Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 68-бабына түсіндірме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу
1. Адвокатты қорғаушы ретінде қорғауға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғауға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсырмасы немесе келісімі бойынша басқа да адамдар шақырады. Күдікті, қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы.
2. Қорғауға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өтініші бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді.
3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ уақыт бойы (кемінде бес тәулік) іске қатысуы мүмкін болмаған жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғауға құқығы бар куәға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсіби ұйымы не оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушы тағайындау шараларын қабылдауға құқылы. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғаушы ретінде белгілі бір адамды шақыруды ұсынуға құқылы емес.
4. Ұстап алынған немесе күзетпен қамауға алынған жағдайда, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуі жиырма төрт сағат ішінде мүмкін болмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартқан жағдайда адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушы тағайындау шараларын қабылдайды.
5. Адвокаттың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, оған негіздер болған кезде, күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға міндетті. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы төлеу мемлекет есебінен жүргізіледі.
6. Адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда, адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан кезде де мемлекет есебіне жатқызылуы мүмкін.
7. Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге бірнеше қорғаушы қатысса, қорғаушының қатысуы қажет болатын процестік әрекет тиісті күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның барлық қорғаушыларының оған қатыспауына байланысты заңсыз деп таныла алмайды.
8. Адвокат қорғаушы ретінде іске адвокат куәлігін және оның нақты адамды қорғау жөніндегі өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсеткеннен кейін кіріседі. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес басқа адам өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.
ҚР НҚА Эталондық бақылау банкіне ескерту!
ҚР ҚПК-нің 68-бабының 8-бөлігі ҚР 2018 жылғы 5 шілдедегі № 177-VI Заңының редакциясында да көзделген (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):
«8. Адвокат қорғаушы (өкіл) ретінде іске адвокат куәлігін және „Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы“ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткеннен кейін кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізу жөніндегі өкілеттігін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес басқа адам өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады».
ҚПК-нің 68-бабының 1–2-бөліктері, әдетте, қорғаушыны шақыру қорғау тарапының қатысушыларына, қорғауға құқығы бар куәға жүктелетіндігіне назар аударады. Бұл ретте істің сипатына, оның күрделілігіне және т.б. байланысты қорғаушылар бірнешеу болуы мүмкін. Алайда бұл әрдайым бола бермейді, сондықтан заң қорғауды қажет ететін адамның жазбаша өтініші бойынша қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушы шақыруына мүмкіндік береді. Ол өзінің біржақтылық танытты деп айыпталуын болдырмау мақсатында аталған адамға іс бойынша қорғаушы ретінде кімді шақырған жөн екендігін ұсынуға құқылы емес. Іске қорғаушылар тобы қатысатын мәселеге келетін болсақ, заң процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қорғаушының қатысуы талап етілетін жағдайларда олардың толық құрамда қатысуы міндетті емес екендігі туралы арнайы ескерту жасайды, бұл мұндай әрекеттердің заңдық күшіне ешқандай әсер етпейді (ҚПК-нің 68-бабының 7-бөлігі).
ҚПК-нің 68-бабының 3–4-бөліктерінің нормалары тәжірибеде ерекше назар аударуды талап етеді. Олар іске шақырылған немесе іс бойынша тергеуші адвокаттардың кәсіби ұйымы не оның құрылымдық бөлімшелері арқылы тағайындаған қорғаушының іске қатыспауы мүмкін болатын жағдайларды бекітеді. Заңда мұндай нормалардың болуы заңда көрсетілген мерзімдерде қорғаушының қатысуынсыз процестік немесе тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат берілетінін білдірмейді (қорғаушының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін жерде кемінде бес тәулік бойы болмауы, ал адам ұстап алынған немесе күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған істер бойынша – кемінде бір тәулік бойы болмауы). Тіпті осындай жағдайларда да ҚПК процестік немесе тергеу әрекеттерін қорғаушының міндетті қатысуымен жүргізуді талап етеді, ал анықтаушының, тергеушінің міндеті қорғаушының іске міндетті түрде қатысуы қажет болған кезден бастап оның іске қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Алайда мұндай практикалық жағдайларда басқа қорғаушы шақыру туралы бастаманы бастапқыда қылмыстық процесті жүргізетін органның ұсынысы бойынша қорғау тарапы, ақталған адам, қорғауға құқығы бар куә көтеруге тиіс, не қорғаушы тараптың қорғаушының қатысуынан тікелей бас тартуы жағдайында, оның ішінде мұны жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты, қорғаушы шақыру функциясын қылмыстық процесті жүргізетін орган өз мойнына алады.
ҚПК-нің 68-бабының 5–6-бөліктері адвокаттың еңбегіне ақы төлеу тәртібін реттейді: қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің, ақталған адамның, қорғауға құқығы бар куәнің, яғни қорғаушыны шақырған адамның есебінен немесе мемлекет есебінен. Мемлекет есебінен ақы төлеу, әдетте, қорғаушы қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғау тарапының ҚПК-нің 69-бабының 1–2-бөліктерінде көзделген жағдайларда қорғаушыдан тікелей бас тартуы кезінде іске енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
Мысалы, қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі, ақталған адам, қорғауға құқығы бар куә қорғаушының қатысуынан бас тартады не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сот сатыларында одан бас тартады, немесе оның еңбегіне ақы төлеуге қаражаты болмағандықтан оны шақырудан бас тартады, ал заң бойынша оның іске қатысуы міндетті болып табылады.
Бірінші жағдайда, ақы төлеу қорғау тарапының, ақталған адамның, қорғауға құқығы бар куәнің есебінен жүргізілген кезде адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу адвокат пен көмекке жүгінген адам арасында жасалған жазбаша келісіммен белгіленеді. Шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады (Ерекше бөлімдегі ҚР АК-нің 33-тарауы «Ақылы қызмет көрсету»). Заң көмегін көрсету туралы шарттың бір данасы шарт жасалған адамға беріледі.
Шарттың елеулі талаптары мыналар болып табылады: 1) қорғаушы немесе өкіл ретінде тапсырманы орындауға қабылдаған адвокаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) не адвокаттық кеңсенің атауы және т.б. көрсетілуі; 2) адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысанының және тапсырманы қабылдаған адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының көрсетілуі; 3) тапсырманың мәні; 4) көрсетілетін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібі және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты адвокат шығыстарын өтеу тәртібі; 5) шартты бұзу тәртібі мен талаптары. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшерін істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты белгілейтін шарттарға немесе адвокаттың өндіріп алынған соманың бір бөлігін алуы көзделетін шарттарға жол берілмейді. Адвокаттың немесе адвокаттық кеңсенің заң көмегіне, оның ішінде ауызша заң консультацияларына ақы төлеу есебіне және тапсырманы орындауға байланысты шығыстарға тиісті қаржылық құжат бермей қолма-қол ақша алуға жол берілмейді («Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 47-бабы).
Екінші жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылған кезде адвокат көрсететін заң көмегінің әртүрлі түрлеріне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстарын өтеу қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қаулылары бойынша бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бұл ретте адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысымен бекітілген.
Мұндай жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және оған тиісті шығыстарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығымен бекітілген Адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында белгіленген (сондай-ақ 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 «Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы» ҚР Жоғарғы Соты НҚҚ-ның 1, 3–7, 16–17-тармақтарын қараңыз).
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің аталған қағидаларына сәйкес, оларды толық келтіру орынды, аумақтық әділет органы адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуді және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың адвокаттар алқасы ұсынған адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінім негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасасқан адвокаттарға жүргізеді (3-тармақ).
Өтінімді адвокаттар алқасы адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген өтініші негізінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып жасайды:
адвокаттар көрсеткен құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмыс актілері, олар тізілім негізінде жасалады және онда: адвокаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде); тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың саны; ауызша немесе жазбаша заң консультацияларының саны; құқықтық сипаттағы жасалған жазбаша құжаттардың саны; заң көмегін көрсету сағаттарының жалпы саны; адвокаттың қолы көрсетіледі;
қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) адвокат тағайындау туралы қаулылары, азаматтық істер бойынша соттардың ұйғарымдары;
қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ азаматтық істерді қарауға уәкілетті соттардың адамды заң көмегіне ақы төлеуден және қорғауға немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төленуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда: қаулы шығарған адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде); істің атауы, қаулы шығарылған күн; заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның жеке басы туралы деректер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы және адам жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты не адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабы; қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау орнына жеткізу не әкімшілік ұстап алу немесе күштеп әкелу); күдіктінің, айыпталушының әрекеттерін қайта саралау күні; заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату негіздері; адвокаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні, адвокаттың қорғау (өкілдік ету) жөніндегі өкілеттігін куәландыратын деректер; адвокат қатысқан процестік әрекеттерді жүргізу орны, күні, басталу және аяқталу уақыты; адвокаттың қатысуымен тағайындалған процестік әрекеттің басталуын немесе ол кейінге қалдырылған жағдайда процестік әрекеттің жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер мұндай фактілер орын алса), күні мен уақыты көрсетіле отырып; сот отырысының басталуын немесе ол кейінге қалдырылған жағдайда сот отырысының жалғасуын күту уақытының ұзақтығы; адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы; процестің кез келген сатысында қылмыстық немесе азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, оның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, қорғаушы мен оның қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілген процестік әрекеттердің хаттамаларымен, қорғауындағы адамға ұсынылған немесе ұсынылуға тиіс құжаттармен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу уақытының ұзақтығы; адвокаттың қорғауындағы адамға қорғау бағытын әзірлеу және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы; процестік келісім жасасу мәселесін талқылауға, адвокаттың арыздарды, өтінішхаттарды, процестік келісімдерді, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдерді, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды, жеке апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарға қарсылықтарды, бітімгершілік келісімдерді, медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімдерді немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімдерді, қорғауындағы адамның мүддесі мен құқықтарын қорғау үшін азаматтық талап қоюға (талап арызға) пікірді (қарсылықты), сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулерді жасауға адвокат жұмсаған уақыттың ұзақтығы; адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге баруына байланысты іссапардағы жұмыс күндерінің саны; адвокат мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының толық атауы және банктік деректемелері;
азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамды заң көмегіне ақы төлеуден және қорғауға немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төленуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда: соттың атауы, ұйғарым немесе қаулы шығарған судьяның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде); істің атауы, орны және қаралған күні; заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату негіздері; адвокаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні, адвокаттың қорғау (өкілдік ету) жөніндегі өкілеттігін куәландыратын деректер; адвокат қатысқан процестік әрекеттердің басталу және аяқталу күні мен уақыты; адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы; адвокат қатысқан сот отырыстарының күні мен ұзақтығы; сот отырысының басталуын немесе ол кейінге қалдырылған жағдайда сот отырысының жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде); сенім білдірушінің мүддесі үшін адвокаттың арыздарды, өтінішхаттарды, талап арызға пікірді (қарсылықты), жеке, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарға қарсылықтарды, бітімгершілік келісімдерді, медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімдерді немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімдерді, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулерді жасау уақытының ұзақтығы; адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге баруына байланысты іссапардағы жұмыс күндерінің саны; адвокат мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының толық атауы және банктік деректемелері көрсетіледі (4-тармақ).
Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты адвокаттың іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен Заңға сәйкес өтелуге жатады (5-тармақ).
2-тармақтың ережелерінде көрсетілген жағдайларда адвокаттың нақты іс бойынша қатысқаны үшін бюджет қаражаты есебінен төленуге жататын сома Адвокаттар алқасы тарапынан мынадай уақытты ескере отырып есептеледі:
- процестік әрекеттің немесе сот отырысының басталуын күту уақыты, егер адвокат осы уақытта басқа істерге қатыспаса, тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытқа адвокаттың келген сәтінен бастап есептеледі;
- процестік әрекеттің, сот отырысының басқа уақытқа немесе басқа күнге кейінге қалдырылуына байланысты оның жалғасын күтетін уақыт, бірақ бір күннен аспайтын мерзімде, егер адвокат осы уақытта басқа тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпесе;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе қылмыстық іс сотқа келіп түскеннен кейін, бірақ істі басты сот талқылауында қарағанға дейін, сондай-ақ азаматтық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында, оның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, қорғаушы мен оның қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілген процестік әрекеттердің хаттамаларымен, оның қорғауындағы адамға ұсынылған немесе ұсынылуға тиіс болған құжаттармен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу уақыты;
- үйқамақта отырған немесе қамауда ұсталып отырған қорғауындағы адамға қорғау ұстанымын әзірлеу немесе іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру мақсатында бару уақыты. Бұл уақыт адвокаттың қорғауындағы адаммен кездесуге шақыру талонын тапсырған сәтінен бастап, қорғауындағы адамға барғаны туралы тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан анықтама алғанға дейін есептеледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң көмегін көрсету үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамға адвокаттың бару уақыты. Бұл уақыт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 63 дсп бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне келушілерді есепке алу журналына тіркелген сәттен бастап (Қазақстан Республикасының НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 12 мамырда № 5120 болып тіркелген) адвокаттың сотталған адаммен кездескені туралы тиісті мекеменің анықтамасын алғанға дейін есептеледі;
- әкімшілік тәртіппен ұсталған қорғауындағы адамға қорғау ұстанымын әзірлеу немесе іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру мақсатында бару уақыты;
- сенім білдірушінің мүддесі үшін арыздарды, өтінішхаттарды, талап қою арызына пікірді (қарсылықты), жеке, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарға қарсылықтарды, бітімгершілік келісімдерді, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулерді жасау уақыты.
Күдіктімен немесе айыпталушымен, сондай-ақ әкімшілік тәртіппен ұсталған, күштеп әкелінген, ішкі істер органына (полицияға) жеткізілген адаммен кездескен кезде адвокаттың жұмыспен қамтылу ұзақтығы тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша айқындалады (7-тармақ).
Адвокат нақты іс бойынша заң көмегін басқа елді мекенге барып көрсеткен жағдайда, егер ол осы күні басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, процестік әрекеттердің, іс бойынша сот талқылауының ұзақтығына қарамастан, толық жұмыс күні үшін ақы төленеді (8-тармақ).
Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам тағайындалған адвокаттан бас тартқан жағдайда, адвокаттың іс жүргізудің кез келген сатысында іс материалдарымен танысуға, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге, оның ішінде адвокаттың арыздарды, өтінішхаттарды, талап қою арызына пікірді (қарсылықты), жеке, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарға қарсылықтарды, бітімгершілік келісімдерді, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді сенім білдірушінің мүддесі үшін жасауға, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасауға, мұндай бас тартуды процестік тұрғыдан ресімдеуге жұмсаған уақыты, сондай-ақ адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады (9-тармақ).
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатыларында қорғауға және өкілдік етуге байланысты адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және оның шығыстарын өтеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және шығарылған күні оған табыс етіледі не жіберіледі, ал тапсырманы орындау ұзақтығы бір айдан асқан жағдайда — әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамға көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу туралы қаулы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және шығарылған күні оған табыс етіледі не жіберіледі. Аталған қаулы адвокаттың өтініші бойынша үкім жарияланғаннан кейін де қабылдануы мүмкін. Сот қарайтын қылмыстық іс бойынша сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға әрі өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және үкім шығарылған немесе өзге де сот актісі қабылданған күні оған табыс етіледі не жіберіледі. Үздіксіз сот талқылауының ұзақтығы бір айдан асқан айрықша жағдайларда соттың қаулысы ай сайын шығарылады. Азаматтық іс бойынша заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ұйғарым адвокаттың өтініші негізінде өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және шығарылған күні оған табыс етіледі не жіберіледі. Нақты іс бойынша қаулының немесе ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына қоса тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не жіберіледі, үшінші данасы шығарылғаннан кейінгі күннен кешіктірілмей Адвокаттар алқасына жіберіледі. Көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға әрі өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақытының, сондай-ақ іссапар шығыстарының егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі үшін адвокат Заңға сәйкес жауаптылықта болады (10-тармақ).
Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша Адвокаттар алқасы есепті айдан кейінгі айдың 7-күніне дейін, ал желтоқсан айы үшін — 15 желтоқсаннан кешіктірмей, Ережелердің 5-тармағының 1)—4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімді аумақтық әділет органына жібереді (11-тармақ).
Аумақтық әділет органы Адвокаттар алқасының өтінімінің қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша адвокаттар орындаған жұмыстың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінісі және төленетін сомалары көрсетілген салыстыру актісін ай сайын еркін нысанда жасайды және адвокаттарға төленуге жататын сомаларды заң көмегінің түрлері мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаттары бойынша бөле отырып, Адвокаттар алқасының шотына есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін — есепті айдың 20-күнінен кешіктірмей аударады. Адвокаттар алқасының өтінімінде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Ережелердің 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы арифметикалық және өзге де қателерді, жаңсақ жазуларды түзету үшін оларды Адвокаттар алқасына қайтарады (12-тармақ).
Адвокаттарға төленуге жататын қаражатты ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кейін Адвокаттар алқасы ұсынған өтінім бойынша қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (13-тармақ).
Қорғаушыны іске жіберу туралы акт маңызды мән-жай болып табылады. Адвокатты іске қатысуға жіберу қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушының УПК-нің 70-бабында көрсетілген өкілеттіктерін түсіндіруі туралы мәліметтер көрсетілген қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Адвокаттың нақты істі жүргізу жөніндегі өкілеттіктері заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі беретін ордермен, ал заңды тұлға құрмай, жеке-дара қызметін жүзеге асырған кезде — адвокаттар алқасы президиумымен куәландырылады. Ордердің нысанын уәкілетті орган бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылауды және есепке алуды адвокаттар алқасының президиумы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа, адвокат адвокат куәлігін де ұсынуға міндетті. Адвокат куәлігінің нысаны мен оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарт негізінде өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттіктері оның жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету жөніндегі өкілеттіктерін куәландыратын құжаттармен расталады. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ қабылдаған тапсырмасын орындау үшін қажет болған және тиісті мемлекеттердің заңнамасына әрі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмеген жағдайда, оның шегінен тыс жерлерде де адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы (2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 46-бабы, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін осы редакцияда қолданыста болған). Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, қорғауға құқығы бар куәнің жұбайын (зайыбын), жақын туыстарын немесе заңды өкілдерін қорғаушы ретінде іске қатыстыру мәселесін шешу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органдар олардан УПК-нің 68-бабының 8-бөлігінде көрсетілген құжаттарды: неке қию туралы куәлікті, туу туралы куәлікті, жеке басын куәландыратын құжаттарды және тағы басқаларын ұсынуды талап етуге міндетті.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 46-бабына сәйкес адвокаттың нақты істі жүргізу жөніндегі өкілеттіктері тек қана адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама негізінде расталуға тиіс. Адвокаттың нақты істі жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Адвокат куәлігінің нысаны мен оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекітеді. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламада қорғауға (өкілдік етуге) жататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), өкілдік етілетін заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заң көмегін көрсету туралы шарттың жасалған күні мен тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға қорғауды (өкілдік етуді) жүзеге асыратын адвокат қол қоюға тиіс. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нысанын, оның ішінде оған енгізілетін өзге де мәліметтердің тізбесін Республикалық адвокаттар алқасы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға дәйексіз мәліметтер енгізгені үшін адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Күдіктімен немесе айыпталушымен, сондай-ақ әкімшілік тәртіппен ұсталған, күштеп әкелінген, ішкі істер органына (полицияға) жеткізілген адаммен кездескен кезде адвокаттың жұмыспен қамтылу ұзақтығы тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша айқындалады (7-тармақ).
Адвокат нақты іс бойынша заң көмегін басқа елді мекенге барып көрсеткен жағдайда, егер ол осы күні басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, процестік әрекеттердің, іс бойынша сот талқылауының ұзақтығына қарамастан, толық жұмыс күні үшін ақы төленеді (8-тармақ).
Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам тағайындалған адвокаттан бас тартқан жағдайда, адвокаттың іс жүргізудің кез келген сатысында іс материалдарымен танысуға, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге, оның ішінде адвокаттың арыздарды, өтінішхаттарды, талап қою арызына пікірді (қарсылықты), жеке, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарға қарсылықтарды, бітімгершілік келісімдерді, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді сенім білдірушінің мүддесі үшін жасауға, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасауға, мұндай бас тартуды процестік тұрғыдан ресімдеуге жұмсаған уақыты, сондай-ақ адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады (9-тармақ).
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатыларында қорғауға және өкілдік етуге байланысты адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және оның шығыстарын өтеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және шығарылған күні оған табыс етіледі не жіберіледі, ал тапсырманы орындау ұзақтығы бір айдан асқан жағдайда — әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамға көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу туралы қаулы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және шығарылған күні оған табыс етіледі не жіберіледі. Аталған қаулы адвокаттың өтініші бойынша үкім жарияланғаннан кейін де қабылдануы мүмкін. Сот қарайтын қылмыстық іс бойынша сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға әрі өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және үкім шығарылған немесе өзге де сот актісі қабылданған күні оған табыс етіледі не жіберіледі. Үздіксіз сот талқылауының ұзақтығы бір айдан асқан айрықша жағдайларда соттың қаулысы ай сайын шығарылады. Азаматтық іс бойынша заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ұйғарым адвокаттың өтініші негізінде өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және шығарылған күні оған табыс етіледі не жіберіледі. Нақты іс бойынша қаулының немесе ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына қоса тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не жіберіледі, үшінші данасы шығарылғаннан кейінгі күннен кешіктірілмей Адвокаттар алқасына жіберіледі. Көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға әрі өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақытының, сондай-ақ іссапар шығыстарының егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі үшін адвокат Заңға сәйкес жауаптылықта болады (10-тармақ).
Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша Адвокаттар алқасы есепті айдан кейінгі айдың 7-күніне дейін, ал желтоқсан айы үшін — 15 желтоқсаннан кешіктірмей, Ережелердің 5-тармағының 1)—4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімді аумақтық әділет органына жібереді (11-тармақ).
Аумақтық әділет органы Адвокаттар алқасының өтінімінің қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша адвокаттар орындаған жұмыстың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінісі және төленетін сомалары көрсетілген салыстыру актісін ай сайын еркін нысанда жасайды және адвокаттарға төленуге жататын сомаларды заң көмегінің түрлері мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаттары бойынша бөле отырып, Адвокаттар алқасының шотына есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін — есепті айдың 20-күнінен кешіктірмей аударады. Адвокаттар алқасының өтінімінде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Ережелердің 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы арифметикалық және өзге де қателерді, жаңсақ жазуларды түзету үшін оларды Адвокаттар алқасына қайтарады (12-тармақ).
Адвокаттарға төленуге жататын қаражатты ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кейін Адвокаттар алқасы ұсынған өтінім бойынша қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (13-тармақ).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме, авторы — Қоғамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Ережелер Жолдаулар