарсы органның тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытындысы болған кезде көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      32) мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату операторының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру, өнер туындыларын көпшілік алдында орындау мен көрсету және мәдени құндылықтарды көрсету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      33) зоопаркке, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, музейге, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырысты орналастыру;

      34) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді авторлық қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу;

      35) егер мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктерді мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі ішіндегі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімдегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса.

      Осы тармақша өнім беруші алдыңғы жылы жасалған шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда, егер мұндай мемлекеттік сатып алу жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса немесе тапсырыс беруші ағымдағы қаржы жылы ішінде құрылған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда, бірақ екі айдан асырылмай қолданылады;

      36) Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу;

      37) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, сондай-ақ құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары болып табылатын байланыс қызметтерін, тауарларды сатып алу;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актіде айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жалға алынатын тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды техникалық күтіп ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп ұстау (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдардың), күзету және оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      39) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен инватакси көрсететін қызметтерді сатып алу.

      Шарттың жобасы мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның цифрлық жүйесінде:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген барлық шартқа;

      Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне тиесілігіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өткен Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне жіберіледі;

      40) мемлекеттік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды табуға және зарарсыздандыруға, терроризмге қарсы операцияларды, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату, қарулы қылмыскерлерді, экстремистерді, террористерді, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды ұстап алу және залалсыздандыру жөніндегі арнайы операцияларды жүргізуге байланысты қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      41) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жалпыелдік маңызы бар аса маңызды объектілер мен жобаларды іске асыруға бағытталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      42) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғадан тауарларды сатып алу;

      43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын офтейк-келісімшарттардың нысанасы болып табылатын тауарларды сатып алу.

      4. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен, оның ішінде форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      5. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам не орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе аппарат басшысының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      6. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған адам жоғарыда көрсетілген қағидаттардың сақталуына дербес жауапты болады.

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

169-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

169-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамда...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының талаптарын бұзылғаны үшін Сотпен жеке ұйғарым шығарылды

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының талаптарын бұзылғаны үшін Сотпен жеке ұйғарым шығарылды «тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекетт...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар-Мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізсіз жарамсыз деп танылды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар-Мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізсіз жарамсыз деп танылды"Т" ЖШС сотқа "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құры...

Толық оқу »

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясат...

Толық оқу »

15-бап. Мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

15-бап. Мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай...

Толық оқу »

Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің соңғы күнінің мерзімі және Мемлекеттік сатып алудағы салалық мерзімдері

Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің соңғы күнінің мерзімі және Мемлекеттік сатып алудағы салалық мерзімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның...

Толық оқу »

22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

22-1-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарлауМемлекеттiк сатып алу туралы Заңы - Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану, заңсыз деп тану және қорытындылар хаттамасының күшін жою

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану, заңсыз деп тану және қорытындылар хаттамасының күшін жою№6001-23-00-6ап/239 20.07.2023 ж.Талапкер: "G"ЖШСЖауапкерлер: "і...

Толық оқу »

8-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында: әлеуетті өнім берушіл...

Толық оқу »

207-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

207-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Қазақста...

Толық оқу »

9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден...

Толық оқу »

Қорытындылар туралы хаттаманы заңсыз деп тану және Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану

Қорытындылар туралы хаттаманы заңсыз деп тану және Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану№6001-22-00-6ап/2483 18.05.2023 ж.Талапкер: "Б"ЖШСЖауапкер: "Мемлекетті...

Толық оқу »

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы хабарламаның, қорытындылар хаттамасының күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы хабарламаның, қорытындылар хаттамасыны...

Толық оқу »

Егер әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңда белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.

Егер әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңда белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану және күшін жою, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану және күшін жою, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы2025 жылғы 13 наур...

Толық оқу »

11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бі...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану туралы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп тану туралы№6001-22-00-6ап/2478 7.03.2023 ж.Талапкер: "А-С"ЖШСЖауапкер: "Шығыс...

Толық оқу »

23-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

23-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып...

Толық оқу »

26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Осы Заңда көзделген біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ мемлекетті...

Толық оқу »

Егер атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізген болса, әлеуетті өнім берушінің өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ

Егер атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті ті...

Толық оқу »

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықМемлекеттiк сатып алу туралы Заңы - Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шіл...

Толық оқу »

Қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау міндетін жүктеу

Қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау міндетін жүктеуСот ЖШС-нің талабын қанағат...

Толық оқу »

14-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

14-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер нем...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қ...

Толық оқу »

12-бап. Конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпарат Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

12-бап. Конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпарат Мемлекетт...

Толық оқу »

7-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Әлеуетті өнім беруші, егер: 1) осы әлеуетті өнім беруші басшыларының, құрылта...

Толық оқу »

18-бап. Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

18-бап. Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді негізсіз қабылдамады, Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі ӘҚБтК 69-бабының 4-1-бөлігінің талаптарына байланысты істі сот сатыларына жіберген сәттен бастап тоқтатыла тұрады

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға конкурстық өтінімді негізсіз қабылдамады, Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі ӘҚБтК 69-бабының 4-1-бөлігінің...

Толық оқу »

25-бап. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

25-бап. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Мемлекетт...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурсқа қатысудан өтінімді қабылдамау бөлігінде конкурстық комиссияның шешімін заңсыз деп тану

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурсқа қатысудан өтінімді қабылдамау бөлігінде конкурстық комиссияның шешімін заңсыз деп тануМәселен, Қарағанды облысының мамандандырылған ауда...

Толық оқу »

28-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

28-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу туралы даулардағы татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері (татуласу және медиативтік келісімдер)

Мемлекеттік сатып алу туралы даулардағы татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері (татуласу және медиативтік келісімдер)Мемлекеттік сатып алу туралы нормативтік қаулының 9-тар...

Толық оқу »