22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы
1. Кәмелетке толмағандар арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылған кезден бастап оларға қорғаушысымен оңаша және жасырын кездесуге мүмкіндік беріледі.
2. Кездесулер арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтер беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесулер мерзімінен бұрын тоқтатылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі бойынша шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің ресми өкілдерінің өзі өкілі саналатын мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдік кәмелетке толмағанға баруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы