247-бап. Сот шешiмiн орындауды бұру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Заңды күшіне енген, толық немесе бір бөлігінде орындалған бірінші сатыдағы сот шешiмiнің, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот қаулысының күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған жағдайда талап қоюшыдан күшi жойылған шешiм бойынша ол алғанның барлығы өндiрiп алынады (шешiмнiң орындалуын бұру).
2. Шешiмнiң орындалуын бұру орындалған сот шешімі толық немесе бір бөлігінде күшін жойған және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым немесе талапты қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылған жағдайда да жүргізіледі.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы