19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат бойынша берілген өкілеттіктері шегінде атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді жасайды.
2. Өкiлдiк берушiнің беретiн сенiмхатында өкiлдiң мынадай iс-әрекеттер жасауға:
1) атқарушылық құжатты ұсынуға және керi қайтарып алуға;
2) өкiлеттiктерін басқа тұлғаға беруге (қайта сенiм бiлдiруге);
3) сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға;
4) берілген мүлiктi (соның iшiнде ақшаны) алуға;
5) бiтiмгершiлiк келiсiм немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуға өкiлеттiктерi арнайы ескертiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы